"Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды кешенді оңалту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 581, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 961, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 399-ө бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 190-ө-м, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 202, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 314 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды кешенді оңалту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 581, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 961, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 399-ө бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6742 болып тіркелген. 2011 жылғы 14 мамырдағы № 196-199 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      2. Әлеуметтік көмек департаменті (Н.А. Крюкова) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
      3. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдардың біреуінің соңғы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                   Б.Жұмағұлов

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                   С.Қайырбекова

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі                  С.Әбденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады