"Білім беру ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ақылы негізде ұсынуына арналған үлгі шарттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 21 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 253 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Білім беру ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ақылы негізде ұсынуына арналған үлгі шарттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 21 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5136 нөмірмен тіркелген, «Юридическая газета» газетінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 184 (1584) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігіне жіберсін;
      2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.К. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    Б.Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады