"Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 185-НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 14 наурыздағы № 82-нқ бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы  Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызметтердi көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 185-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2014 нөмірімен тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің 2002 жылғы бюллетенінде № 47 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің әкімшілік жұмыс департаменті (С.П. Базарбаев):
      - осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      - осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      - оны Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                     М.Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады