"Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы,, қайта өңдеуі және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асырауға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 111-860 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 111-1505 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 111-860 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 18 маусымда № 781 болып тіркелген, "Астана Ақшамы" газетінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 60 (2970) және "Вечерняя Астана" газетінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 66 (2987) нөмірлерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке жүктелсін.

      Әкім                                           И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады