Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 25.07.2013 № 365 бұйрығымен.
БҰЙРАМЫН:
1. «2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген салықтық құқық бұзушылықтар, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл сомаларын есептен шығару ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6574 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 5 қарашада № 457-548 (26301) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрығымен бекітілген, 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген салықтық құқық бұзушылықтар, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл сомаларын есептен шығару ережелерінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Салық департаменттері 2011 жылдың 1 шілдеден кешіктірмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне осы Ережелерге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеушілердің дербес шоттарынан айыппұл сомаларын есептен шығару туралы есеп тапсырады.».
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев