Химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы» 28 сәуірдегі N 153, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 233, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы»10 сәуірдегі N 146, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2008 жылғы»24 сәуірдегі N 102-ө, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 228, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 176, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі N 102-ө, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 87, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі N 124 Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5222 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 359, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 746, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 966, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 234, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 762, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 4-4/688, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 686-ө, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 370-ө және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 11 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 15.11.2013 № 359, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.12.2013 № 746, ҚР Көлік және коммуникация министрінің 30.11.2013 № 966, ҚР Мұнай және газ министрінің 11.12.2013 № 234, ҚР Ішкі істер министрінің 31.12.2013 № 762, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2013 № 4-4/688, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.12.2013 № 686-ө, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 05.12.2013 № 370-ө және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 17.01.2014 № 11 бірлескен бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ :

      1. Қоса берілген химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нормалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі
      __________Б. Мұхамеджанов

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      _____________А. Дерновой

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және сауда
      министрінің міндетін атқарушы
      _______________Е. Мамытбеков

      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау министрі
      _______________Н. Ысқақов

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ______________А. Күрішбаев

      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация министрі
      ______________ С. Ахметов

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі
      _______________ Б. Сапарбаев

      Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар министрі
      _______________ В. Божко

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі
      _______________ С. Мыңбаев

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің    
2008 жылғы 28 сәуірдегі N 153 

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі N 233

Қазақстан Республикасы  
Индустрия және сауда министрінің
2008 жылғы 10 сәуірдегі N 146

Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрінің  
2008 жылғы 24 сәуірдегі N 102-ө

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2008 жылғы 14 сәуірдегі N 228 

Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2008 жылғы 18 сәуірдегі N 176

Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2008 жылғы 22 сәуірдегі N 102-ө

Қазақстан Республикасы    
Төтенше жағдайлар министрінің
2008 жылғы 25 сәуірдегі N 87 

Қазақстан Республикасы Энергетика 
және минералдық ресурстар министрінің
2008 жылғы 22 сәуірдегі N 124 
бірлескен бұйрығымен бекітілген 

Химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нормалар

      1. Осы химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі нормалар (бұдан әрі - нормалар) "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру мақсатында әзірленген.

      2. Осы нормалардың мақсаты химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде адамды және оның денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Осы нормалардың талаптары меншік нысанына қарамастан химиялық өнімнің өндірушілері мен тұтынушыларына қатысты болады.

      4. Осы нормаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Заңда қолданылатын негізгі түсініктерге сәйкес.

      5. Мына:

      1) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес;

      2) белгіленген тәртіпте бекітілген химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесіне сәйкес тіркелмеген;

      3) техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес емес химиялық өнім өндіруге және қолданылуға жіберілмейді.

      6. Тіркелген химиялық өнімді Қазақстан Республикасының аумағында өндіру және қолдану (қызметтің жекелеген түрлері үшін) химиялық өнімді өндіруге және қолдануға (қызметтің жекелеген түрлері үшін) арналған лицензия болған кезде рұқсат етіледі.

      7. Химиялық өнімді өндіру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өндіруші бекіткен нақты химиялық өнімге арналған нормативтік және/немесе техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Химиялық өнімнің сипаттамалары мен онымен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мазмұны Заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспортында көрсетіледі.

      8. Химиялық өнімді өндіру және оны қолдану кезінде мыналарды:

      1) химиялық өнімді өндірумен және қолданумен байланысты қауіптерді барынша азайтатын технологиялар мен жабдықтарды, еңбек тәсілдері мен әдістерін таңдауды;

      2) химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде пайдаланылатын техникалық қорғау құралдарын пайдалануды және тиісінше күтіп ұстауды;

      3) қажетті біліктілігі бар, химиялық өніммен қауіпсіз жұмыс шараларына оқытылған персоналдың болуын;

      4) жеке гигиена құралдарының, санитарлық құралдардың, сондай-ақ дара құралдарының, арнайы киімнің болуын;

      5) персоналдың химиялық өнімнің қауіпсіздік шаралары жөніндегі білімін тексеруді, апатты жағдайлардың алдын алу тәсілдерін пысықтауды және оларды жоюдың қажетті құралдарымен жарақтандыруды;

      6) жұмыс істейтін персоналға арналған химиялық өнімді өндірумен және қолданумен байланысты тікелей немесе ықтимал қауіп туралы сақтандыру белгілерін қолдануды;

      7) экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауды көздейтін қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілуі тиіс.

      9. Микроклиматқа, жарыққа, шу деңгейлеріне, дірілге химиялық өнімді өндіру немесе қолдану кезіндегі жұмыс аймағының ауасындағы зиянды факторлардың мөлшеріне қойылатын талаптар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы  қолданыстағы заңнама талаптарына, сондай-ақ қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келуі тиіс.

      10. Пайдаланылатын шикізаттар, материалдар мен реактивтер қолданыстағы нормативтік және/немесе техникалық құжаттамаға сәйкес бақылануы тиіс және тек белгіленген талаптарға сәйкес химиялық өнім өндірісі үшін пайдаланылуы мүмкін.

      11. Шикізат, материалдар, реактивтер және дайын өнім таңбалануы керек және сақтаудың регламенттелген уақыты ішінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін талаптарды сақтай отырып, әрі араласуы мен ластануын болдырмайтын арнайы орындарда сақталуы қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады