Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 25.07.2013 № 365 бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Банктер мен банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық қызметі органдарымен өзара қарым-қатынасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5439 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 13 (1436) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Министр Б. Жәмішев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банк Төрағасы
__________ Г. Марченко
20__ ж. «___»________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 209 бұйрығына
1-қосымша
ЕСЕПТІ ТОҚСАН ІШІНДЕ ШАРТТЫ БАНК
САЛЫМДАРЫНДАҒЫ АҚША ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
(қағаз мәтінінен қараңыз)
ЕСЕПТІ ТОҚСАН ІШІНДЕ ШАРТТЫ БАНК
САЛЫМДАРЫНДАҒЫ АҚША ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕПКЕ ҚОСЫМША
(А, B, C, D, E, F, G, H парақтарын қағаз мәтінінен қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 209 бұйрығына
2-қосымша
БАНК СЫЙАҚЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІНЕ ЖАЗЫЛҒАН
СОМАЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
(қағаз мәтінінен қараңыз)