Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 3-2/106 бұйрығы

      «Қазакстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 14-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарының күші жойылсын:
      1) «Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 3-3/222 бұйрығының (Әділет органдарында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу № 7715, «Егемен Қазақстан газеті» 2012 жылғы 8 тамыздағы № 477-482 (27555);
      2) «Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 3-3/222 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-3/660 бұйрығының (Әділет органдарында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу № 8276, «Егемен Қазақстан газеті» 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 56 (27995);
      3) «Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 3-3/222 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 15-07/172 бұйрығының (Әділет органдарында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу № 8458, «Егемен Қазақстан газеті» 2013 жылғы 17 қазандағы № 233 (28172).
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады