Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 27.06.2014 № 184 және ҚР Экономикалық Өңірлік даму министрінің 31.07.2014 № 226/НҚ бірлескен бұйрығымен.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 155-2-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 102 және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 276 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6345 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Инвестициялық саясат департаменті (Н.А. Аязбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда Құрылыс және тұрғын
министрі үй-коммуналдық
_________________ Б. Сағынтаев шаруашылық істері агенттігі
төрағасы
____________ C. Нокин
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрі
______________ А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы
№ 37 және Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігі
төрағасының
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ 31 бірлескен бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі
№ 102 және Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігі
төрағасының 2010 жылғы 30 маусымдағы
№ 276 бірлескен бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың
техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге немесе
түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын
талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 154-бабының 1-тармағына және 155-2-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің (бұдан әрі – ТЭН) құрылымы мен мазмұнын, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН-іне экономикалық сараптама қорытындысына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Талаптарда мынадай түсініктер қолданылады:
1) бюджеттік инвестициялық жобаның (бұдан әрі – БИЖ) ТЭН экономикалық сараптау – техникалық-экономикалық негіздемеде көрсетілген ақпаратты жүзеге асырыла алатындығын және тиімділігінің болуын анықтауға арналған кешенді бағалау;
2) концессиялық жобаның ТЭН экономикалық сараптау – жобаның жүзеге асатындығы мен іске асырылу тиімділігін айқындауға мүмкіндік беретін концессиялық жобаның ТЭН-інде келтірілген экономикалық талдауды бағалау;
3) БИЖ ТЭН-і - негізгі техникалық, технологиялық шешімдер және негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді анықтай отырып, пайда мен шығындарды экономикалық саралау негізінде жүргізілетін, БИЖ-ның жүзеге асырыла алатындығын және тиімділігін зерттеу нәтижелері туралы мәліметтері бар құжаттама;
4) концессиялық жобаның ТЭН - маркетингтік, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін институционалдық шешімдерді, қаржылық шешімдерді, қауіптерді бағалау және концессиялық жобаның қатысушылары арасында бөлу, мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемін анықтау, сондай-ақ жобаны іске асыру кезінде оның мемлекеттік бюджетке әсері және тұтастай алғанда экономиканың және оның салаларының дамуына әлеуметтік-экономикалық әсері жөніндегі шешімдерді қамтитын жоба алдындағы құжаттама;
5) БИЖ – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
6) ТЭН-ді түзету – техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бекітілген техникалық-экономикалық негіздемедегі техникалық-экономикалық параметрлердің жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды бекіткенге дейінгі немесе бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде қарастырылмаған қосымша құрамдас бөліктерді енгізу байланысты жобалық (жобалау-сметалық) құжаттама бекітілгеннен кейінгі өзгеруі.
7) жобаның жүзеге асырыла алатындығы – жоба нәтижелері көрсеткіштерінің (тікелей және түпкілікті) қолжетімділігі;
8) жобаның мақсатқа сай болуы – жобаның мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкестігі (жүзеге асыру мерзімі, қаржыландыру көзі және т.б. бойынша сәйкестік) және/немесе БИЖ ТЭН-нің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілеттелген органның оң қорытындысы бар инвестициялық ұсынысқа сәйкестігі;
9) жобаның тиімділігі – бюджеттік қаражаттардың сұралатын көлемін қолдана отырып, жоба мақсатына жету немесе бюджеттік қаражаттардың азырақ көлемін қолдана отырып жоба мақсатына жету немесе жобаны жүзеге асырудан оң экономикалық нәтиже алу;
10) бағалау (экономикалық сараптама барысында) – БИЖ ТЭН-де көрсетілген ақпаратты сипаттайтын тұжырымдар;
11) техникалық-экономикалық параметрлер – ТЭН-де қарастырылған және Талаптар мен Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаларына сәйкес бекітуге ұсынылатын негізгі көрсеткіштер;
12) тікелей нәтиже - қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы;
13) түпкілікті нәтиже – белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің, басқа да мемлекеттік органдар қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізумен ұштасатын, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының, әлеуметтік саланың, экономиканың, қоғамдық қауіпсіздіктік және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйі (жай-күйінің өзгерісі).
2. БИЖ ТЭН-ні әзірлеуге қойылатын талаптар
3. Құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар БИЖ ТЭН-ге қойылатын талаптар осы Талаптармен және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен белгіленеді.
Ақпараттану саласындағы БИЖ ТЭН талаптар ақпараттану және байланыс саласындағы орталық уәкілетті органмен анықталған ақпараттық жүйе құнын бағалау әдістемесін ескере отырып осы Талаптармен анықталады.
БИЖ ТЭН талаптар, инновациялық және/немесе ғарыштық қызметті немесе басқа қызметті болжайтын осы Талаптармен анықталады.
4. БИЖ ТЭН-ін әзірлеу, егер жобаны жүзеге асыру мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында қарастырылған жағдайда жүргізіледі.
5. ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ-ді ескермегенде, ТЭН бағдарламалар әкімшісінің инвестициялық ұсыныстары бойынша бюджет комиссиясы мақұлдаған инвестициялық жобалардың тізіміне енгізілген БИЖ-ға әзірленеді.
6. БИЖ ТЭН-нін әзірлеу мақсаты жобалық шешімдерді қарастыру және балама нұсқаларды саралау негізінде жобаның жүзеге асатындығын және тиімділігін қамтамасыз ететін негізделген жобалық шешімді таңдау болып табылады.
7. Қазақстан Республикасында ұқсастары жоқ жобалар бойынша, халықаралық тәжірибені ескере отырып деректер қолданылады.
8. БИЖ ТЭН келесі құрылымға сәйкес болуы тиіс:
1) жобаның түйіні;
2) маркетингтік тарау;
3) техникалық-технологиялық тарау;
4) экологиялық тарау (қоршаған ортаға әсерді бағалау);
5) институционалдық тарау;
6) қаржылық-экономикалық тарау;
7) әлеуметтік тарау;
8) тәуекелдерді саралау тарауы;
9) жалпы тұжырымдар;
10) осы Талаптардың 1-11-қосымшаларында көрсетілген формаларға сәйкес ТЭН қосымшалары, сондай-ақ осы Талаптарға сәйкес жобаның ерекшелігіне байланысты берілетін ТЭН әзірлеуге арналған бастапқы құжаттар.
ТЭН-де жобаның ерекшелігіне байланысты қосымша тараулар мен қосымшаларды енгізуге рұқсат етіледі.
9. БИЖ ТЭН түйінінде:
осы Талаптардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы көрсетіледі;
жобаның қазіргі кезде бар саяси (хаттамалық және басқа тапсырмаларды, нормативтік құқықтық актілерді көрсете отырып), әлеуметтік-экономикалық және басқа шарттары сипатталады;
жоба мақсатына жетудің және нәтиже көрсеткіштерінің, оның ішінде инвестициялық ұсыныс кезеңінде қарастырылған көрсеткіштердің ықтимал нұсқалары көрсетіледі;
қолда бар материалдар мен зерттеулердің негізіндегі техникалық-экономикалық бағалаудың, сондай-ақ оны әзірлеуге тапсырмада мазмұндалған талаптар мен шарттардың нәтижелері көрсетіледі.
10. Маркетингтік тарау қарастырылатын аймақта жобада болжанған өнімдерге (тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге) қазіргі кезде бар және болашақтағы сұраныстың саралануын көрсетеді.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағаларын бағалауды және негіздеуді қоса алғандағы талдау:
ол жобаны іске асыруды есепке алмай жүргізіледі және жүргізілетін болады;
жобаны іске асыру, сондай-ақ төлемге қабілетті сұраныстың сандық параметрлерінің нәтижесінде жүргізу болжамдалатын;
жобаның әлеуметтік экономикалық қажеттілігінің құқықтық негізі көрсетілген талдау;
жобаны іске асыру барысында (инвестициялық кезеңде) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің көлемін, түрлерін және бағаларын, сондай-ақ сәйкес прайс-парақтарын, баға ұсыныстарын және басқа да растаушы құжаттарды қоса бере отырып, жобаның қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін бағалауды және негіздеуді қоса алғандағы талдау;
пайдалану кезеңінен (инвестициялаудан кейінгі кезеңде) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің көлемін, түрлерін және бағаларын, сондай-ақ тиісті прайс-парақтарын, баға ұсыныстарын және басқа да растаушы құжаттарды қоса бере отырып жобаның қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін бағалауды және негіздеуді қоса алғандағы талдау;
қолданылатын ақпарат көздері және маркетингтік зерттеулерді жүргізу әдістемелері;
прайс-парақтары мен баға ұсыныстарын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің кемінде екі өнім берушісі ұсынады;
Бағаларды талдау мыналарды қамтуы тиіс:
- сатып алынуы техникалық-технологиялық талдауда көрсетілген талаптарға негізделген;
- сипаттамалары техникалық-технологиялық талдауда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін;
- консалтингтік қызметтер құны (ПО әзірлеу, жобаны басқару, аттестаттау) ресурстар құнының есептерімен және бағаларымен расталуы тиіс.
11. Техникалық-технологиялық тарау жобаны жүзеге асырудың әртүрлі техникалық-технологиялық шешімдерін талдауды, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, таңдалған нұсқаны маркетингтік тарауда көрсетілген талдауды ескере отырып негіздеуді қамтиды.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
нысанды орналастыру орындарының мүмкін нұсқаларын талдау, жобаның орналасу жерін таңдауды шикізат көздері мен жеткізушілеріне, нысаналы топтарға және негізгі пайда алушыларға қатысты орналасқан жері туралы, сондай-ақ жобаның орналасқан жерінің балама нұсқалары туралы ақпаратты бере отырып таңдауды негіздеу. Қорғаныс саласындағы жобалар бойынша жобаның орналасқан жерінің балама нұсқалары туралы ақпаратты беру міндетті емес. Ақпараттандыру саласындағы жобалар бойынша мемлекеттік органдардың ұлттық серверлік орталықтарын, деректерді өңдеудің облыстық орталықтарын, жеке ұйымдардың серверлік орын-жайларын және қажет болған жағдайда дербес серверлік орталықтарды қоса алғанда жобаның серверлік жабдығын орналастырудың мүмкін нұсқаларының талдауы келтіріледі;
жобаның ауқымын сипаттау және жоба қуаттылығының негіздемесін, жоба қуаттылығын игеру серпінін есепті негіздеу;
техника мен технологияны таңдауды, қолданылатын жабдықтармен технологиялық үйлесімділігі, оңтайлы баға-сапа қатынасы, технология мен жабдықтарды таңдаудың балама нұсқалары, инновациялық жабдықтарды қолдану, сапа стандарттарының жобада қолданылуы туралы ақпаратты негіздеу;
жобаның қажетті инженерлік, көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылыммен жабдықталуы туралы таңдалған шешімдер (энергия үнемдеу, жылу-, сумен жабдықтау, кәріз) мен схемалар негізделген ақпарат;
осы Талаптардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобасының құрамдауыштары бойынша қаржыландыруды бөле отырып, жобаны іске асыру кестесі (оның ішінде технологиялық кезеңдер бойынша);
қолданылатын ақпарат көздері.
БИЖ ТЭН-нің техникалық-технологиялық тарауында сондай-ақ мыналар қамтылады:
құрылыс саласындағы жобалар бойынша:
негізгі сәулет-құрылыс шешімдері мыналарды қамтиды:
принципиалдық сәулеттік, көлемдік-жоспарлау және сындарлы шешімдер, оның ішінде: жоспарланған шешімдердің негіздеуді, жер телімдерін үнемді пайдалану, ғимараттардың тиімді бұғатталуы, ерекше назар құрылыс ауданында табиғи қауіпті құбылыстардың болуына (сейсмика, отыруы, карстер, сырғулар) аударылады, түбегейлі сәулеттік-композиялық шешімдердің қоршаған құрылыстың қала құрылыстық жағдайларына сәйкестігі. Техникалық ең күрделі ғимараттар мен құрылыстардың негізгі параметрлері көлемдік-жоспарлау және сындарлы (құрылыстық) шешімдерді және олардың сындарлы ерекшеліктерін қамтиды. Құрылыс өнімдеріне және материалдарына деген қажеттілік;
көлік схемалары нұсқаларын, алаң ішіндегі жолдарды және автожолдарды таңдауды ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде өнеркәсіптік және басқа мақсаттағы ғимараттар арасында талап етілетін өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық үзілістерді сақтауды бағалай отырып, негіздеу;
технологиялық үрдістердің (схемалардың) мүмкін нұсқаларын саралау негізінде таңдалған технологияның қысқаша сипаттамасы және негіздемесі, құрамы және өндірістік құрылымы;
ақпараттандыру саласындағы жобалар бойынша:
автоматтандырылатын функциялар, процестер және оларды тұтынушылар тізбесін қалыптастыру (схема use-case);
ақпараттық жүйе сәулетінің мүмкін нұсқаларын талдау (орталықтандырылған, орталықсыздандырылған, корпоративті);
ақпараттық жүйені іске асыру нұсқаларын талдау (дайын шешімдерді интеграциялау және енгізу, дербес әзірлеу, араласқан дайын және дербес шешімдерді қолдану);
тораптар схемасы (есептеу құралдары) және ақпараттық жүйенің бағдарламалық құрамдауыштарын орналастыру;
телекоммуникациялар схемасы және байланыс арналарына талаптар;
есептеу қуаттары мен сақтау көлеміне талаптар негіздемесі және жобаның ауқымы мен қуатының сандық көрсеткіштерінің негізінде есептеу құралдарының саны, тораптар схемалары;
үй сәулетінің жалпы сипаттамасы;
жүйе құнамдауыштары мен олардың өзара байланысының сипаттамасы;
осы жобаны іске асыруға қатысты ведомстволық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің сипаттамасы, сондай-ақ жобаның іске асырылуына қатысы бар тараптардың тиісті жазбаша келісімдерін қоса бере отырып жобаны сәтті іске асыру үшін осы жүйелер жағында жүргізілуі қажет іс-шаралар;
жобаны іске асыру нәтижесінде өзексіз болуы мүмкін мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен олардың құрамдауыштарының сипаттамасы;
"электрондық үкімет" базалық құрамдауышымен, ведомствоаралық ақпараттық жүйелерімен және деректер базаларымен бірге жобаның болжамды өзара іс-қимылы мен интеграциясының сипаттамасы, мыналарды қоса алғанда:
ақпараттық өзара іс-қимыл объектілерінің сипаттамасы;
деректер алмасудың қолданылатын стандарттарының сипаттамасы;
жасалатын ақпараттық жүйелер шеңберінде электрондық мемлекеттік қызметтердің сипаттамасы, оның ішінде:
іске асырылатын электронды мемлекеттік қызметтерді алушы топтардың (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар) сипаттамасы;
жоба шеңберінде іске асырылатын Қазақстан Республикасы көлеміндегі электронды мемлекеттік қызметтер қажеттілігінің ағымдағы және тарихи көрсеткіштері;
электронды түрге көшірілгенге дейінгі және көшірілгеннен кейінгі мемлекеттік қызметтер тиімділігі көрсеткіштерінің сипаттамасы, оның ішінде қажет етілетін құжаттар саны, құжаттарды тапсыру үшін күтілетін уақыт, қызметтерді көрсету мерзімдері;
электронды мемлекеттік қызметтер көрсетудің ағымдағы және жоспарлы бизнес-процестерінің сипаттамасы;
іске асырылатын электронды мемлекеттік қызметтер түрлері (ақпараттық, интерактивті, транзакциялық түрлері);
алушылар бөлінісінде (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар) іске асырылатын электронды мемлекеттік қызметтерді ұсыну арналары;
ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарына сипаттамасы қамтылады.
БИЖ ТЭН-нің техникалық-технологиялық тарауында мақсатқа жетудің және жоба нәтижелері көрсеткіштерінің екеуден кем емес нұсқалары көрсетілуі міндетті болып табылады, олар бойынша салыстырмалы саралау жүргізіледі және таңдалған нұсқаның негіздемесі беріледі.
Жобалық шешімдерді таңдау кезінде қоршаған ортаға әсерге жүргізілген бағалаудың нәтижелерін ескеру және қоршаған ортаға және адам денсаулығына ең аз зиян келтіретін нұсқаның қабылдануын қамтамасыз ету қажет.
12. Экологиялық тарауда (қоршаған ортаға әсерді бағалау) қоршаған ортаға әсер туралы, жобаны жүзеге асырудан келетін экологиялық зиянды бағалауды қоса алғанда, сандық және бағалық мәндердегі қабылданған жобалық шешімдер туралы, және де жобалық шешімдердің бекітілген экологиялық нормативтерге сәйкестігі және жобаны жүзеге асырудан келетін теріс әсерді азайту жөніндегі болжанған іс-шаралар туралы ақпарат болуы тиіс.
Жобалық шешімдерді таңдау кезінде экологиялық нормативтерге сәйкес немесе қолданыстағы нормативтерден жоғары шешімдер ғана таңдалады.
13. Институционалдық тарауда жобаның институционалдық схемасын, оның ішінде:
осы Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобаның институционалдық сызбасы;
құқықтық негізін көрсете отырып жобаны басқару схемасын қамтиды.
Қажет болғанда жобаға қатысушылар бойынша толық заңды атауы, шыққан мемлекеті, ұйымдық-құқықтық түрі, нысаны жарғылық капиталы, құрылтайшысы және олардың қатысу үлестері, құрылған жылы, негізгі қызмет түрлері, осы саладағы жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі және басқа ақпарат көрсетіледі.
14. Қаржылық-экономикалық тарау мыналарды қамтиды:
1) инвестициялық шығындарды есептеу, кезеңдері, құрамдас бөліктері және жобаны қаржыландыру көздері бойынша қаржыландыру қажеттілігін бөлу;
2) пайдалану шығындарының есептері;
3) балама нұсқаларды саралау негізінде, қаржыландыру көздері (республикалық/жергілікті бюджет, қарыздық қаражаттар), шарттары мен көлемі (оның ішінде қаржыландыруды жылдарға бөлумен) көрсетілген қаржыландыру сызбасының негіздемесі;
4) жобаға қатысушылардың ағымдағы қаржылық жағдайы (қажет болған жағдайда);
5) жобаның мыналарды қамтитын қаржылық талдауды:
өнімнің (тауардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын, тарифтерін, жіберу бағасының есебі;
сатудан түскен табыстарды және таза пайданың есебі;
ақша қаражаттары ағынының жиынтық есебі;
таза дисконтталған табысты (NPV), пайдалылықтың ішкі нормасын (IRR), ақталудың дисконтталған және қарапайым мерзімдерінің есебі;
таза дисконтталған табыстың (NPV) және пайдалылықтың ішкі нормасының (IRR) негізгі параметрлері бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, инвестициялық және пайдалану шығындары) сезімталдығының талдауы, жобаның шығынсыздық нүктесінің есебі;
6) жобаның келесілерді қамтитын экономикалық талдауы:
жоба жүзеге аспаған жағдайда бюджеттік қаражаттар есебінен болжамды шығындарды есептеуді қамтитын, жобамен және жобасыз әлеуметтік-экономикалық жағдайға талдауы;
ең аз шығындарды саралау немесе шығындардың тиімділігін талдауы немесе жобаның экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерінің есебі, оның ішінде экономикалық пайданы және шығындарды бағалау, экономикалық таза дисконтталған табысты (ENPV) және табыстылықтың экономикалық ішкі нормасының (EIRR) есебі;
экономикалық таза дисконтталған табысты (ENPV) және табыстылықтың экономикалық ішкі нормасын (EIRR) негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, инвестициялық және пайдалану шығындары) сезімталдығын талдауы (осы көрсеткіштер бар болса);
7) қолданылатын ақпарат көздері.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден тура ақша ағынын алуды болжамайтын жобалар бойынша, жобаға қаржылық талдау жүргізу талап етілмейді.
Жобаның қаржылық және экономикалық тиімділігі көрсеткіштерін есептеу жағдайында, ТЭН-ге осы Талаптардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобаның қаржылық-экономикалық үлгісінің негізгі параметрлері бойынша ақпарат қосымша беріледі.
Жобаның қаржылық тиімділігі көрсеткіштерін есептеу осы Талаптардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
Жобаның NPV және IRR сезімталдығына жүргізілген талдау нәтижелері осы Талаптардың 6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша беріледі.
Жобаның ең аз шығындарын талдау көрсеткіштері осы Талаптардың
7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
Жобаның шығындардың тиімділігін талдауға арналған көрсеткіштер осы Талаптардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
Жобаның экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерінің есебі осы Талаптардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
Жобаның ENPV және EIRR сезімталдығына жүргізілген талдау нәтижелері осы Талаптардың 10-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша беріледі.
Қосымшалардағы көрсеткіштер мен есептер ТЭН-де негізделген болуы тиіс.
Ақпараттандыру саласындағы жобалар бойынша жобаның экономикалық тиімділігі көрсеткіштерін есептеу, оның ішінде, экономикалық пайданы және шығындарды бағалау, экономикалық таза дисконтталған табысты (ENPV) және табыстылықтың экономикалық ішкі нормасының (EIRR) есебін жүргізу міндетті болып табылады.
15. Әлеуметтік тарау жобаның білікті мамандармен қамтамасыз етілуін талдауды қамтиды, оның ішінде:
жобаның инвестициялық және инвестициялаудан кейінгі мерзімдерінде білікті мамандардың болуы туралы ақпарат;
жұмысшыларды және мамандарды (қажет болған жағдайда) оқыту және қайта дайындау қажеттілігі туралы ақпарат;
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормалары туралы ақпарат;
жобаның халықтың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаттамалары тұрғысынан негізделуі;
қолданылатын ақпарат көздері.
16. Тәуекелдерді талдау бөлімі:
тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалаудың қолданылған әдістері туралы ақпаратты;
тәуекелдердің басталу ықтималдығын және тәуекелдердің басталуынан келетін зиянды анықтау нәтижелерін, және де тәуекелдерді азайту жөніндегі болжанған іс-шараларды көрсетіп, жобаның инвестициялық және инвестициялаудан кейінгі мерзімдерінде басталуы мүмкін сәйкестендірілген тәуекелдердің (коммерциялық, техникалық-технологиялық, экологиялық, институционалдық, қаржылық, әлеуметтік және т.б.) тізімін қамтиды. Жобаның тәуекелдер бойынша ақпарат осы Талаптардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
17. Жалпы тұжырымдар мыналарды:
1) жобаны жүзеге асырудың ең оңтайлы нұсқасын таңдаудың негіздемесі;
2) жобаны жүзеге асырудың таңдалған нұсқасының негізгі кемшіліктері мен артықшылықтарын;
3) таңдалған нұсқа бойынша негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді (көрсеткіштерді):
жобаның жүзеге асырылатын орнын;
нәтижелер (тікелей және түпкілікті) көрсеткіштерін;
жобаның құрамдас бөліктерін;
қаржыландырылуы жылдарға және құрамдас бөліктері бойынша бөлінген жобаның жалпы бағасын қамтиды.
18. БИЖ ТЭН-ге қосымшалар осы Талаптардың 1-11-қосымшаларына сәйкес болуы тиіс, және де қосымша ақпараттарды қамтуы мүмкін: диаграммалар, суреттер, жергілікті жердің карталары және БИЖ ТЭН-де келтірілген ақпараттарды растайтын және ашатын басқа да материалдар мен құжаттарды.
19. Құрылыс саласындағы жобалар бойынша БИЖ ТЭН-не сондай-ақ картографиялық және басқа да графикалық материалдар, оның ішінде құрылыс нысанының орналасуы және оның инженерлік желілер мен коммуникацияларға жалғасатын жерлері, жер телімінің көлемдерін негіздейтін нысанның бас жоспарының сызбасы, сондай-ақ сәйкес технологиялық, сәулеттік және көлемдік-жоспарлау шешімдерінің схемалары, сызбалары (эскиздік жобалар) көрсетілген жағдайлық жоспар сызбасы қамтылуы тиіс.
20. БИЖ ТЭН осы Талаптарға және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін сараптамалардың сәйкес қорытындыларының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып пысықталады.
3. БИЖ ТЭН-ін сараптауға қойылатын талаптар
21. Белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерді растау үшін БИЖ ТЭН Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған экономикалық және басқа да сараптаудан өтуі тиіс.
22. Құрылыс саласындағы БИЖ ТЭН бойынша жобалардың мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүргізеді.
23. Құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар БИЖ ТЭН-н сараптауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы заңнамалармен және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтермен белгіленеді.
24. Республикалық БИЖ-дің экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға жүзеге асырады.
25. Жергілікті БИЖ-дің, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғалар жүзеге асырылуы мүмкін.
26. БИЖ ТЭН-ді экономикалық сараптау тапсырылған БИЖ ТЭН негізінде және жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін БИЖ ТЭН-і сараптамаларының оң қорытындысына сәйкес жүргізіледі, атап айтқанда:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар жобаларға мемлекеттік сараптау (бұдан әрі – мемлекеттік сараптама) жүргізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасы;
2) салалық сараптама қорытындысы;
3) мемлекеттік экологиялық сараптамасы;
4) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасы;
5) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы.
27. Жобаның ерекшеліктеріне қарай, БИЖ бойынша мынадай шығыс құжаттары талап етіледі:
құрылыс қызметін болжайтын БИЖ бойынша, ТЭН-ге салалық, мемлекеттік, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар қорытындылары, сондай-ақ ТЭН әзірлеу тапсырмасына қосымша берілетін құжаттардың көшірмелері, оның ішінде техникалық шарттар, жергілікті атқарушы органдардың жаңа нысандардың құрылысын салуды болжайтын жобалар бойынша жер телімдерін бөліп беру туралы шешімдері (қажет болғанда жер телімдерінің меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың шығындарының, алынатын шабындықтардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы шығындарының есептері қосымша беріледі) және қазіргі кезде бар нысандарды қайта жаңғыртуды болжайтын жобалар бойынша жылжымайтын мүлікке құқық беруші тиісті құжаттардың көшірмелері;
ақпараттандыру саласындағы БИЖ бойынша салалық сараптаманың және ақпараттандыру мен байланыс саласындағы уәкілеттік берілген органның сараптамалар қорытындылары талап етіледі;
инновациялық және/немесе ғарыштық қызметті болжайтын БИЖ бойынша салалық және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалар қорытындылары талап етіледі.
Осы Талаптардың 42-тармағында көрсетілген қорытындыларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамалары белгілейді.
БИЖ ТЭН-не экономикалық сараптама жүргізу кезінде, БИЖ ерекшелігіне қарай, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қажетті басқа да сараптамалар талап етілуі мүмкін.
28. Оң қорытынды немесе теріс қорытынды немесе пысықтауға қорытынды жобаның экономикалық сараптамасының нәтижесі болып табылады.
Экономикалық сараптаманың оң қорытындысы құрылымы мен мазмұны осы Талаптарға сәйкес келетін, сондай-ақ жобаның жүзеге асатындығына және тиімділігіне алғышарттары бар БИЖ ТЭН-не беріледі.
Экономикалық сараптаманың теріс қорытындысы бағалау нәтижелері жобаның жүзеге аспайтындығын және/немесе тиімсіздігін көрсететін БИЖ ТЭН-не беріледі.
Пысықтауға қорытынды мазмұны осы Талаптарға сәйкес келмейтін және жобаның жүзеге асатындығына және/немесе тиімділігіне алғышарттардың болуын анықтау мүмкін болмаған жағдайларда БИЖ ТЭН-не беріледі.
29. БИЖ ТЭН-нің экономикалық сараптамасы экономикалық сараптама жүргізуге белгіленген заңды тұлғаға толық құжаттар пакеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша тиісті қорытынды сәйкесінше мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіпте жіберіледі.
30. БИЖ ТЭН-нің экономикалық сараптамасының қорытындысы өзіне:
1) жобаның қысқаша сипаттамасын;
2) жоба бойынша құжаттамалар құрамын бағалау;
3) жобаның мақсатқа сай болуы туралы ақпарат;
4) жобаның жүзеге асатындығына алғышарттардың болуын бағалау;
5) жобаның тиімділігіне алғышарттардың болуын бағалау;
6) жоба тәуекелдерін саралауды бағалау;
7) жоба бойынша жалпы қорытындылар кірістіреді.
31. "Жобаның қысқаша сипаттамасы" тарауында ТЭН-ге сәйкес мынадай ақпарат көрсетіледі:
жобаның атауы;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы;
жобаның өтінім берушісінің атауы (республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыру арқылы жүзеге асырылуы болжанған жоба қарастырылған жағдайда);
жобаны жүзеге асыру мерзімі;
жобаның мақсаты мен міндеті;
нәтиженің (тікелей және түпкілікті) көрсеткіштері;
жобаны жүзеге асыру орны;
жобаның ауқымы мен қуаттылығы;
нысаналы топтар, оның ішінде негізгі пайда алушылар;
жобаның құрамдас бөліктері;
қаржыландырылуы жылдарға бөлінген жобаның жалпы бағасы;
жобаны қаржыландыру көздері және түрлері.
32. "Жоба бойынша құжаттамалар құрамын бағалау" тарауы мыналарды қамтиды:
1) экономикалық сараптама жүргізу кезінде назарға алынған құжаттар мен материалдардың тізбесі:
экономикалық сараптама жүргізу үшін қарастыруға берілген құжаттар;
нормативтік құқықтық актілер;
2) тапсырылған құжаттардың құрамына және мазмұнына ескертулер.
33. "Жобаның мақсатқа сай болуы туралы ақпарат" тарауы мыналарды қамтиды:
жобаның мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына сәйкестігі туралы ақпарат (іске асыру кезені, қаржыландыру көзі бойынша сәйкестік);
БИЖ ТЭН-нің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілеттелген органының экономикалық бағалауының оң қорытындысы бар инвестициялық ұсынысқа сәйкестігі туралы ақпарат.
34. "Жобаның жүзеге асатындығына алғышарттардың болуын бағалау" тарауында мыналарды қамтиды:
сұранысты саралау немесе жобаның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін бағалау (тиісті сараптамалардың қорытындылары негізінде);
жобаны жүзеге асыру (инвестициялық мерзім) және пайдалану мерзімі (инвестияциялаудан кейінгі мерзім) шеңберінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің нарығын саралауды бағалау (тиісті сараптамалардың қорытындылары, сондай-ақ берілген баға-парақтарының, коммерциялық ұсыныстардың және басқа да растаушы құжаттардың негізінде);
ТЭН-де келтірілген жобаны жүзеге асырудың таңдап алынған техникалық-технологиялық шешімін бағалау (тиісті сараптамалардың қорытындылары негізінде);
қабылданған жобалық шешімдердің қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты бағалау (тиісті сараптамалардың қорытындылары негізінде);
жобаның институционалдық схемасын бағалау (тиісті сараптамалардың қорытындылары негізінде);
қаржыландыру схемасын бағалау (тиісті сараптамалардың қорытындылары негізінде);
жобаның білікті мамандармен қамтамасыз етілгендігін саралауды бағалау (тиісті сараптамалардың қорытындылары негізінде);
жобаның жүзеге асатындығын анықтаудың мәні ТЭН-де көрсетілген техникалық-экономикалық параметрлер мен жобалық шешімдердің мақұлданғандығын, келісілгендігін және/немесе сараптамалардың тиісті қорытындыларымен оң бағаланғандығын растауда болып табылады.
35. "Жобаның тиімділігіне алғышарттардың болуын бағалау" тарауында мыналар болуы тиіс:
инвестициялық шығындарды есептеуді бағалау (тиісті сараптамалардың қорытындылары негізінде);
пайдалануы шығындарын есептеуді бағалау (тиісті сараптамалардың қорытындылары негізінде);
жобаның қаржылық саралануын бағалау (қажет болғанда);
жобаның экономикалық саралануын бағалау.
36. "Жоба тәуекелдерін саралауды бағалау" тарауы БИЖ ТЭН-де көрсетілген коммерциялық, техникалық-технологиялық, экологиялық, институционалдық, қаржылық, әлеуметтік және басқа тәуекелдердің саралануын бағалауды қамтиды.
37. "Жоба бойынша жалпы қорытындылар" тарауында:
1) негізгі техникалық-экономикалық параметрлер:
жобаның жүзеге асырылу орны;
жобаның мақсаты;
нәтижелер (тікелей және түпкілікті) көрсеткіштері;
жобаның құрамдас бөліктері;
қаржыландыруы жылдар және құрамдас бөліктері бойынша бөлінген жобаның жалпы бағасы;
2) жоба бойынша негізгі қорытындылар:
тәуекелдерді саралауды бағалау;
жобаның жүзеге асатындығына алғышарттардың болуын бағалау;
жобаның тиімділігіне алғышарттардың болуын бағалау;
3) жоба бойынша қорытынды (оң қорытынды немесе теріс қорытынды, немесе пысықтауға қорытындысы) көрсетіледі.
38. Экономикалық сараптаманың қорытындысы келесі сапа өлшемдеріне сәйкес болуы тиіс:
қорытынды құрылымының осы Талаптардың 30-тармағында белгіленген ережелерге сәйкестігі;
қорытынды мазмұнының осы Талаптардың 31-37-тармақтарында белгіленген ережелерге сәйкестігі.
39. Экономикалық сараптаманың оң қорытындысын және келісімін алған БИЖ ТЭН Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бекітілуі тиіс.
4. БИЖ ТЭН түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларды өткізуге
қойылатын талаптар
40. Салдары техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстар алып келетін белгіленген БИЖ параметрлерінің өзгеруі жағдайында және қосымша құрамдас бөліктерді енгізген жағдайда кейіннен қажетті сараптамаларды өткізе отырып БИЖ ТЭН-не түзетулер жүргізіледі.
41. Түзетілген БИЖ ТЭН-н қарастыруды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) осы Талаптар мен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамаларында белгіленген тәртіпте жүргізеді.
42. ТЭН түзетулер және түзетілген БИЖ ТЭН-не осы Талаптарға сәйкес қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері олардың түпнұсқаларын, түзетілген БИЖ ТЭН-нің электрондық нұсқасын, соның ішінде қаржылық-экономикалық модельді бере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.
43. Түзетілген БИЖ ТЭН-ін қарастыру үшін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қойған, сәйкес салыстырмалы кестелері берілген, БИЖ ТЭН бойынша өзгеруі болжанған техникалық шешімдер және/немесе қосымша шығыстар немесе қосымша құрамдас бөліктерді енгізу көрсетілген, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қойған өтінім-хат;
2) ресми құжаттарға арналған Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте ресімделген және бірінші басшы немесе оның орынбасары қол қойған, техникалық шешімдердің өзгеруінің және/немесе қосымша шығыстар қарастырудың немесе қосымша құрамдас бөліктерді енгізудің мақсатқа сай екендігін растайтын, сәйкес саланың уәкілетті органының салалық сараптамасы;
3) жобаның ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қойған және техникалық шешімдердің өзгеруінің болжанған параметрлерінің және/немесе қосымша шығыстарды қарастырудың немесе қосымша құрамдас бөліктерді енгізудің негізділігін және дұрыстығын растайтын ресми хат түрінде берілетін қорытындысы;
4) түзетілген БИЖ ТЭН;
5) осы Талаптардың 26 және 27-тармақтарына сәйкес БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты қажет болған сараптамалардың қорытындылары және түзетілген БИЖ ТЭН-не қажетті құжаттар;
6) бұрынырақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысын алған кезде (бекітілген бастапқы ТЭН бойынша) қарастырылған сараптамалардың қорытындылары және БИЖ ТЭН бойынша құжаттар;
7) бюджет комиссясының тиісті ұсынысының көшірмесі.
44. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган құжаттар пакеті келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың жинақтылығына және түзетілген ТЭН-нің осы Талаптарға сәйкестігін тексереді және оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне:
1) осы Талаптардың 43-тармағына сәйкес болуы тиіс құжаттар болмаған;
2) болуы осы Талаптарға сәйкес қажетті ТЭН-дегі тараулар болмаған жағдайда қайтарады.
Құжаттар пакеті осы Талаптардың ережелеріне сай болмаған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы тармақта белгіленген мерзімнен кешіктірмей экономикалық сараптама жүргізуге белгіленген тиісті заңды тұлғаға, түзетілген БИЖ ТЭН қарастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі берген құжаттар пакетін қосымша бере отырып, түзетілген ТЭН-ге экономикалық сараптама жүргізу қажеттігі туралы хат жолдайды.
45. Түзетілген БИЖ ТЭН-не экономикалық сараптама БИЖ ТЭН-не экономикалық сараптама жүргізу үшін айқындалған сәйкес заңды тұлғаға осы Талаптардың 42 және 43-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық пакеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
46. Түзетілген БИЖ ТЭН-нің экономикалық сараптамасы БИЖ ТЭН-нің экономикалық сараптамасы үшін осы Талаптарда және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
47. Түзетілген БИЖ ТЭН-нің құрылымы және мазмұны, БИЖ ТЭН-нің тиісті тарауларында өзгеруі болжанған техникалық шешімдер және қосымша шығыстар, немесе енгізілетін қосымша бөліктер бойынша бұрын бекітілген БИЖ ТЭН-мен салыстыруды келтіре отырып, осы Талаптардың 2-тарауының ережелеріне сәйкес болуы тиіс.
48. Түзетілген БИЖ ТЭН-не экономикалық сараптаманың құрылымы және мазмұны осы Талаптардың 4-тарауының ережелеріне сәйкес болуы тиіс.
49. Экономикалық сараптаманың оң қорытындысын және келісімін алған БИЖ ТЭН Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бекітілуі тиіс.
5. Концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге
қойылатын талаптар
50. Концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеу мақсаты жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасын әзірлеуі болып табылады.
51. Кейінен қажетті сараптамаларды жүргізе отырып концессиялық жобаның ТЭН-н түзету техникалық шешімдерді өзгертуге және қосымша шығыстарға алып келетін концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда жүргізіледі.
52. Құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар концессиялық жобаның ТЭН-ге қойылатын талаптар осы Талаптармен және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаларымен және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын мемлекеттік нормативтермен белгіленеді.
53. Әзірлеу немесе түзетудің нәтижелері бойынша концессиялық жобаның ТЭН мынадай құрылымға сәйкес болуы тиіс:
жобаның паспорты;
кіріспе;
институционалдық бөлім;
маркетингтік бөлім;
техникалық-технологиялық бөлім;
экологиялық бөлім;
қаржылық бөлім;
әлеуметтік-экономикалық бөлім;
жобаның мемлекеттік бюджетке әсері;
қауіптерді бағалау және бөлу;
жоба бойынша қорытындылар;
қосымшалар (қажет болған жағдайларда).
54. ТЭН-де жобаның ерекшелігіне байланысты қосымша бөлімдер мен қосымшалар қосылады.
55. Жобаның паспортында жоба туралы қысқаша ақпарат ашылады.
Жобаның паспорты мынадай ақпараттардан құрылады:
концессиялық жобаның ТЭН-іне тапсырыс беруші мемлекеттік органның атауы;
концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеушінің атауы;
жобаның атауы;
жобаны іске асыру орны;
жобаның мақсаттары мен міндеттері, оның ішінде сандық мәнде;
жобаның ауқымы;
жобаның қуаттылығы;
жобаны іске асыру кезеңі:
объектіні салу кезеңі;
концессионердің объектіні пайдалану мерзімі;
жобаның концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберіндегі есептеулер үшін қабылданған ұлттық валютадағы және шет ел валютасындағы жоспарланған жалпы құны, оның ішінде:
инвестициялық шығындар;
пайдалану шығындары;
өзге де шығындар;
концессиялық жобаны қаржыландырудың болжамды көздері;
мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен көлемдері;
концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудан негізгі табыс алушылар.
56. "Кіріспе" бөлімінде концессиялық жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланған саланың (өңірдің) проблемасы сипатталады, сондай-ақ осы проблеманы, оның ішінде технологиялық, институционалдық, қаржылық шешімдер бойынша проблемаларды шешудің балама нұсқалары көрсетіледі.
57. Институционалдық бөлімде жобаның барлық тіршілік циклінің ішінде оны басқарудың ұсынылған оңтайлы схемасы, концессиялық жобаның қатысушылары және олардың функциялары, олардың өзара іс-қимыл тәртібі сипатталады.
Сондай-ақ осы бөлімде институционалдық шешімдер бойынша концессиялық жобаны іске асырудың балама нұсқаларына салыстырмалы талдау жүргізіледі.
58. Маркетингтік бөлімі жобаны іске асыру нәтижесінде түзілетін өнімге (тауарларға/қызметтерге) сұраныстың және өндірістің тұтыну факторларын ұсынудың қазіргі кездегі және болжамды (концессиялық жобаны іске асыру кезеңіндегі) конъюнктурасын талдауды қамтиды.
Бөлім мыналарды қамтиды:
сұраныстың мөлшерлік параметрлерін, оның үрдістерін талдау және негіздеу немесе концессиялық жоба шеңберінде өндіру жоспарланған өнімге (тауарға/қызметке) қажеттілікті бағалау;
тұтынушылар санаты бойынша саладағы (өңірдегі) ағымдағы жағдайды ескере отырып, жүргізілетін өнімнің (тауардың/қызметтің) көлемін, түрлерін және бағасын талдау;
жоба шеңберінде әлеуетті тұтынушылардың өнім (тауар/қызмет) бірлігін сатып алуға (өнім бірлігі үшін төлеуге) дайындығын және мүмкіндіктерін талдау;
өнім (қызмет) бірлігі үшін белгілі қолайлы (әлеуметтік-әділ) бағаны талдау және негіздеу;
тұтынушылардың санаты бойынша концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде өндірілетін өнімнің (тауарлардың/қызметтердің) көлемін, түрлерін және бағасын талдау;
концессиялық жобаны іске асыру үшін қажетті шикізаттар, материалдар, жабдықтар нарығын талдау, оның ішінде өндірушілер мен жеткізушілер, бағалар, сапа және өнімді жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;
инвестициялық, сондай-ақ инвестициядан кейінгі кезеңде жобаның тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, қажет болған жағдайда, шет елдік мамандарды тарту негіздемесі.
Әрбір кіші бөлімде, қолданылған ақпарат көздері және өткізілген маркетингтік зерттеулер бойынша есеп қоса берілген маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістемесі көрсетіледі.
59. Техникалық-технологиялық бөлім концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберінде қабылданған, жобаның параметрлері мен компоненттерін айқындайтын, жобаны іске асырудың техникалық-технологиялық шешімдерін қамтиды.
Бөлім мыналарды қамтиды:
жобаны іске асырудың таңдалған оңтайлы нұсқасының негіздемесімен техникалық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы және салыстырмалы талдауы;
жобаның іске асыру орнын шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті, өнімдерді (тауарларды/қызметтерді) тұтынушылардың көздеріне және орналасқан жерлеріне және өңірдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып көлік магистраліне жақындығына қатысты негіздеме;
қабылданған техникалық-технологиялық шешімдерді ескере отырып жобаның қуаттылығының есепті негіздемесі;
жобаны іске асыру көзделетін өңірдің инфрақұрылымына жобаның әсерін бағалау;
таңдалған жобалық жабдықтардың негіздемесі, оның ішінде қазіргі қолданыстағы жабдықтармен технологиялық үйлесімдігі (егер жобаны іске асыру шеңберінде мұндай болжанған болса), "баға-сапа" оңтайлы қатынасы, жабдықты таңдау жөніндегі балама нұсқалар, инновациялық жабдықтарды қолдану, ноу-хауды пайдалану, жобада сапа стандарттарын, жобаға қойылатын техникалық және технологиялық талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарды қолдану;
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормалары;
қолда бар көлік кіреберістерін және құралдарын, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтауды және кәрізді ескере отырып, жобаны іске асырудың инженерлік құрылыстармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қоймалық үй жайлармен қамтамасыз етілуі;
жоба бойынша уақыт ішіндегі іс-шаралардың бірізділігі мен ұзақтығы графикалық түрде көрсетілген, концессияға беруге ұсынылған объектіні құру/қайта жаңғырту мерзімін, оны іске асыру жылдары бойынша және технологиялық кезеңдері бойынша пайдалану мерзімін көрсететін жобаны іске асыру кестесі (жоспар-кесте).
Жоба бойынша техникалық-технологиялық шешімдерді таңдау кезінде, бірінші кезекте, экологияға ең аз теріс әсері бар және жобаны іске асырудан үлкен әлеуметтік-экономикалық тиімділік көрсететін шешімдер таңдалады.
60. Экологиялық бөлім мыналарды қамтиды:
жобаның қоршаған ортаның жай-күйіне әсерін бағалау, жобаны іске асырудан келетін экологиялық залалды сандық бағалау және оның зиянды әсерін азайту жөніндегі болжамды іс-шаралар;
өңірдегі, сонымен бірге жалпы Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін жобада болжанған іс-шаралар және сандық мәндегі олардың нәтижелері.
Концессиялық жобаның ТЭН-інде қоршаған ортаға әсерді бағалау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаға сәйкес орындалады.
61. Қаржылық бөлімде жобаны қаржыландырудың балама схемаларын және көздерін ескере отырып, қаржылық пайданы және шығындарды, жобаның іске асырылуына инфляцияның әсерін талдау, жобаның қаржылық тиімділігін бағалау жүргізіледі, концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберінде қабылданған қаржылық шешімдер ашылады.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
жалпы инвестициялық шығындардың есебі;
пайдалану шығындарының есебі (өндірістік шығындар, ұстауға арналған ағымдағы шығыстар);
өнімдердің (тауарлардың/қызметтердің) өзіндік құнының, тауарларды өткізу бағаларының (қызметтер тарифтерінің) есебі;
сатудан түсетін кірістердің есебі;
ақша қаражаттары ағынының есебі;
бөлінбеген және таза табыстық есебі;
инфляцияның, валюта бағамының есебі, дисконт нормасын және қауіптерге түзетулердің анықтамасы;
ең аз шығындарды талдау;
ең көп табысты талдау;
дисконттау әдісінің көмегімен жобаны талдау, оның ішінде таза келтірілген құнның есебін (Net Present Value - NPV), табыстылықтың ішкі нормасын (Internal Rate of Return, IRR), дисконтталатын пайда мен шығындардың, дисконтталатын ақталу мерзімінің қатынасын талдау;
жобаны қаржыландыру үшін қарыз қаражатын тартудың қолайлы параметрлерін айқындау;
пайдалану шығыстарын мұндай шығыстарды кім және қашан қаржыландыратынын айқындай отырып, қаржыландыру көздері;
жобаның үлестік қаржылық тиімділігінің, ағымдағы төлемге қабілеттігінің, қаржылық тетігін, борыштың қамтамасыз етілуін, капиталдың табыстылығының есебі;
жобаның сезімталдығын талдау және шығынсыздық шекарасын есептеу.
Бөлімде формулалар мен қабылданған рұқсат етулерді көрсете отырып, көрсеткіштерді есептеу тәртібі ашылады. Деректер мен есептеулер сәйкес түсініктемелері бар кестелер, графиктер, диаграммалар түрінде көрсетіледі.
Сандық және сапалық көрсеткіштер өзара байланысқан болуы тиіс және экономикалық аяқталған қорытындылары бар салыстырмалы кестелерде көрсетілген болуы тиіс. Талдау математикалық үлгілерді және халықаралық тәжірибені ескере отырып, эмпирикалық көрсеткіштерді пайдалана отырып, негізделген есептеулер негізінде жүргізілуі тиіс.
62. Әлеуметтік-экономикалық бөлімде жобаның әлеуметтік-экономикалық аспектілері және жобаны іске асырудан түсетін пайда көрсетіледі.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
саладағы (өңірдегі) және Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және оның жобасыз даму перспективаларын талдау, оның ішінде:
негізгі әлеуметтік көрсеткіштер (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім, туылу деңгейі);
негізгі салалық (өнірлік) көрсеткіштер (өнімдерді (тауарларды/қызметтерді) өндіру көлемі), жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесі, салаға (өңірге) жасалған инвестициялардың көлемі және олардың жоспарланатын мерзімдегі үрдістері);
нәтижелер, салдар мен әсер етулер, көбейтілген пайда мен шығындар, тұтынушының қосымша пайдасын, қалпына келмейтін шығындар, сыртқы әсерлер, халықаралық әсерлер, жобаны іске асырудан түсетін жанама пайданың талдауын қамтитын жоба бойынша пайда мен шығындар; ағымдағы бағалар мен өткен жылдың салыстырмалы бағаларындағы тура, жанама және жиынтық макроэкономикалық әсердің есебі;
таза қоғамдық пайда, экономикалық таза келтірілген табыстың (Economic net present value – ENPV), табыстылықтың экономикалық ішкі нормасының (Economic Internal Rate of Return – EIRR) көрсеткіштерін есептеу;
жобаны іске асырудың аралас салалардың (көрші өңірлердің) дамуына әсерін талдау;
жобаның Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновациялардың дамуына әсерін талдау.
63. "Жобаның мемлекеттік бюджетке әсері" бөлімінде мыналар көрсетіледі:
концессионер қызметін қолдау үшін көрсетілуі жоспарланған мемлекеттік қолдау түрлері мен көлемі, олардың есептеулері және негіздемесі;
жобаны іске асыру жылдары бойынша мемлекеттік бюджетке (республикалық немесе жергілікті) түсетін жүктеменің есебі;
концессия объектісін пайдалану кезінде мемлекеттік бюджетке түсуі жоспарланған салықтық түсімдер;
таза бюджеттік пайданың, бюджеттік таза келтірілген табыстың (мемлекеттік бюджеттің NPV), табыстылықтың бюджеттік ішкі нормасы (мемлекеттік бюджеттің IRR) көрсеткіштерінің есебі;
концессияның тиімді мерзімін айқындау;
концессия схемасы бойынша жобаны іске асырудың, жобаны тек мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен және мемлекеттік қарыздар есебінен қаржыландырылуын салыстырмалы талдауы.
64. "Қауіптерді бағалау және бөлу" бөлімінде жобаны іске асыру кезінде, оның ішінде дайындық кезеңінде, концессия объектісін салу/қайта жаңғырту және оны пайдалану кезеңінде басталуы мүмкін қауіптер сипатталады.
Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
коммерциялық тәуекетерді бағалау;
әлеуметтік тәуекетерді бағалау;
экономикалық тәуекетерді бағалау;
техникалық тәуекетерді бағалау;
қаржылық тәуекетерді бағалау;
тәуекелтердің негізгі факторларын, олардың өзгеруінің болжамды сипаттамасы мен диапазонын, оларды азайту бойынша болжамды іс-шараларды айқындайтын концессионер мен концедент үшін ерекше тәуекелдерді бағалау;
тәуекетерді жобаға қатысушылар арасында бөлуді талдау;
белгісіздік жағдайындағы талдау, оның ішінде негізгі параметрлер бойынша (өткізу көлемі, өткізу бағасы, тікелей шығындар) сезімталдықты талдау, оның ішінде параметрдің өзгеруінің шекті рұқсат етілген мәндерін айқындау;
тәуекетерді бағалау сандық және сапалық талдау әдісімен жүргізіледі.
65. "Жоба бойынша қорытынды" бөлімінде мыналар сипатталады:
жоба бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктер;
жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасы;
жоба бойынша сыни тәуекелдер қауіптер және оларды азайту жөніндегі шаралар.
66. Концессиялық жобаның ТЭН-і концессиялық жобаның ТЭН-інде келтірілген ақпаратты растайтын және ашатын жобаны іске асырудың қарастырылатын нұсқаларының (жобаны қаржыландыру көздері бойынша) әрқайсысы бойынша қаржылық-экономикалық үлгілерден, графиктерден, диаграммалардан, суреттерден, жергілікті жердің карталарынан тұратын қосымшаны қамтиды.
67. Концессиялық жобаның ТЭН Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына қағаз және электронды тасығыштарда, оның ерекшелігіне байланысты тиісті оң сараптамаларын қоса бере отырып, атап айтқанда:
1) жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүргізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасын;
2) тиісті саланың уәкілетті органның сараптамасын;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасын;
4) банктік сараптамасын;
5) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы ұсынылады.
6. Концессиялық жобаның ТЭН-ін сараптауға қойылатын талаптар
68. Концессиялық жобаның ТЭН-іне экономикалық сараптама жүргізудің мақсаты ТЭН-де ұсынылған концессиялық жобаны іске асыру нұсқасының коммерциялық, бюджеттік және әлеуметтік-экономикалық тиімділігін айқындау болып табылады.
69. Құрылыс саласындағы концессиялық жобаның ТЭН бойынша жобалардың мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүргізеді.
70. Құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс шешімдері бар концессиялық жобаның ТЭН-н сараптауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы заңнамалармен және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтермен белгіленеді.
71. Концессиялық жобаның ТЭН-ін экономикалық сараптаудың нәтижесі оң немесе теріс қорытынды болып табылады.
Экономикалық сараптаманың оң қорытындысы концессиялық жобаның ТЭН-інде көрсетіледі, онда концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберінде белгіленген экономикалық сараптаманың нәтижелері бойынша оны іске асырудың оңтайлы нұсқасы тиімді болып табылады.
Экономикалық сараптаманың теріс қорытындысы концессиялық жобаның ТЭН-інде көрсетіледі, онда концессиялық жобаның ТЭН-і шеңберінде белгіленген экономикалық сараптаманың нәтижелері бойынша оны іске асырудың оңтайлы нұсқасы тиімсіз болып табылады.
72. Концессиялық жобаның ТЭН-і осы Талаптардың 52-66-тармақтарына сәйкес болмаған жағдайында пысықтауға жіберіледі.
73. Концессиялық жобаның ТЭН-не экономикалық сараптама
(бұдан әрі – концессиялық жобаға сараптама) жүргізу кезінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
жобаның нәтижелілігі – оны жүзеге асырудың оң тиімділігі, яғни жинақталатын нәтижелер бағасының жобаны іске асыру үшін талап етілетін жиынтық шығындардың бағасынан асып кетуі;
барабарлық және объективтілік – дұрыс еместік және белгісіздік дәрежесін ескере отырып жобаға қатысты объектінің құрылымын және сипаттамасын дұрыс көрсету;
жинақтылық – экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік, экологиялық және басқа да экономикадан тыс салаларда жобаны іске асырудың әртүрлі салдарын есепке алу және нәтижелер мен шығындардың тиісті түрлері мен шамаларын айқындау;
жекелік – әрбір қатысушы тұрғысынан жобаның тиімділігін бағалау;
келісілгендік – концессиялық жобаның ТЭН-інің әртүрлі бөлімдерінде көрсетілген және құжаттарда келтірілген деректер мен ақпараттар өзара келісіледі;
дұрыстық – концессиялық жобаның ТЭН-і бөлімдерінде көрсетілген ақпараттар мен деректер концессиялық жоба ТЭН-інің басқа сараптамаларының қорытындыларында расталған және құжаттар мен есептеулерде келтірілген;
негізділік – концессиялық жобаның ТЭН-інің шеңберінде қабылданған шешімдер негізделген болып табылады;
есептеудің дұрыстығы – есептеу тәртібі және алынған көрсеткіштер дұрыс болып табылады.
74. Сараптама "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабында белгіленген концессияның негізгі қағидаттарын ескере отырып, концессиялық жобаның ұсынылған ТЭН-інің және жобаның ерекшелігіне байланысты концессиялық жобаның ТЭН-іне жүргізілуі қажетті тиісті оң сараптамалар негізінде жүргізіледі, атап айтқанда:
1) мемлекеттік сараптамасы;
2) тиісті саланың уәкілетті органының сараптамасы;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасы;
4) банктік сараптама;
5) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы.
75. Концессиялық жоба сараптамасының қорытындысы мыналарды қамтуы тиіс:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жобаның іске асырылуын талдау;
жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдау;
жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігін талдау;
мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ескере отырып жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігін талдау;
жоба тәуекелдерді мен оларды азайту жөніндегі шараларды талдау;
тұжырымдар мен ұсынымдар.
Бюджеттік инвестициялық және
концессиялық жобалардың техникалық-
экономикалық негіздемелерін
әзірлеуге немесе түзетуге,
сондай-ақ қажетті сараптамалар
жүргізуге қойылатын талаптарға
1-қосымша
Нысан
Бюджеттік инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы
№ р/с |
Көрсеткіштің атауы |
Сипаттамасы |
||||||
1. |
Жобаның атауы |
|||||||
2. |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы |
|||||||
3. |
Жобаның өтінім берушісінің атауы (республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферті есебінен қаржыландыру арқылы жүзеге асырылуы болжанған жобаны қарастыру жағдайында көрсетіледі) |
|||||||
4. |
Жобаның іске асырылу орны |
|||||||
5 |
Жобаның мақсаты және міндеттері |
|||||||
6 |
Нәтиженің көрсеткіштері (тікелей және түпкілікті) |
|||||||
7 |
Жобаның құрамдас бөліктері |
|||||||
8 |
Жобаның ауқымы және жобаның қуаттылығы |
|||||||
9 |
Нысаналы топтар, оның ішінде негізгі пайда алушылар |
|||||||
10. |
Нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде жобаны іске асыру болжанған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары |
|||||||
11. |
Жоба бойынша инвестициялық ұсынысты экономикалық бағалау қорытындысының күні және нөмірі |
|||||||
12 |
Қаржыландыруы жылдарға бөлінген жобаның жалпы бағасы |
|||||||
Қаржыландыру көзі |
Қаржыландыру нысаны |
Ж |
Қаржыландыру нысаны |
Ж |
Қаржыландыру нысаны |
Ж |
Барлығы |
|
Республикалық бюджет |
||||||||
Жергілікті бюджет |
||||||||
Басқа көздер |
||||||||
Жиыны: |
||||||||
13. |
ТЭН-ді әзірлеу мен сараптама жүргізуді қаржыландыру көзі және сомасы |
|||||||
ТЭН-ді әзірлеу және сараптама жүргізуді қаржыландырудың көзі |
||||||||
ТЭН-ді әзірлеу және сараптама жүргізудің құны |
||||||||
ТЭН әзірлеушінің атауы |
||||||||
ТЭН әзірлеу жөніндегі шарттың деректемелері |
||||||||
14. |
Жобаны іске асыру мерзімі |
|||||||
15. |
Жобаның жұмыс істеуінің қалыпты режимін қамтамасыз ету үшін сапалық және сандық талаптар |
|||||||
16. |
Жобаның жұмыстардағы, тауарлар мен қызметтердегі жоспарланған қазақстандық қамту көлемі |
Ескертпе:
7-жолда әрбір іс-шаралар бойынша іс-шаралар мен жұмыс түрлері көрсетіледі.
8-жолда көрсетіледі: ауқым – белгілі уақыт мерзімі ішінде жобаның қуаттылығына жету үшін қажетті, жобаның іске асырылу мерзімі ішінде жетуге жоспарланған шамалардың сандық сипаттамалары; жобаның қуаттылығы – жобаның нысаналы бағытын (халықтың өмірсүруінің, әлеуметтік саланың, экономиканың, қоғамдық қауіпсіздіктің және мемлекеттік басқарудың және басқа салалардың (аялардың) деңгейі мен сапасы және инвестициялаудан кейінгі мерзімде қол жеткізілетін жоба ауқымына байланысты сандық шама (тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді шығару).
10-жолда шеңберінде жобаны іске асыру жүргізілетін нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі;
12-жолда көрсетіледі:
Республикалық бюджет – республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен несиелердің және нысаналы даму трансфертінің есебінен қаржыландыру жоспарланған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша ТЭН іс-шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен сұралатын сома;
жергілікті бюджет – жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша ТЭН іс-шараларын жүзеге асыруға, сондай-ақ жүзеге асырылуы үшін жоғарыда тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферт бөлінетін жергілікті бюджеттен жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды қосымша қаржыландыру кезінде сұралатын (жоспарланатын) сома;
өзге көздер – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен берілетін мемлекеттік емес қаражаттардың есебінен қаржыландыру болжанған инвестициялық жобалар бойынша жоспарланған сома.
Ақпараттандыру саласындағы жобалар бойынша 15-жолда:
Жобаның өнімділігіне қойылатын талаптар, оның ішінде қажетті қайта жауап беру уақыты (жүйенің тұтынушының іс-қимылына жауап беруі), өткізу қабілеті (жүйенің қанша сұранысты өңдей алуы) және уақыт бірлігіне барынша көп сұраныстар саны;
Жобаның істен шығуына қойылатын талаптар (жобаның істен шығуына қойылатын талаптар), оның ішінде бас тартылған жағдайда жыл ішінде жоспарлы қызмет көрсету көлемі, жылынатартуға орташа жұмыс, қосымшаның жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру уақыты.
Жоба бойынша 16-жолда ақпараттандыру саласында:
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу/дамытуда қазақстандық қамту үлесін қоса алғанда жобаның жұмысында, тауарларында және қызметтерінде қазақстандық қамтудың жоспарланатын көлемі көрсетіледі.
Бюджеттік инвестициялық және
концессиялық жобалардың техникалық-
экономикалық негіздемелерін
әзірлеуге немесе түзетуге,
сондай-ақ қажетті сараптамалар
жүргізуге қойылатын талаптарға
2-қосымша
Нысан
______________________ жобасының құрамдауыштары
бойынша қаржыландыруды бөле отырып,
жобаны іске асыру кестесі (оның ішінде
технологиялық кезеңдер бойынша)
Құрамдауыштың атауы |
Құрамдауыштың бағасы, оның ішінде өткізу жылдары бойынша, теңге |
Жұмыстардың орындалу кестесі, оның ішінде айлар/тоқсандар бойынша |
||||||||||
ЖЖЖЖ |
ЖЖЖЖ |
|||||||||||
ж |
ж |
n |
ж |
1-тоқсан |
2-тоқсан |
3-тоқсан |
4-тоқсан |
1-тоқсан |
2-тоқсан |
3-тоқсан |
4-тоқсан |
|
1-құрамдауыш |
||||||||||||
2-құрамдауыш |
||||||||||||
3-құрамдауыш |
||||||||||||
n құрамдауышы |
Бюджеттік инвестициялық және
концессиялық жобалардың техникалық-
экономикалық негіздемелерін
әзірлеуге немесе түзетуге,
сондай-ақ қажетті сараптамалар
жүргізуге қойылатын талаптарға
3-қосымша
Нысан
______________ жобасының институционалдық сызбасы
р/с № |
Жобаға қатысушының атауы |
Жобаға қатысушы туралы ақпарат |
Жобаға қатысушының қызметі |
Жобаға қатысушының жауапкершілігі |
1 |
Бағдарламаның әкімшісі |
|||
2 |
Жобаның өтінім берушісі (республикалық бюджеттен дамуға арналған нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландыру арқылы жүзеге асырылуы болжанған жобаны қарастырған жағдайда көрсетіледі) |
|||
3 |
Жобаға қатысушы (инвестициядан кейінгі мерзімдегі баланс ұстаушы) |
|||
4 |
Жобаға қатысушы (Пайдаланушы ұйым) |
|||
5 |
Жобаға қатысушы |
|||
6 |
n Жобаға қатысушы |
Бюджеттік инвестициялық және
концессиялық жобалардың техникалық-
экономикалық негіздемелерін
әзірлеуге немесе түзетуге,
сондай-ақ қажетті сараптамалар
жүргізуге қойылатын талаптарға
4-қосымша
Нысан
_______________________ жобасының қаржылық-экономикалық
моделінің негізгі параметрлері
р/с |
Параметрдің атауы |
Параметрдің мәні |
Негіздеме |
1 |
Жобаның жалпы бағасы |
Мың теңге |
|
2 |
Инвестициялық кезең |
жжжж-жжжж |
|
3 |
Инвестициялаудан кейінгі кезең |
жжжж-жжжж |
|
4 |
Дисконттау ставкасы (коэффициенті) |
% |
|
5 |
Инфляция деңгейі |
% |
|
6 |
Салық ставкалары |
% |
|
7 |
Амортизация нормалары |
||
8 |
Салалық көрсеткіштер |
||
9 |
Макроэкономикалық индикаторлар |
||
10 |
Өзгелер |
Ескертпе:
4-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын, ТЭН әзірлеу сәтіне (бірақ 6 айдан артық емес) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыруының ресми ставкасы көрсетіледі.
5-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің және/немесе макроэкономикалық көрсеткіштерінің орта мерзімді болжамына сәйкес инфляция деңгейі көрсетіледі. Бұл ретте, келесі инвестициядан кейінгі кезең ішінде Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты/немесе макроэкономикалық көрсеткіштерінің орта мерзімді болжамына сәйкес көрсетілген соңғы жылға инфляция деңгейіне қабылданады;
6-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын ТЭН әзірлеу сәтіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес салық ставкасы көрсетіледі.
7-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын ТЭН әзірлену сәтіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес амортизация нормалары көрсетіледі.
8-жолда келесі сипаттамаларға жауап беретін, қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын көрсеткіштер көрсетіледі:
ұлттық шоттар жүйесінде деректердің болуы;
мемлекеттік, стратегиялық, бағдарламалық құжаттарымен, оның ішінде мемлекеттік органның стратегиялық құжаттарымен белгіленген нысаналы мәндердің болуы.
9-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын, Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштерінің орта мерзімді болжамына сәйкес макроэкономикалық индикаторлардың мәні көрсетіледі. Сондай-ақ экономиканың макроэкономикалық дамуының негізгі немесе ықпалдасқан индикаторын қолдануға болады (егер оны көрсету мүмкін болғанда). Мысалы, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, өнеркәсіптік өнімдердің көлемі, мұнайға әлемдік бағалар (Brent қоспасы) және басқалар.
10-жолда қаржылық және экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеуде қолданылатын басқа көрсеткіштер (параметрлер) көрсетіледі.
Бюджеттік инвестициялық және
концессиялық жобалардың техникалық-
экономикалық негіздемелерін
әзірлеуге немесе түзетуге,
сондай-ақ қажетті сараптамалар
жүргізуге қойылатын талаптарға
5-қосымша
Нысан
_______________ жобасының қаржылық тиімділігі көрсеткіштерін
есептеу
№ |
Атауы |
Ескерту (негіздеме, ТЭН-ге сілтеме, сараптамалар |
1 |
2 |
3 |
... |
n |
1 |
Тікелей ақша ағындары |
||||||
2 |
Инвестициялық шығындар |
||||||
3 |
Пайдалану шығындары |
||||||
4 |
Шығындар жиыны |
||||||
5 |
Таза ақша ағынының жиыны |
||||||
6 |
Таза дисконтталған ақша ағынының жиыны |
||||||
7 |
Таза дисконтталған табыс (NPV) |
||||||
8 |
Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR) |
||||||
9 |
(қаржылық) ақталудың қарапайым мерзімі |
||||||
10 |
(қаржылық) өтелудің дисконтталатын мерзімі |
Ескертпе:
1-жолда инвестициядан кейінгі кезең ішінде жобаны іске асыруға байланысты барлық ақшалай түсімдер мен төлемдер көрсетіледі.
2-жолда инвестициялық кезеңдегі барлық ақша салымдарын, оның ішінде жобалау-іздеу жұмыстарының, жер телімін сатып алу немесе жалға алу, оны бөлу және құрылыс салу үшін игеру құны, аумақты құрылысқа дайындау жөніндегі жұмыстардың және құрылыс-құрастыру жұмыстарының, жабдықтардың және т.б. құнын ескере отырып, жобаның құны көрсетіледі.
3-жолда объектіні пайдалануға беру сәтінен бастап сүйемелдеуге және/немесе ұстауға бағытталған барлық ақшалай шығындар көрсетіледі.
4-жолда 6-қосымшада келтірілген тәуекел құнының шамасын қосу арқылы анықталған ақша баламасындағы (мың теңге) жоба тәуекелдердің жиынтық сомасы көрсетіледі.
5-жолда тікелей ақша ағындары мен шығындары арасындағы айырмашылық көрсетіледі:
5 жол = 1 жол – 4 жол.
6-жолда келесі формула бойынша есептелетін коэффициентке таза ақша ағынын көбейту жолымен алынған шамалар көрсетіледі:
1
k = -------
(1+r)i
r – 3-қосымшада келтірілген дисконттау ставкасы;
i – жобаны іске асырған жүзеге асырылған жылдың (1-ден бастап n-ге дейін) реттік нөмірі.
7-жолда 6 жолда келтірілген таза дисконтталған ақша ағынын жинақтау арқылы алынған шама көрсетіледі.
8-жолда таза дисконтталған табыс (8 жол) нөлге тең болатын дисконттау ставкасын табу арқылы алынған шама көрсетіледі.
9-жолда таза ақша ағынының есебінен инвестициялық шығындарды төлеу үшін қажетті уақыт мерзімін (жылдар, айлар) анықтау арқылы алынған шама көрсетіледі.
10-жолда таза дисконтталған ақша ағынының есебінен инвестициялық шығындарды төлеу үшін қажетті уақыт мерзімін (жылдар, айлар) анықтау арқылы алынған шама көрсетіледі.
Бюджеттік инвестициялық және
концессиялық жобалардың техникалық-
экономикалық негіздемелерін
әзірлеуге немесе түзетуге,
сондай-ақ қажетті сараптамалар
жүргізуге қойылатын талаптарға
6-қосымша
Нысан
_______________________ жобасының NPV және IRR сезімталдығын саралау нәтижелері
"Өткізу мөлшері" көрсеткіші бойынша
Көрсеткіштің атауы |
-20% |
-10% |
0% |
+10% |
+20% |
n |
Таза дисконтталған табыс (NPV), мың теңге |
||||||
Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR), % |
"Өткізу бағасы" көрсеткіші бойынша
Көрсеткіштің атауы |
-20% |
-10% |
0% |
+10% |
+20% |
n |
Таза дисконтталған табыс (NPV), мың теңге |
||||||
Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR), % |
"Инвестициялық шығындар мөлшері" көрсеткіші бойынша
Көрсеткіштің атауы |
-20% |
-10% |
0% |
+10% |
+20% |
n |
Таза дисконтталған табыс (NPV), мың теңге |
||||||
Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR), % |
"Пайдалану шығындарының мөлшері" көрсеткіші бойынша
Көрсеткіштің атауы |
-20% |
-10% |
0% |
+10% |
+20% |
n |
Таза дисконтталған табыс (NPV), мың теңге |
||||||
Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR), % |
Бюджеттік инвестициялық және
концессиялық жобалардың техникалық-
экономикалық негіздемелерін
әзірлеуге немесе түзетуге,
сондай-ақ қажетті сараптамалар
жүргізуге қойылатын талаптарға
7-қосымша
Нысан
________________ жобасының ең аз шығындарын талдау
көрсеткіштері
Нұсқалар |
Атауы |
Ескерту (негіздеме, ТЭН-ге сілтеме, сараптаулар) |
жжжж |
жжжж |
жжжж |
n |
Жиыны |
1-нұсқа |
Инвестициялық шығындар |
||||||
Пайдалану шығындары |
|||||||
Бірінші нұсқа бойынша жиыны |
|||||||
Шығындардың келтірілген құны |
|||||||
2-нұсқа |
Инвестициялық шығындар |
||||||
Пайдалану шығындары |
|||||||
Екінші нұсқа бойынша жиыны |
|||||||
Шығындардың келтірілген құны |
|||||||
3-нұсқа |
Инвестициялық шығындар |
||||||
Пайдалану шығындары |
|||||||
n нұсқасы бойынша жиыны |
|||||||
Шығындардың келтірілген құны |
Бюджеттік инвестициялық және
концессиялық жобалардың техникалық-
экономикалық негіздемелерін
әзірлеуге немесе түзетуге,
сондай-ақ қажетті сараптамалар
жүргізуге қойылатын талаптарға
8-қосымша
Нысан
Жоба шығындарының тиімділігін талдауға
арналған көрсеткіштер ______________________
Нұсқалар |
Көрсеткіштің атауы |
Ескерту (негіздеме, ТЭН-ге сілтеме, сараптаулар) |
жжжж |
жжжж |
жжжж |
n |
Жиыны |
1-нұсқа |
Инвестициялық шығындар |
||||||
Пайдалану шығындары |
|||||||
Бірінші нұсқа бойынша жиыны |
|||||||
Шығындардың келтірілген құны |
|||||||
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу көлемі |
|||||||
Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірлігіне жұмсалатын үлестік шығындар |
|||||||
2-нұсқа |
Инвестициялық шығындар |
||||||
Пайдалану шығындары |
|||||||
Екінші нұсқа бойынша жиыны |
|||||||
Шығындардың келтірілген құны |
|||||||
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу көлемі |
|||||||
Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірлігіне жұмсалатын үлестік шығындар |
|||||||
n нұсқасы |
Инвестициялық шығындар |
||||||
Пайдалану шығындары |
|||||||
n нұсқасы бойынша жиыны |
|||||||
Шығындардың келтірілген құны |
|||||||
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу көлемі |
|||||||
Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірлігіне жұмсалатын үлестік шығындар |
Бюджеттік инвестициялық және
концессиялық жобалардың техникалық-
экономикалық негіздемелерін
әзірлеуге немесе түзетуге,
сондай-ақ қажетті сараптамалар
жүргізуге қойылатын талаптарға
9-қосымша
Нысан
_________________ жобасының экономикалық тиімділігінің
көрсеткіштерін есептеу
№ |
Атауы |
Ескерту (негіздеме, ТЭН-ге сілтеме, сараптамалар) |
1 |
2 |
3 |
... |
n |
1 |
Тікелей ақша ағыны |
||||||
2 |
Жанама экономикалық пайда |
||||||
3 |
Экономикалық пайдалардың жиыны |
||||||
4 |
Инвестициялық шығындар |
||||||
5 |
Пайдалану шығындары |
||||||
6 |
Жанама экономикалық шығындар |
||||||
7 |
Жобаның тәуекелдері |
||||||
8 |
Экономикалық шығындардың жиыны |
||||||
9 |
Таза экономикалық ағынның жиыны |
||||||
10 |
Таза дисконтталған экономикалық ағынның жиыны |
||||||
11 |
Экономикалық таза дисконтталған табыс (ENPV) |
||||||
12 |
Табыстылықтың экономикалық ішкі нормасы (EIRR) |
Ескерту:
1-жолда инвестициялаудан кейінгі мерзім ішінде жобаны іске асыруға байланысты ақшалай барлық келіп түскен түсімдер мен төлемдер көрсетіледі.
2-жолда жобаны жүзеге асыруға байланысты барлық табыстар, оның ішінде инвестициялаудан кейінгі барлық мерзім үшін анықталатын, қосымша әлеуметтік-экономикалық, аралас салалардағы (аялардағы) экологиялық тиімділік көрсетіледі. Барлық пайдалар ақша баламасында (мың теңге) келтіріледі.
3-жолда тікелей ақша құйымдары және жанама экономикалық пайдалардың қосынды бағасы көрсетіледі.
4-жолда инвестициялық мерзімдегі барлық ақша салымдарын, оның ішінде жобалау-іздеу жұмыстарының, жер телімін сатып алу немесе жалға алу, оны бөлу және құрылыс салу үшін игеру бағасы, аумақты құрылысқа дайындау жөніндегі жұмыстардың және құрылыс-құрастыру жұмыстарының, жабдықтардың және т.б. бағаларын ескергендегі жобаның бағасы көрсетіледі.
5-жолда нысанды пайдалануға беру сәтінен бастап сүйемелдеуге және/немесе ұстауға бағытталған барлық ақшалай шығындар көрсетіледі.
6-жолда барлық болжанатын шығындар, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және пайдалану шығындарын қоспағанда жобаны жүзеге асырудың салдарына байланысты, экономиканың аралас салаларындағы (аясындағы) шығындар көрсетіледі. Барлық шығындар ақша баламасында (мың теңге) келтіріледі.
7-жолда 6-қосымшада келтірілген тәуекелдердің бағаларының шамаларын қосу арқылы анықталған ақшалай баламадағы (мың теңге) жоба тәуекелдерінің жиынтық бағасы көрсетіледі.
8-жолда инвестициялық және пайдалану шығындарының, жанама экономикалық шығындардың және жоба тәуекелдерінің жиынтық бағасы көрсетіледі.
9-жолда экономикалық пайдалар мен шығындар арасындағы айырмашылық көрсетіледі.
10-жолда келесі формула бойынша есептелетін коэффициентке таза экономикалық ағынды көбейту жолымен алынған шамалар көрсетіледі:
1
k = -------
(1+r)i
r – 3-қосымшада келтірілген дисконттау ставкасы;
i – жобаны іске асыру жылының реттік нөмірі (1-ден бастап n-ге дейін).
11-жолда, 10-жолда келтірілген таза дисконтталған экономикалық ағынды жинақтау арқылы алынған шама көрсетіледі.
12-жолда экономикалық таза дисконтталған табыс нөлге тең болатын дисконттау ставкасын табу арқылы алынған шама көрсетіледі.
Бюджеттік инвестициялық және
концессиялық жобалардың техникалық-
экономикалық негіздемелерін
әзірлеуге немесе түзетуге,
сондай-ақ қажетті сараптамалар
жүргізуге қойылатын талаптарға
10-қосымша
Нысан
_______________________ жобасының ENPV және EIRR сезімталдығын
саралау нәтижелері
"Өткізу көлемі" (сұраныс) көрсеткіші бойынша
Көрсеткіштің атауы |
-20% |
-10% |
0% |
+10% |
+20% |
n |
Таза дисконтталған табыс (NPV), мың теңге |
||||||
Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR), % |
"Инвестициялық шығындардың көлемі" көрсеткіші бойынша
Көрсеткіштің атауы |
-20% |
-10% |
0% |
+10% |
+20% |
n |
Таза дисконтталған табыс (NPV), мың теңге |
||||||
Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR), % |
"Инвестициялық шығындардың көлемі" көрсеткіші бойынша
Көрсеткіштің атауы |
-20% |
-10% |
0% |
+10% |
+20% |
n |
Таза дисконтталған табыс (NPV), мың теңге |
||||||
Кірістіліктің ішкі нормасы (IRR), % |
Бюджеттік инвестициялық және
концессиялық жобалардың техникалық-
экономикалық негіздемелерін
әзірлеуге немесе түзетуге,
сондай-ақ қажетті сараптамалар
жүргізуге қойылатын талаптарға
11-қосымша
Нысан
_______________________ жобасының тәуекелдері
Тәуекелдің атауы |
Тәуекелдің басталу ықтималдығы |
Тәуекелдің басталуынан келетін зиян |
Тәуекелдің бағасы |
Тәуекелдерді азайту жөніндегі болжанған іс шаралар |
|
Іс шаралар |
Жауапты қатысушы |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Коммерциялық тәуекелдер |
|||||
1-тәуекел... |
|||||
n-тәуекел |
|||||
Техникалық тәуекелдер |
|||||
n-тәуекел |
|||||
n-тәуекел |
|||||
Риск n |
|||||
Институционалдық тәуекелдер |
|||||
n-тәуекел |
|||||
Қаржылық тәуекелдер |
|||||
n-тәуекел |
|||||
әлеуметтік тәуекелдер |
|||||
n-тәуекел |
|||||
Жиыны: |
Ескертпе:
1-бағанда әрбір тәуекел үшін 0-ден 1-ге дейінгі үлестерде тәуекелдердің (қолайсыз оқиғаның) басталу ықтималдығы көрсетіледі. Ықтималдық келесі әдістердің біреуі арқылы анықталады:
сараптамалық бағалау әдісі;
нормативтік әдіс (негіздемелік нормативтік және әдістемелік құжаттар негізінде);
ұқсастықтар әдісі (ұқсас инвестициялық жобаларды саралау);
статистикалық әдіс;
және басқалар.
2-бағанда тәуекелдің басталуынан келетін зиянның шамасы ақшалай баламада (теңге) көрсетіледі. Зиянның шамасы келесі әдістердің біреуі арқылы анықталады:
сараптамалық бағалау әдісі;
нормативтік әдіс (негіздемелік нормативтік және әдістемелік құжаттар негізінде);
ұқсастықтар әдісі (ұқсас инвестициялық жобаларды саралау);
статистикалық әдіс;
және басқалар.
3-бағанда ақшалай баламадағы (теңге) тәуекелдің бағасы көрсетіледі. Әрбір тәуекелдің бағасы басталу ықтималдығын тәуекелдің басталуынан келген зиянға көбейту арқылы анықталады.
4-бағанда әрбір тәуекелді азайту жөніндегі болжанған іс шаралар көрсетіледі.
5-бағанда әрбір тәуекелді азайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың институционалдық сызбасына сәйкес жобаның жауапты қатысушылары көрсетіледі.
«Жиыны» жолында ақшалай баламадағы (теңге) жобаның тәуекелдерінің жиынтық бағасы көрсетіледі. Жоба тәуекелдерінің жиынтық сомасы тәуекел бағаларының шамаларын қосу арқылы анықталады.