"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 602 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 272 бірлескен бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 684 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 10/НҚ бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 602 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 272 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7971 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 31 қазанда № 710-716 (27788); 2012 жылғы 12 желтоқсанда № 818-823 (27894) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау                     Өңірлік даму
      министрінің міндетін атқарушы        министрі
      _______________ Е. Байжүнісов        ______________ Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады