«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз:
1. «Химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрiнiң 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 153, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 233, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 146, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 102-п, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 228, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрiнiң 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 176, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрiнiң 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 102-п, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 87, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 124 бірлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 5222 тiркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 21 мамырдағы № 89 (1489) жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.А. Қасымбеков) бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары–
Индустрия және жаңа
технологиялар министрі
Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрi Денсаулық сақтау министрi
А. Мамытбеков С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты Көлік және коммуникация министрi
әлеуметтік қорғау министрi А. Жұмағалиев
Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су Мұнай және газ министрi
ресурстары министрi Ұ. Қарабалин
Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрi Iшкi iстер министрi
В. Божко Қ. Қасымов