Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды ден тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрайымының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 223 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің мынадай:
      1) "Бальнеотерапевтiк емшара жүргiзетiн бөлiмдердiң (кабинеттердiң) құрылымына және оларды пайдалану барысында қойылатын санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы бағытталған талаптар" санитарлық ережелерi мен нормаларын бекiту туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі № 26 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12927 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 39, 701-құжат);
      2) "Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына және сату мерзіміне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" 2002 жылғы 1 тамыздағы N 32 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13295 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 41-42, 724-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ұйымдастыру-құқықтық және кадр жұмысы басқармасы бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Комитет төрайымы -
      Қазақстан Республикасының
      Бас мемлекеттік
      санитарлық дәрігері                           А. Есмагамбетова
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады