Жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерілетін субъектілердің сырттай байқау рәсiмiн, оңалту рәсiмiн, конкурстық iс-жүргiзудi өткiзуін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 304 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 183 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 шілдеде № 7062 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 237 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 144/НҚ бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 20.05.2014 № 237 және ҚР Өңірлік даму министрінің 21.05.2014 № 144/НҚ бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Жеке кәсәпкерлік саласында тексеру парақтарының нысандары:
      1) осы бұйрықтың 1-ші қосымшасына сәйкес сырттай байқау рәсімін жүргізуге;
      2) осы бұйрықтың 2-ші қосымшасына сәйкес оңалту рәсімін жүргізуге;
      3) осы бұйрықтың 3-ші қосымшасына сәйкес конкурстық іс-жүргізуді өткізуге бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (Н.Д. Үсенова):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрі А.М.Шоқпытовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                    Экономикалық даму және сауда
      ___________ Б. Жәмішев            министрінің міндетін атқарушы
                                        ______________ М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2011 жылғы 10 маусымдағы
№ 304 және       
Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және  
сауда министрінің    
міндетін атқарушының   
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 183 бірлескен бұйрығына
1-қосымша        

Нысан               

Жеке кәсіпкерлік саласында сырттай байқау рәсімін өткізудің

ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

      Тексерісті тағайындаған банкроттық саласындағы уәкілетті орган (Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы

_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
                                        (№, күні)

Сырттай байқау әкімшісінің Т.А.Ә.____________________________________
СТН _________________________________________________________________
ЖСН/БСН (болған жағдайда) ___________________________________________
Мекенжайы, орналасқан жері __________________________________________

Талаптар тізбесі

Бұзушылық туралы белгі

анықталғаны

анықталмағаны


1

2

3

1

"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-тармағына сәйкес кредит берушілер комитетінің құрамын қалыптастыру



2

"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-7-бабында көзделген борышкерден оның мiндеттерiн орындауын талап ету



3

Борышкерге қатысты өз iс-әрекеттерiн кредит берушілер комитетiмен келiсу



4

Сырттай байқау рәсімінде әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда құқық қорғау органдарына хабарлау немесе борышкерден оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердi жарамсыз деп тануын талап ету



5

Борышкерден дебиторлық берешектi өндiрiп алу жөнiнде шаралар қолдануын талап ету



6

Уәкiлеттi органның сұрауы бойынша оған сырттай байқау рәсiмi бойынша қажеттi ақпарат беру



7

Сырттай байқау кезеңi аяқталғаннан кейiн кредит берушілер комитетiмен және уәкiлеттi органмен келiсiлген, борышкердiң төлем қабiлетiн қалпына келтiру мүмкiндiгi және оған қатысты оңалту рәсiмiн қолдану туралы не борышкердi банкрот деп тану туралы қорытындысы бар өз қызметi туралы есептi сотқа табыс ету



Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы (-лары):
____________________     __________________  ________________________
      (лауазымы)             (қолы)                   (Т.А.Ә)
____________________     __________________  ________________________
      (лауазымы)             (қолы)                   (Т.А.Ә)

Сырттай байқау әкімшісі:

__________________________________           ______________
            (Т.А.Ә.)                             (қолы)

Тексеру парағының жасалған күні: "___" __________ 20 ж.

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2011 жылғы 10 маусымдағы
№ 304 және       
Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және  
сауда министрінің    
міндетін атқарушының   
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 183 бірлескен бұйрығына
2-қосымша        

Нысан                

Жеке кәсіпкерлік саласында оңалту рәсімін өткізудің
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

      Тексерісті тағайындаған банкроттық саласындағы уәкілетті орган (Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы)
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
                                        (№, күні)

Оңалтушы басқарушының Т.А.Ә._________________________________________
СТН__________________________________________________________________
ЖСН/БСН (болған жағдайда) ___________________________________________
Мекенжайы, орналасқан жері __________________________________________

Талаптар тізбесі

Бұзушылық туралы белгі

анықталғаны

анықталмағаны


1

2

3

1

Уәкiлеттi орган оны тағайындаған күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану және кредит берушілердің талаптарын бiлдiру тәртiбi туралы хабарландыруды мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялау



2

Уәкілетті органмен келісілген және кредит берушілер комитетімен жасалған келісімнің талаптарын орындау



3

Әкімшілік шығындар сметасында көзделген ақша қаражатын артық және мақсатсыз жұмсауды болдырмау



4

Дәрменсіз борышкердің оңалту жоспарын орындау



5

"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген, оларды анықтаған немесе сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы жағдайларда жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тануды талап ету



6

Кредит берушілердің талаптарының тізілімін жүргізу және қалыптастыру



7

Уәкілетті органның және басқа да мүдделі органдардың келісімімен оңалту жоспарына енгізілген өзгерістерді сотқа жолдау



8

Егер борышкердiң оңалту рәсiмiн енгiзгеннен кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi несиелiк берешектiң жалпы сомасының жиырма пайызынан асса, борышкердiң ақшалай жаңа мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi кредит берушілер комитетiмен келiсу



9

Қорытынды есепті дайындау және оны уәкiлеттi органға келісу үшін заңнамаларда белгіленген мерзімде (оңалту рәсімінің аяқталуына 30 жұмыс күнінен кешіктірмей) және нысанда ұсыну



Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы (-лары):
____________________     __________________  ________________________
      (лауазымы)             (қолы)                   (Т.А.Ә)
____________________     __________________  ________________________
      (лауазымы)             (қолы)                   (Т.А.Ә)

Оңалтушы басқарушы:
____________________________________         _______________
            (Т.А.Ә.)                             (қолы)

Тексеру парағының жасалған күні: "___"__________ 20 ж.

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2011 жылғы 10 маусымдағы
№ 304 және       
Қазақстан Республикасы  
Экономикалық даму және  
сауда министрінің    
міндетін атқарушының   
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 183 бірлескен бұйрығына
3-қосымша        

Нысан                   

Жеке кәсіпкерлік саласында конкурстық іс-жүргізуді өткізудің
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

      Тексерісті тағайындаған банкроттық саласындағы уәкілетті орган (Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы)
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
                                   (№, күні)
Конкурстық басқарушының Т.А.Ә._______________________________________
СТН__________________________________________________________________
ЖСН/БСН (болған жағдайда)____________________________________________
Мекенжайы, орналасқан жер____________________________________________

Р/с №

Талаптар тізбесі

Бұзушылық туралы белгі

анықталғаны

анықталмағаны


1

2

3

1

Уәкілетті органмен тағайындалған күннен бастап бір апта мерзімінде статистика бойынша мемлекеттік уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы соттың шешімін ұсыну



2

"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес, тағайындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде кредит берушілер комитетінің құрамын қалыптастыру



3

Уәкілетті органмен тағайындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкер тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында борышкерді банкрот деп тану туралы және кредит берушілердің нарық талаптарының тәртібі туралы хабарландыруды мемлекеттік және орыс тілдерінде уақытында жариялау



4

Қазақстан Республикасындағы заңнамаларға сәйкес банкроттың қызметкерлеріне алдағы уақытта еңбек шарты бұзылатыны туралы ескерту



5

"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағында көрсетілген мерзімдерге сәйкес өткізілетін кредит берушілер комитетінің алғашқы отырысының уақыты мен орнын барлық кредиторлар комитетінің құрамын ескерту



6

Кредит берушілер комитетімен бекітілген келісімнің талаптарын орындау



7

Түгендеу жүргізу



8

Әдейі немесе жалған банкроттық белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлау



9

"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген, оларды анықтаған немесе сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы жағдайларда жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тануды талап ету



10

Борышкерді банкроттыққа жеткізген жауапты тұлғаларды (лауазымды тұлғаларды, борышкердің қатысушыларын (құрылтайшыларды) анықтау және сотқа шағымдану



11

Борышкер алдында берешегі бар тұлғаларға қатысты заңда белгіленген тәртіппен кредиторлардың талаптарын орындау үшін олардан өндіру



12

Кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізу



13

Борышкерді банкрот деп тану және тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен төрт айдан кешіктірмей уәкілетті органға кредиторлар талаптарының тізілімін қарауға және бекіту үшін жолдау



14

Кредиторлар комитетімен бекітілген және уәкілетті органмен келісілген мүлікті сату жоспарына сәйкес сатуды жүргізу арқылы талаптарды ескере отырып, борышкердің мүлкін сатуды жүзеге асыру



15

Сатуды жүргізу туралы ақпараттық хабарландыруды жариялаудың тәртібін қадағалау



16

"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабына сәйкес кредиторлармен есеп айырысуды жүргізу



17

"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 103-4-бабына талаптарына сәйкес конкурстық өндірісті жүргізу мерзімін қадағалау



18

"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72 және 76-баптарына сәйкес ұсынылған кредиторлар талаптарын мерзімінде қарау



19

Уәкілетті органның сұратуы бойынша конкурстық өндіріс бойынша ақпаратты табыс ету



20

Әкімшілік шығындар сметасында қарастырылған ақша қаражатын артық және мақсатсыз жұмсауды болдырмау



21

Қорытынды есепті дайындау және оны уәкiлеттi органға келісу үшін заңнамаларда белгіленген мерзімде (конкурстық өндірістің аяқталуына 30 жұмыс күнінен кешіктірмей) және нысанда ұсыну



22

Сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін банкрот деп танылған кәсіпорынның банктік шоттарын жабуға, салық органына салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің (олар бар болса) бланкілерін тапсыру



Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы (-лары):
____________________     __________________  ________________________
      (лауазымы)             (қолы)                   (Т.А.Ә)
____________________     __________________  ________________________
      (лауазымы)             (қолы)                   (Т.А.Ә)

Конкурстық басқарушы:
__________________________________           _______________
           (Т.А.Ә.)                               (қолы)

      Тексеру парағының жасалған күні: "__"__________ 20 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады