«Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат Министрінің 28 қазандағы 2010 жылғы № 294 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 31 шілдедегі № 178 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабының 2 тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың
«Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат Министрінің 28 қазандағы 2010 жылғы № 294 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6657 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 141-144 (26546); Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2011 жылғы, № 1 (Тиражға шыққан уақыты 25.03.2011 ж.) жарияланған күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің Байланыс департаменті (Ярошенко В.В.):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуін;
      2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                            А.Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады