"Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасының орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың тексеру парағы нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/57 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 135 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 7 ақпандағы № 35 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 01-04-03/50нқ бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Жеке кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасының орындалу тәуекелі дәрежесін бағалаудың тексеру парағының нысанын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/57 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 135 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7027 тіркелді, 2011 жылғы 16 тамызда № 260 (26681) «Казахстанская правда» газетінде және 2011 жылғы 18 тамызда № 119 (2109) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).
      2. Спорт инфрақұрылымы және ойын бизнесін үйлестіру департаменті (А.Р. Сейсембеков) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
       3. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
   Спорт және дене шынықтыру істері   Премьер-Министрінің Бірінші
      агенттігінің төрағасы             Орынбасары - Қазақстан
                                      Республикасының Өңірлік даму
                                              министрі

     ________ Е.Қожағапанов          ____________ Б.Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады