Қазақстан Республикасының Террористік қатынастарға бейім объектілерінің тізімін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 158 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6341 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 04 желтоқсандағы № 526 бұйрығымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 04.12.2013 № 526 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының террористік қатынастарға бейім объектілерінің тізімі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталық штабы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу және оның заңмен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны алғаш рет ресми жариялаған соң он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Комитет Төрағасы                                Ә. Шаяхметов

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 
Төрағасының        
2010 жылғы 25 маусымдағы  
№ 158 бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасының террористік қатынастарға бейім объектілерінің тізімі

      1. Ядролық және/немесе радиациялық қауіпті объектілер:
      атомды энергетикалық кешендер;
      зерттеу реакторлары;
      ядролық жанармай мен ядролық қалдықтарды уақытша және ұзақ уақыт сақтайтын орындар;
      ядролы энергетикалық қондырғылары бар ғылыми зерттеу ұйымдары.
      2. Химиялық қауіпті объектілер:
      химиялық өндіріс кәсіпорындары;
      мұнай химиялық және мұнай өңдейтін өндіріс кәсіпорындары;
      целлюлоза-қағаз өндірістерінің кәсіпорындары;
      тағам өндірісі кәсіпорындары (салқын комбинаттардағы аммиак қорларының қоймасы);
      коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары (сумен қамтамасыз ету және хлорды техникалық процесте пайдаланумен ағынды суды тазалау объектілері).
      3. Биологиялық қауіпті объектілер:
      аса қауіпті инфекция қоздырғыштарын өндіретін кәсіпорындар (оба, тырысқақ, сібір жарасы, сары ауру, маңқа және табиғи шешек);
      қауіпті инфекциялық ауруларды өндіретін кәсіпорындар (кене шағуы, сіреспе, іш сүзек және басқалар);
      аса қауіпті инфекциялар мен қауіпті инфекциялық аурулар қоздырушыларын пайдаланушы кәсіпорындар.
      4. Техногенді-қауіпті объектілер:
      жылу және гидроэлектр станциялары;
      орталық диспетчерлік басқару бекеттері мен энергожүйенің торапты аралық станциялары;
      әуе қозғалыстарына қызмет көрсету (басқару) орталықтары;
      республикалық және облыстық мәні бар әуежайлар мен аэродромдар;
      темір жол станциялары мен ірі темір жол тораптары;
      ақпараттық есептеу орталықтары, темір жол көліктерін диспетчерлік басқарудың байланыс тораптары мен орталықтары;
      кемелер жүзетін тоғандар;
      теңіз және өзен порттары;
      стратегиялық магистралдарда орналасқан көпірлер мен туннельдер;
      зымыранды-ғарыштық және авиациялық кешен кәсіпорындары;
      ірі су қоймаларының бөгеттері;
      дамбалар, өндірістік кәсіпорындардың сұйық қалдықтарын сақтайтын қоймалар (кең байыту фабрикаларының артқы сақтау орындары және басқалар).
      5. Өрт-қауіпті жарылғыш объектілер:
      мұнай шығаратын және мұнай өңдейтін зауыттар;
      теңіз мұнай және газ скважиналары мен теңіз мұнай құятын терминалдар;
      газ өңдейтін зауыттар және 2000 тоннадан асатын мөлшерде сұйытылған көмір сутегін сақтайтын газ толтыратын станциялар;
      титанды магний зауыттары (комбинаттары);
      қару жарақты, әскери техникаларды және жарылғыш заттарды сақтау, жөндеу, кәдеге жарату мен ұқсату орындары;
      газгольдерлі, кислородты станциялар мен қондырғылар;
      магистралды газды және мұнай өнімдері өткізгіштері.
      6. Мемлекеттік басқару, қаржы несиелік, ақпараттық және телекоммуникациялар объектілері:
      мемлекеттік басқару органдары мен басқару органдарының орналасу объектілері;
      шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдардың өкілдіктері;
      Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін басқару ұйымдары және бағалы металдар мен тастарды, қорғалған полиграфты өнімдерді өндіру, қайта өңдеу, айналымға салу мен сақтау ұйымдары;
      телерадиокөрсетілімдер ұйымдары мен жаппай коммуникациялық құралдар, телефон, теледидар, радио байланыс және хабар жеткізу тораптары;
      республикалық деңгейдегі мемлекеттік мұрағаттар.
      7. Адамдардың жаппай жиналу объектілері:
      500 ш.м. және одан көп сауда алаңындағы бөлшек сауда объектілері, 100 орынды және одан көп қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, базарлар, сауда орталықтары мен кешендер;
      санаторий-курорттық ұйымдар, пансионаттар, демалыс үйлері, туристік базалар;
      концерт залдары, спорттық және бір уақытта 200 және одан көп келушілер келетін өзге де қоғамдық ғимараттар;
      оқу орындары мен денсаулық сақтау ұйымдары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады