«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 наурыздағы № 3-1/133 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 7 сәуірде № 9299 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментіне:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының күшіне енген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Мамытбеков