Ескерту. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрайымының 10.09.2013 № 223 бұйрығымен.
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сүйене отырып төмендегi көрсетiлген тармақтарды орындауды, БҰЙЫРАМЫН: Қараныз K090193
1. Қосымша берiлген 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 3.01.085.02 "Бальнеотерапевтiк емшара жүргiзетiн бөлiмдердiң (кабинеттердiң) құрылымына және оларды пайдалану барысында қойылатын санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы бағытталған талаптар" санитарлық ережелерi мен нормалары бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркеуге қойылып, алғашқы ресми түрде баспадан шыққан күннен он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Бас дәрігер
КЕЛIСIЛГЕН
Қазақстан Республикасы экономика
және сауда Министрлiгiнiң құрылыс
iстерi жөнiндегі Комитеттiң төрағасы
2002 жылғы 11 шілде
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк санитарлық
Бас дәрiгерiнiң
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 26 бұйрығымен
"Бальнеотерапевтiк емшара жүргiзетiн бөлiмдердiң
(кабинеттердiң) құрылымына және оларды пайдалану барысында қойылатын санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы
бағытталған талаптар" санитарлық ережелерi мен нормалары
1. Жалпы ереже
1. Осы санитарлық ережелер мен нормалар (әрi қарай - санитарлық ережелер) бальнеотерапевтiк емшараларды жүргiзу барысында санитарлық-гигиеналық жағдайларды қалыптастыруды нысана етiп, емдеу-сауықтыру iс-әрекетiмен айналысушы жеке және заңды тұлғаларға арналады.
2. Осы санитарлық ережелер талаптарын табиғи немесе қолдан преформаландырылған минералды су жасап оны емдеу-сауықтыру мақсатында қолданатын барлық жаңадан салынып, құрылысы қайта жаңартылып жатқан және қазiргi кезде жұмыс бабында пайдалануда жүрген бөлiмшелер мен кабинеттерде орындау мiндет.
3. Осы санитарлық ережелер мен нормаларды орындау жауапкершiлiгi, меншiк түрiне қарамастан, емдеу-сауықтыру iс-әрекетiмен айналысушы шаруашылық жүргiзетiн субъектiлердiң бiрiншi басшыларына жүктеледi.
4. Осы санитарлық ережелер мен нормаларды әзiрлеу барысында келесi терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) балнеологиялық бөлiм (кабинет) - емдеу мақсатында адам денесiнiң сыртына және iшiне жiберу арқылы минералды суды пайдаланатын емдеу-профилактикалау, санаторлық-сауықтыру ұйымдарындағы бөлiмше;
2) зарарсыздандырғыш ерітiндiлер - қоршаған ортаның объектiлерiндегi жұқпалы (паразитарлық) аурулардың қоздырғыштарын жоюға қолданатын зарарсыздандыратын дәрмектердiң ерітiндiсi;
3) минералды сулар құрамында биологиялық, белсендi компоненттер мен ерекше физикалық-химиялық (температурасы, химиялық құрамы, радиоактивтiгi бар) қасиеттерi бар соның салдарынан адам организмiне емдiк әсер ететiн жер (жер бетiнде де) астынан алынатын су;
4) сифондық тазалау - минералды суды iш қуысына енгiзгенде сифонды әдiспен жүргiзiлетiн емшаралық iс-әрекет.
2. БАЛЬНЕОТЕРАПЕВТIК YЙ-ЖАЙЛАРFА ЖӘНЕ БАЛЬНЕОТЕРАПЕВТIК
КАБИНЕТТЕР МЕН БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ ҒИМАРАТТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН
САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР
5. Бальнеотерапевтiк бөлiмшелермен кабинеттердi орналастыру үшiн жер бөлiгiн таңдау, жаңа ғимараттың құрылысын салу жұмыс iстеп тұрған үй-жайды қайта жаңарту құрылыс нормалары мен ережелерiнiң (бұдан әрi - ҚНжЕ) талаптарына сай жүргiзiледi.
6. Бальнеотерапевтiк емшаралық бөлiмдердi (кабинеттердi) орналастыруға арналған үй-жайлардың мөлшерiне және орналасуына қойылатын талаптарды, емдеу-профилактикалау және сауықтыру ұйымдары үшiн қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге сай қолдану керек.
7. Бальнеотерапевтiк емшаралық бөлiмдердiң (кабинеттердiң) емдеу мүмкiндiгiн анықтағанда оның жобаланған қуатын еске алу керек.
8. Құрылысы салынып бiткен немесе құрылысы қайта қарастырылған бальнеотерапевтiк емшаралық бөлiмдердi (кабинеттердi) жұмыс бабында пайдалану, бекiтiлген заңнамалар тәртiбiне сай жүргiзiлуi керек.
9. Бальнеотерапевтiк емшаралық бөлiмдердi (кабинеттердi) арнайы немесе икемделген ғимараттардың жер үстiндегi қабаттарында болмаса табиғи жарық түсетiн цоколды қабаттарда орналастыруға болады. Емшаралық мақсатқа минералды суды қабылдап сақтау үшін бальнеологиялық құрылымдарды үйдiң жертөлесiнде орналастыруға болмайды.
10. Әртүрлi емшара жүргiзу үшiн, жүргiзiлетiн емшараның әр түрiне арналған бальнеотерапевтiк қондырғылары бар үй-жайлар бөлiнуi керек. Ұлтабарды шаятын жер мен, тiстi шаятын жер үшiн iш себезгiсi мен iшекке минералды сумен емшi лайдың қоспасын сифондық әдiспен жiбергенде, ол үшiн бiр үй-жайды қолдануға болмайды. Емшаралық кабинеттерде әрбiр кушетка (кресло) жеке кабиналарда орналасады.
Кабиналардың қабырғасы, белгiленген тәртiппен келiсiлген, көрiну мүмкiндiгi төмен қалың шыныдан немесе синтетикалық материалдан жасалады.
Кабиналардың арасын шектеу үшiн мақта-матадан және басқа да жұмсақ материалдардан жасалған арақабырғаны қолдануға болмайды. Емшаралық кушеткалардың астына керамикалық унитаздар қойылып немесе жуынды суды канализацияға қосатын жүйе қарастырылуы керек.
11. Резеңке трубкаларды, тыққыштарды, үштармақтарды жуу, қайнату, зарарсыздандыру үшiн құрылыс нормалары мен ережелерiне сай арнайы үй-жайды қарастыру керек.
12. Жұмыс бабында қолданылатын құрылғылар мен жиhаздардың техникалық паспорты болып, белгiленген тәртiпке сай, сапасына берiлген куәлiгi олардың осы мақсатқа арналғандығын растауы қажет.
13. Ішекке емшара жүргiзетiн үй-жайлардың қасында үш себезгi арқылы емдейтiн немесе емдi iшекке сифондық әдiспен жiбергенде қолданылатын әрбiр екi емшаралық кушеткаға бiр көзден келетiн дәретхана қарастырылуы керек. Әрбiр дәретхана бөлмесiнде бiр қолжуғыш раковина қарастырылып, электрлi қол кептiргiш немесе бiр рет қана пайдаланатын қолсүрткiштер болуы керек.
14. Бальнеотерапевтiк емшаралық бөлiмдерге (кабинеттерге) бөлiнген үй-жайларды осы емшараларға тiкелей қатысы бар бальнотехникалық құрылымдарға керектi сыйымдылық ыдыстарын орналастыру үшiн пайдалануға болады; Мұнда бальнеотерапевтiк емге қатысы жоқ қандай да болсын емшараларды жүргiзуге болмайды.
15. Бальнеотерапевтiк емшаралық бөлiмдердiң (кабинеттердiң) әрбiр бөлiмшелерiнде денсаулық сақтау саласының өкiлеттi органдары бекiткен, медицина қызметкерлерiне арналған өндiрiстiк санитария және емшараларды дұрыс жүргiзу туралы нұсқаулар iлiнуi керек.
3. МИНЕРАЛДЫ СУДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
16. Бальнеотерапевтiк емшара жүргiзу үшiн бөлiмдерге (кабинеттерге) минералдық суды тасымалдау белгiлi тәртiппен өкiлеттi органдардың келiсiмiмен су құбырлары немесе арнайы жабдықталған автоцистерналар, басқа да сыйымдылық ыдыстары арқылы әкелiнедi.
17. Бальнеотерапевтiк емшаралық бөлiмдерге (кабинеттерге) минералды суды, су құбырлары арқылы жеткiзгенде, олардың құрылысына қойылатын талаптар бальнеологиялық техниканы қолдану ережелерiне сай болуы керек. Мұндай жағдайда келесi талаптар орындалу керек:
1) құбырларды салу және құру жұмыстарын шаруашылық ауыз-су, су құбырларын салу және жұмыс iстетуде қолданылып жүрген құрылыстық нормалар мен ережелерге сәйкес жүргiзiлу керек;
2) минералды су тiк жазықтықта бұрмаламай, ал көлденеңiнде азғана бұрылыстары бар ең қысқа жолмен жеткiзiлуi керек;
3) минералды суды жеткiзетiн құбырларды салу үшiн, минералды судан және одан бөлiнетiн газдан тотығуға ұшырамайтын, судың құрамына әсер етпейтiн (шойыннан, тоттанбайтын болаттан, шыныдан жасалған) құбырлар қолданылуы керек;
4) жер бетiндегi атмосфералық және жер асты топырақтық сулардың әсерiнен сақтау үшiн жақсы оңашаланған жер астылық галереялар (жабық, өтетiн, жартылай өтетiн) су құбырларын салу ұсынылады;
5) су құбырларының құрылымы кезеңдi тексеру мен жөндеу үшiн олардың тез және ыңғайлы өшiрiлу мүмкiндiгiн кепiл ету керек;
6) су құбыры барлық диаметрi бойынша толу керек және суда ерiтiлген газға байланысты су қысымда болу керек;
7) су құбырлары су өткiзбейтiндей болу керек, құбырларды су өткiзбеушiлiгi қысым бойынша (4 атмосферадан төмен емес) гидравликалық сынау жолымен, жылына бiр рет тексерiп отыруы керек;
8) крандары, вентильдерi және ысырмалары қалайылы қоладан, теңiздiк жезден, тоттанбайтын болаттан жасалып, қайыстан жасалған аратөсемдер мен клапандар болмауы керек. Тағамдық резеңкеден жасалған аратөсемдер рұқсат етiледi. Су құбырларының бөлшектерi мен бальнеотерапевтiк құрылғылардың технологиялық желiлерiнiң құрылыстық элементтерiн дайындау үшiн қолданылатын резеңке және басқа синтетикалық материалдардың маркасы белгiленген тәртiпте өкiлеттi органмен келiсiлуi керек;
9) жаңа немесе оңаша бөлiктi салғаннан (қолданылып жүргенi жөнделгеннен) кейiн, құбыр кем дегенде 6 сағатқа 75-100 миллиграм литр белсендi хлорлы сумен толтырылып, иiсi кеткенге дейiн минералды сумен шайылуы керек;
10) су құбырында минералды су ұзақ уақыт (2 күннен артық) тұрып қалса, бұл суды емшараларға қолдануға болмайды;
11) минералды судың сынамасын алып отыру үшiн су құбырларының соңғы бөлiктерiнде, бакқа (резервуарларға) кiрер алдында кран болуы керек.
18. Минералды суды шығу көзiнен бөлiмшеге (кабинетке) дейiн автоцистернамен немесе басқа да сәйкес ыдыстармен жеткiзгенінде келесi шаралар қадағалануы керек:
1) қайнар көзiнен минералды су меншiктi тегеурiнiмен немесе газлифттi өзiнiң ағынымен резеңке түтiкшемен су таситын цистернаға (ыдысқа) құйылады;
2) цистернаны олайша (ыдысты) толтыруға мүмкiндiк болмаса, қайнардан аққан минералды су өз екпiнiмен құйылатын (тоттанбайтын болаттан немесе басқа да таттанбайтын материалдан) жасалған герметикаланып жабылған су жиналатын қондырғыларды қолдануға, амалсыз жағдайларда суды таттанбайтын қондырғыларды пайдалану арқылы пiсiп құюға рұқсат етiледi;
3) тегеурiндi су бактарын айына кем дегенде бiр рет тазалап және зарарсыздандырып тұру керек; бактериалды ластану жоғары дәрежеде болған жағдайда, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен рұқсат еткен зарарсыздандырғыш заттармен қосымша зарарсыздандыру жұмыстары жүргiзiледi;
4) минералды суға арналған резеңке түтiктердiң ұшында таттанбайтын болаттан, қалайылы қоладан, теңiздiк жезден жасалған бұралмалы тартқыш болуы керек, олардың бiрi тарататын құрғылардың келте құбырларына, екiншiсi цистернаның (ыдыстың) келте құбырына кигiзiледi;
5) цистерналарды (ыдыстарды) ашылатын люк арқылы толтыруға болмайды; резеңке түтiкшелер каптаж үй-жайларында бекiтiлген таттанбайтын материалдан жасалған тығыз жабылатын арнайы жәшiктерде (ыдыстарда) сақталуы керек;
6) минералды суды ұңғымадан немесе тегеурiндi су багiнен цистернаға (ыдысқа) құяр алдында резеңке түтікшенi, бұралмалы тартқышты, келтеқұбырларды белгiлеген тәртiпте, рұқсат етiлген құпалдармен, белгiленген режимде зарарсыздандыратын заттармен өңдеп, соңынан минералды сумен шаю керек. Цистерна (ыдыс) медициналық қызметкердiң бақылауымен кем дегенде аптасына бiр рет, ал бактериалды ластану болса тез арада зарарсыздандырылады. Зарарсыздандыру жұмысының жүргiзiлгендiгi туралы арнайы журналда тiркеледi (2 Қосымша);
7) қозғалыс кезiнде цистернаның (ыдыстың) салатын келте құбырлары таттанбайтын материалдан жасалған, алынып салатын бұқтырмалармен жабылады;
8) резеңке түтiкшелердi тасымалдауға болмайды. Әрбiр бөлiмшенiң (кабинеттiң) өзiнiң салмалы сомыны бар резеңке түтікшелерi болу керек. Түтiкше арнайы жабылатын жәшiкте немесе таттанбайтын материалдан жасалған басқа ыдыста сақталуы керек;
9) минералды суды цистернадан (ыдыстан) қабылдағыш құрылғыға құярдың алдында резеңке түтікше, салмалы сомындар және келтеқұбырлар зарарсыздандырылады да, соңынан минералды сумен шайылады (1 Қосымша).
4. БАЛЬНЕОТЕРАПЕВТIК ЕМШАРАЛАРFА АРНАЛҒАН МИНЕРАЛДЫ
СУДЫ ДАЙЫНДАУ МЕН САҚТАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
19. Әрбiр бөлiмшелерде (кабинеттерде) минералды суды қабылдауға арналған құрылғыларды үй-жайлардың iшiнде орналастырып, қамтамасыз ету керек:
1) минералды судың цистернадан (ыдыстан) өзiнiң ағынымен қабылдағыш бактарға (резервуарларға) ыңғайлы және тез құйылуын;
2) минералды судың табиғи қасиеттерi мен сапалылығының сақталуын.
20. Минералды суды қабылдағыш бактарға (резервуарларға) құю судың астында, құбырының ұшы азғана кеңейтiлген келтеқұбыр арқылы жүргiзiлу керек. Цистернаға (ыдысқа) су құятын резеңке шлангты ғимараттың қабырғасында орнатылған тығыз жабылатын люк арқылы жiберуге болады.
21. Минералды суларды сақтауға арналған бактар (резервуарлар) емшаралық кабинеттерге өзiнiң ағынымен келетiндей есептетiлiп, орнатылу керек және оның құрылысы минералды судың физика-химиялық және бактериялогиялық қасиеттерiнiң барынша сақталуын қамтамасыз ету керек.
22. Бактар (резервуарлар) келесi талаптарға сай болулары керек:
1) бактар минералды сулардың бетiнiң ауамен қатынасын азайту үшiн тiк цилиндрлiк, кiшi диаметрлiк түрде болулары керек; үлкен ыдыстарды құрғанда ол кубтық түрде де болуы мүмкiн; қымталған люктары болу керек;
2) "тыныс алатын" клапандар сыртқы ауаны бакқа (резервуарға) жiбермеуi керек; газ бөлуге арналған құрылғыларды тiк ашық құбыр ретiнде салуға болмайды;
3) минералды сулардың физика-химиялық құрамына әсер етпейтiн және онымен жанасқанда бұзылмайтын материалдардан жасалады. Судың деңгейiн көрсеткiшпен, гидравликалық жапқышы бар ағызатын құбырмен және түбiнен шығарылған құятын құбырмен жабдықталады. Ағызатын және құятын құбырдан су ауа арқылы бөлiнiп, одан соң канализацияға ағу керек;
4) минералды суды емшаралық кабиналарға құю түтiгi оның түбiнен 10-15 сантиметр биiктiкте орнатылуы керек;
5) минералды суды бакқа (резервуарларға) әкелетiн және оларды бактан шығаратын құбырлардың диаметрi бiр бiрiне сай болып су шығаратын құбыр сумен толық толтырылуы керек;
6) барлық жапқыш арматуралар таттанбайтын болаттан, қалайылы қоладан, теңiздiк жезден жасалуы керек;
23. Минералды сулардың бактардағы (резервуарлардағы) сақталу мерзiмi 2 тәулiктен артық болмауы керек.
24. Минералды сулардың өз ағынымен емшаралық кабинеттерге берiлуiне мүмкiндiк болмаса, оларды сорғылармен сору немесе бактарда (резервуарларда) сығылған газбен пневматикалық қысым тудыру керек. Бұл жағдайда түсiрiлген қысым суды құбырларға ағызуы керек, қосымша тегеурiндi су бактарын немесе басқа аралық сыйымдылықты қолдануға болмайды.
25. Сорғымен суды сорған кезде төмендегi шарттарды сақтау қажет:
1) сорғы тоттандырмайтын қасиеттерi бар материалдардан дайындалуы керек;
2) бактан (резервуардан) алынған минералды су сорғыға өз бетiмен ағып келуi қажет;
3) сорғының минералды сулар толтырылған барлық iшкi қуыстары су шықпайтындай саңылаусыз болуы қажет.
26. Минералды суларды жылыту сыйымдылығы аз, ыстық сумен жұмыс iстейтiн су ақпайтын аппараттарда iске асырылады. Минералды суы бар бактарға жылутасығыштарды (ыстық суы немесе буы бар иiртүтiк, жылуэлектржылытқыштар) тiкелей енгiзуге болмайды.
27. Жылыту аппараттардың құрылымы мыналарға кепiлдеме беруi керек:
1) минералды суды жылыту қуыстарының iшi су кiрмейтiндей саңылаусыз болуы;
2) минералды суды жылыту температурасы 42о-ден жоғары болмауы;
3) минералды сулардың үздiксiз ағуына, жылытылған суды жылыту аппараттарында, сондай-ақ аралық бактарда немесе ыдыстарда сақтауға;
4) аппараттарды ондағы минералды су қалдықтарынан толығымен тазарту мүмкiндiгiне;
5) үнемi тексерiп, жөндеудiң қолайлылығын қарастыруға;
6) қызмет көрсететiн персоналдардың қауiпсiздiгiне.
28. Құбыр жолдарының әрбiр жеке тармақтарынан минералды судың сынамасын алу үшiн кран қоюды қарастыру қажет.
5. БАЛЬНЕОТЕРАПЕВТIК ЕМШАРАЛАР ЖҮРГІЗУГЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
29. Iшектi сифондық әдiспен және су астында шаю үшiн, ішек себезгiсi арқылы iшекке минералды сулар мен емдiк балшықтың қосындысын енгiзу үшiн, асқазанды тазалау мен гинекологиялық бүрку жүргiзу үшiн әрбiр емшаралық кушетканың қасына емшара жүргiзуге арналған минералды судың қажеттi мөлшерiн көрсететiн жинақты-мөлшерлегiш орнатылуы керек.
30. Минералды сулар мен емдiк балшықтарды ішекке енгiзу үшiн мөлшерлегiштен басқа, балшықты өлшейтiн және қосынды дайындайтын басқа да құрылғылармен жабдықталуы керек. Құрылғы таттануға қарсы тұратын материалдан дайындалып және құрылымы жағынан iшiндегi қосындының бактериалды ластануына жол бермейтiндей кепiлдеме беруi керек.
31. Қызыл иектi шайғанда және оған сумен массаж жасағанда суды құбырлардан келте құбырлар арқылы тiкелей алу үшiн резеңке түтiкшелердi пайдалануға болады.
32. Мөлшерлегiштер мен олардың барлық бөлшектерi таттанбайтын материалдардан жасалуы керек. Таңдау кезiнде артықшылық тiк цилиндрлi шыны мөлшерлегiштерге берiлуi керек.
Мөлдiр емес материалдардан жасалған мөлшерлегiштердi қолданғанда, оларда минералды сулардың мөлшерi мен көлемiн көрсететiн белгiленген өлшем болуы қажет.
33. Мөлшерлегiштер минералды сулардың пайдаланылмаған қалдықтарын автономды шығаруға, мөлшерлегiштi тез және жылдам қосып, өшiретiн мүмкiндiгi бар су құбырларына автономды түрде жалғанып, тазалау мен зарарсыздандыруға ыңғайлы болуы қажет.
34. Саңылаусыз О-түрiндегi құрылғыларды немесе толығымен ашық мөлшерлегiштерден (қақпағы жоқ) минералды судың тасып төгiлуi арқылы қабылдағыш бактарды толтыруға болмайды.
35. Әрбiр мөлшерлегiштерде емшараларды жүргiзуге қолданылатын резеңке түтiкшелердiң 3 жиынтығы, ұштықтары, үштiктерi және басқа да қосалқы заттары болуы керек. Әрбiр емшарадан кейiн бұл жиынтықтар толығымен ауыстырылуы керек.
36. Әрбiр емшаралық кушеткалар күндiзгi жүктемесiне сәйкес әрбiр емшарадан кейiн ауыстырып тұру үшiн жеткiлiктi көлемде қажеттi төсенiш клеенкалармен, төсенiштермен, төсенiш орамалдармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
37. Қолданылатын резеңке түтікшелер, барлық конструктивтi бөлшектер зарарсыздандырылуы, тазартылуы және стерилизациядан өтуi керек; төсенiш клеенкалар, төсенiштер, төсенiш орамалдар - зарарсыздандырылуға тиiс (1 қосымша).
38. Бальнеотерапевтiк емшаралар үшiн қолданылатын минералдық су "Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз суымен қамтамасыз ету көздерi туралы" 2761-84 Мемлекеттiк стандарттың талаптарына, емдеу үшiн қолданылатын балшық тиiстi нормативтi құжаттарға сәйкес болуы керек.
39. Емдеп-сауықтыру ұйымының басшысы минералды су мен емдеуге қолданылатын балшықтың сапасына ведомстволық зертханалық бақылау жүргiзудi қамтамасыз етуге тиiс. Минералды судан алынатын сынама төмендегiдей бақылаудағы нүктелерден алынады: минералды су көзiнен, автоцистерналардан, суды құйып таситын және сақтайтын сыйымдылықтардан, суды құюға арналған түтікшелерден, дозаторлардан, қыздырғыштардан, тасымалдаушы құбырлардан. Минералды су көзiн және емдеуге қолданылатын балшықты санитарлық-химиялық және радиологиялық тексеру жылына бiр рет, минералды су көзiне, оның басқа сынама алынатын нүктелерiнде және балшыққа микробиологиялық тексеру айына бiр рет жүргiзiледi.
6. МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТIН ПЕРСОНАЛДАРҒА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
40. Бөлiмшенiң (кабинеттiң) жұмысын атқаратын бальнео-техникалық құрылғыларының жұмысын қамтамасыз етiп, жөндейтiн медициналық және техникалық қызмет көрсететiн персоналдар медициналық тексеруден, заң жүзiнде бекiтiлген тәртiпке сәйкес жұмысқа түсер алдында және керектi мезгiлдерде өтiп отырулары тиiс. Медициналық және техникалық қызмет көрсететiн персоналдар қолданыстағы нормаларға сәйкес, арнайы киiммен қамтамасыз етiлуi қажет. Арнайы киiмдер жеке және жалпы қолданыстағы киiм iлетiн орындарда сақталуы керек.
41. Персоналдардың емдеу-өндiрiстiк үй-жайларында тамақ iшуiне болмайды.
42. Төсенiштер мен орамалдарды жуып, кабинеттерде кептiруге болмайды.
43. Әрбiр жұмыс кезеңi басталар алдында персонал барлық технологиялық линиядағы жабдықтардың жарамдылығын тексередi. Тексеру барысында немесе жұмыс уақытында қандай да бiр ақау анықталған жағдайда бөлiмше (кабинет) меңгерушiсiне, ол болмаған жағдайда емдеу-профилактикалық ұйымының басшысына жедел хабарлауы керек. Табылған ақауды жөндегенге дейiн емшараларды жүргiзуге тыйым салынады. Барлық қолданылған шаралар жайында мiндеттi түрде журналда жазылуы керек.
44. Әрбiр емшарадан кейiн қолды ыстық сумен сабындап жуу керек. Персонал, күн сайын ауыстырылып тұратын сүлгiмен немесе бiр рет қолдануға жарайтын қол сүрткiмен сүртiнуi қажет. Қолына қан немесе басқа да жағынды жұққан кезде қолдары белгiленген тәртiппен рұқсат етiлген зарарсыздандырғыш ерiтiндiлердiң бiрiне малынған мақтамен сүртiлуi тиiс.
45. Негiзгi өндiрiстiк үй-жайларда ылғалды тазарту жұмыстары жұмыс кезеңiнiң соңында жүргiзiлуге тиiс.
Кең көлемдегi тазарту жұмыстары аптасына бiр рет жүргiзiледi. Yй-жайды және барлық жабдықтарды зарарсыздандыратын ерiтiндiлерге малынған шүберекпен сүртедi немесе қабырғалар мен едендi гидропульт арқылы шаяды, жабдықтарды сүртедi. Осыдан кейiн бiр сағат бойына барлық жабдықтарды сумен жуады, артынан ультракүлгiн сәулемен әсер етедi.
46. Жинау заттарына белгi қойылуы керек, дәретхана мен кабинеттерге бөлек-бөлек қолданылып, белгiленген орындарда сақталады.
47. Резеңке құбырларының жиынтығы, ұштықтар, резеңке қолғаптар осы санитарлық ережелер мен нормалардағы 1 қосымшаға сәйкес зарарсыздандырылады және стерилизациядан өтедi.
48. Емшара жүргiзiлетiн кабинеттер, үй-жайдың көлемiн ескере отырып, ультракүлгiн шамдармен жабдықталады.
"БАЛЬНЕОТЕРАПЕВТIК ЕМШАРА ЖYРГIЗЕТIН
БӨЛIМДЕРДЕН (КАБИНЕТТЕРДIҢ) ҚҰРЫЛЫМЫНА
ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА
ҚОЙЫЛАТЫН САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ЖӘНЕ
ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ БАҒЫТТАЛҒАН ТАЛАПТАР"
санитарлық ережелерi мен нормаларына
1 қосымша
Бальнеотерапевтiк емшаралар бөлiмшесi (кабинеттерi)
объектiлерiн зарарсыздандыру тәртiбi
___________________________________________________________________
Зарарсыздандыру Зарарсыздандыру Зарарсыз. Өңдеудің Ескертулер
объектілерінің заттары және дандыру мерзімдері
атауы әдiстерi мерзімі
____________________________________________________________________
Суды тасымал. Толық көлемде мына Кем дегенде Соңынан
дауға арналған ерітiндiлердiң бiрi. айына бір заразсыз.
автоцистерналар мен толтырылады: кем 1 сағат рет дандырғыш
(ыдыстар), мине. дегенде 25%, 1% тың иісі
ралды суды сақ. белсендi хлорамин толық кет.
тауға арналған құраған, тұндырылған кенге дей.
су құбырлары, 1% хлорлы әкпен; ін ауыз
сорғылар және 1% кальцийдiң гипо. сумен шай.
ысытқыштар хлоридiмен, 0,0025% лады
акватабспен
Санитарлық- Мына ерiтiндiлердiң Әрбір Әрбір емша.
техникалық бірімен бүркіледі: 60 минут жұмысшы радан ке.
жабдықтар 2% тұндырылған хлорлы кезеңінен йін екі (ванналар әкпен, 1% хлорамин. кейін мәрте ша.
раковиналар) мен немесе 1% йылады
кальцийдiң гипохлори. 30 минут немесе
дiмен, 1% дезэфектi. 45 минут сүртіледі
мен, 0,05%
септокалмен
Цистерналар және Мына ерiтiндiлердiң Цистерналар.Соңынан
су тегеурінді бiрiмен суармалау: дан минерал. минер. бактардың келте- 1% хлораминмен 10 минут ды суларды алды құбырлары, 1% кальцийдiң төгерде не сумен
резеңке шланг. гипохлоридiмен оларды шайыла.
тар, салмалар, 1% дезэфектiмен толтырғанда ды
сомындар, 0,02 клорсептпен оларды
бітеуіштер Аталған ерiтiндiлер. 30 минут резеңке
дің бiрiне батыру шлангтармен
жалғастыр.
ғанда
Клеенкалы және Мына ерiтiндiлердiң Әрбір Соңынан
мата төсемдер, бiрiне батыру керек: қолданғаннан суда
алжапқыштар, 0,5% тұндырылған кейін жуылып,
резеңке қолқап. хлорлы әктiң ерiтiн. 30 минут кептір.
тар сүртуге дiсiне, 1% хлора. іледі
арналған минге, 1% кальцийдiң
шүберек гипохлоритіне
Шыны су құбыр. Айналмалы жуу: Әрбiр Соңынан
лары Су құбырлық ыстық су 20 минут жұмысшы қышқылдың
немесе 0,5% тұз кезеңінен iзi кет.
қышқылының кейін кенге де.
ерітіндісімен. йін ыстық
Барлық көлемді ауыз сумен
ерiтiндiлердiң бiрi. жуылады
мен толтыру: 1% каль. Аптасына Соңынан
цийдің гипохлоритiмен 1 сағат кем дегенде зарарсыз
1% хлораминмен 0,15% 1 сағат бір рет дандыра.
бромосептпен 1% 30 минут тын зат.
дезэфектпен 30 минут тың ізі
0,05% клорсептпен 30 минут кеткен.
ге дейін
ыстық
ауыз су.
мен ай.
налдыра
жуылады
Дозаторлар Қайнату: 20 минут Әрбiр Соңынан
Барлық көлемдi жұмысшы зарарсыз
ерiтiндiлердiң бiрi. кезеңінен дандыру.
мен толтыру: 1% тұн. кейін шы зат
дырылған хлорлы тың иісі
әкпен 60 минут мен ізі
1% хлораминмен кеткенге
1% кальцийдiң гипо. дейін
хлоритiмен ыстық
0,05% клорсептпен құбыр
1%-ды дезэфектпен сумен
0,15% бромосептпен жуылады
0,5% дезапревпен 30 минут
Емшаралар Суда қайнату 30 минут Әрбiр Арнайы
жүргiзуге Ерітінділердің қолданған. жуатын арналған біріне батыру: 1% нан кейін ракови.
резеңке хлораминге, 1% каль. 30 минут Әрбір нада ал.
түтiктердiң цийдiң гипохлоритiне 60 минут қолданған. дын ала
жиынтығын, 1% дезэфектте нан кейін ыстық
ұштарын, 0,1% септоналға 60 минут Әрбір сумен
бiрiктiретiн 0,15% бромосептке 30 минут жұмысшы жақсылап
түтiктердi, 0,1% клорсептке 60 минут кезеңінен жуғаннан
үштармақтар 0,5% дезапревке кейін кейін
және ұсақ
бөлшектер
____________________________________________________________________