"Энергетикалық сараптаманы жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 214 бұйрығының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 04 қарашадағы № 343 бұйрығы

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мынадай:
      1) «Энергетикалық сараптаманы жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 214 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2004 жылғы 22 қыркүйекте № 3089 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені» журналында 2004 жылы жарияланған, № 41–44, 1035-құжаттар);
      2) «Энергетикалық сараптаманы өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 214 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2005 жылғы 2 ақпандағы № 23 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2005 жылғы 1 наурызда № 3471 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені» журналында 2005 жылы жарияланған, № 9–13, 34-құжаттар);
      3) «Энергетикалық сараптаманы жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 214 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi міндетін атқарушының 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 313 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылғы 22 қыркүйекте № 7195 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 24 қыркүйекте № 308–309 (26699-26700) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментi (С.Қ. Есімханов) бiр апталық мерзiмде осы бұйрықтың көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жiберсiн және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Қазақстан Республикасының Индустрия
      және жаңа технологиялар министрі           Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады