"Авиациялық оқиғаларды болдырмау үшін ең мүдделі және міндетті тексеруге жататын Инциденттер тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 368-I бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 908 бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Авиациялық оқиғаларды болдырмау үшін ең мүдделі және міндетті тексеруге жататын Инциденттер тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 368-I бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тіркеу реестірінде № 3157 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы (Н.Т. Аққұлов) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     А.Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады