"Қазақстан Республикасының террористік қатынастарға бейім объектілерінің тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 158 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 04 желтоқсандағы № 526 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының террористік қатынастарға бейім объектілерінің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 158 бұйрығының (2011 жылғы 25 наурызда № 1 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6341 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері таныстырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталық штабы бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми жариялау көздеріне жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Комитет Төрағасы                               Н. Әбіқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады