"2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 504 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 мамырдағы N 267 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 6 маусымдағы N 6994 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 365 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 25.07.2013 № 365 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6572 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 5 қарашада № 457-548 (26301) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрығымен бекітілген, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке жазылған және 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдар сомасын есептен шығару ережесінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттері 2011 жылдың 1 шілдеден кешіктірмей осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық төлеушілердің қимасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне есеп тапсырады.».
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады