"Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 38 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 588 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 38 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 20 қаңтарда № 5559 тіркелді, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1465) жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә. Жұмаділдаев) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрі                                     Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады