Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі мен Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 184 және Қазақстан Республикасы Экономикалық Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 226/НҚ бірлескен бұйрығы

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 және 29-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 102 және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 276 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6345 тіркелген);
      2) «Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 102 және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 276 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 37 және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7469 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2012 жылғы № 4 актілер жинағында жарияланған);
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті (Н. А. Аязбаевқа) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімде заңмен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының    Қазақстан Республикасының
      Экономика және бюджеттік     Өңірлік даму министрі
      жоспарлау министрі
      ________________ Е. Досаев   ________________ Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады