"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 292 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 65 бұйрығы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жеке сот орындаушысы қызметiмен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 292 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7875 тіркелген, 2012 жылғы 22 қазандағы № 20 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетіне (Ж.Б. Ешмағамбетов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б.Имашев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      ______________ А.Жұмағалиев
      2014 жылғы "__"___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады