"Жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерілетін субъектілердің сырттай байқау рәсімін, оңалту рәсімін, конкурстық іс-жүргізуді өткізуін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 304 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 183 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 237 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 144/НҚ бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерілетін субъектілердің сырттай байқау рәсімін, оңалту рәсімін, конкурстық іс-жүргізуді өткізуін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 304 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 183 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7062 тіркелген, 2011 жылғы 13 шілде, 2011 жылғы 27 шілдедегі № 232-233 (26653-26654) «Казахстанская правда», 2011 жылғы 27 шілдедегі № 325-328 (26722) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Жұмаділдаев Ә.С.) бір апталық мерзімде осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі A.M. Теңгебаевқа жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасын
      Премьер-Министрінің Орынбасары -      Өңірлік даму министрі
      Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрі
      _______________Б. Сұлтанов            ______________Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады