Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың "Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызметінің регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 30 қарашада N 6657 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 31 шілдедегі № 178 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі Төрағасының 31.07.2014 № 178 бұйрығымен.

      «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 868 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Радиоэлектронды құралдар және жоғарғы жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызметінің регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы    
Байланыс және ақпарат министрінің
2010 жылғы 28 қазандағы   
№ 294 бұйрығымен бекітілген 

Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызметінің регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызметінің регламентінде (бұдан әрі – Регламент) пайдаланатын ұғымдар:
      1) жоғары жиілікті құрылғылар (бұдан әрі – ЖЖҚ) – генерирлеуге және электромагниттік энергияны өндірістік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа да мақсаттарға телекоммуникация саласында қолдануды қоспағанда пайдалануға арналған жабдықтар және (немесе) құрылғылар;
      2) өтініш беруші – радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың иесі, жеке немесе заңды тұлға;
      3) радиожиілік спектрі – 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі ауқымдағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
      4) радиоэлектрондық құралдар (РЭҚ) – көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;

2.Жалпы ережелер

      2. Осы Регламент РЭҚ және ЖЖҚ регламенті мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың «радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі қызметінің тәртібін анықтайды, «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызмет стандартының сақталуын қамтамасыз ету талаптарын белгілейді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған. Тұтынушының мемлекеттік қызметті жазбаша нысанда немесе «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» бөліміндегі (портал мекенжайы http://surd.mci.gov.kz) рұқсат құжаттарын есепке алу жүйесі арқылы алу мүмкіндігі бар.
      4. Мемлекеттік қызмет «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы, «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 868 «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» бекітілген қаулысының (бұдан әрі - Қаулы) негізінде көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нәтижесі қаулыға сәйкес ресімделген радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету реттілігіне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекциялары (бұдан әрі – Инспекция) көрсетеді.
      7. Инспекциялардың ақпараты және мекен жайлары осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің: www.mci.gov.kz интернет-ресурсында «Байланыс» бөлімінің «Мемлекеттік қызмет стандарттары» бөлімшесінің, одан әрі «Қаулы», сондай-ақ инспекциялардың арнайы ақпарат стендінде орналастырылады.
      Жұмыс кестесі күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алдын ала жазылу, сондай-ақ жеделдетіп қызмет көрсету болмайды.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      а) тұтынушы қажетті құжаттарды өткізген сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;
      б) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру сәтінен бастап (тіркелген сәттен бастап) – 3 (үш) жұмыс күні;
      в) мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау салу беру сәтінен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған (тіркеген кезде) кезде, өтініш берушінің көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін электрондық сұрау салудың қалыптасуына жасаудың ең көп рұқсат етілетін күту уақыты - 15 минуттан аспайды;
      3) өтініш берушінің куәлік алу кезінде, кезек күтуінің ең көп уақыты мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ретінде – 15 минуттан көп емес.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру және мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту үшін не ұсынылған құжаттар пакетінің жиынтықсыздығы осы Регламенттің 13-тармағына сәйкес дұрыс рәсімделмеуі негіз болып табылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге РЭҚ пен ЖЖҚ куәлігін беруден бас тарту туралы себебі жазбаша көрсетілген дәлелденген растау беріледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекет (өзара әрекеттілік) реттілігінің сипаттамасы

      12. Құжаттарды қабылдау кезінде инспекция кеңсесінің қызметкері құжаттардың осы Регламенттің 13-тармағына сәйкестігін қарайды және тұтынушыға өтініштің кіріс нөмірі мен қабылданған күні және тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат береді.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) Қаулымен бекітілген үлгідегі өтініш;
      2) Қаулыға сәйкес ресімделген РЭҚ пен ЖЖҚ-ны тіркеу түріне сәйкес сауалнама;
      3) сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі;
      4) РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік бюджетке алымды төлегенін растайтын құжаттар;
      5) радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттың көшірмесі (егер радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ресімдеу көзделген жағдайда);
      6) РЭҚ пен ЖЖҚ-ны сатып алу тармағын көрсете отырып, сатып алудың және (немесе) шетелден әкелудің (әкелінген жағдайда) заңдылығын растайтын құжаттар (кепілдік талонының, зауыттық нөмірлері көрсетілген жүкқұжат шот-фактурасының көшірмесі);
      7) РЭҚ пен ЖЖҚ-ның электромагниттік үйлесімділігі (бұдан әрі – ЭМҮ) қорытындысының көшірмесі (егер ЭМҮ қорытындысын алу көзделген жағдайда).
      8) Бұл ретте ЖЖҚ-ны тіркеу үшін 3), 5), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Телефон арнасының радиоұзартқыштарын және 27 МГц жиілік диапазонында РЭҚ-ті тіркеу өтініміне 7-тармақта келтірілген құжаттардың орнына Қаулыға сәйкес сауалнама-өтініш қоса беріледі.
      14. Инспекцияға келіп түсетін құжаттардың өтінімдер пакетін жұмыс күндері олар түскен күні сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін кеңсе қызметкері қабылдайды және тіркейді, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін. Инспекцияға келіп түсетін құжаттар алғашқы өңдеуден, тіркеуден өтеді және инспекция басшылығына жеткізіледі.
      Инспекция басшылығы құжаттарды қарауды олар инспекцияға келіп түскен күні жүргізеді.
      Құжаттар қаралып, оларға инспекция басшылығы тиісті бұрыштамалар қойғаннан кейін электрондық құжат айналымы жүйесінде және қағаз тасығышта бұрыштамалары бар құжаттар, оларды одан әрі орындау үшін Инспекцияның тиісті бөлімшелерінің жауапты қызметкерлеріне беріледі.
      15. РЭҚ/ЖЖҚ тіркеу бөлімінде рұқсат құжаттарын есепке алу жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау кезінде (порталдың мекенжайы: http://surd.mci.gov.kz) тұтынушы электронды түрде хабарлама алады.
      16. РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тұтынушыға беруді тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхаттың негізінде инспекция кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады.

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет  
Регламентке 1-қосымша       

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің инспекциялар тізімі

№ р/с

Инспекциялардың атауы телефондары инспекциялар мекенжайы

1

2

3

4

1

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7172)
217-000, 21-69-33, 21-69-36, 21-60-32
Astana@mci.gov. kz

010000, Астана қаласы, Сарайшық көшесі, 9, «Авиценна» ТК, "Ж" блогы

2

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7272)
77-52-99, 77-52-81, 77-52-88
almaty @ mci.gov. kz

050000, Алматы қаласы, Жұмалиев көшесі, 108 410-кабинет

3

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Ақтөбе облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7132)
520340, 520721
аktybinsk@mci gov. kz.

030000, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 62

4

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Атырау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7122)
270042, фб271615 atyray@mci gov. kz

060000, Атырау қаласы, Пушкин көшесі, 201 221-кабинет

5

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қарағанды облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7212)
437010 фб 437024
karaganda@mci gov. kz

100000, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73/А, 302-кеңсе

6

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі байланыс және ақпараттандыру комитетінің Павлодар облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7182)
323549, 327280 ф, 540338 РКП
pavlodar.@mci gov. kz

140000, Павлодар қаласы, Академик Сәтпаев көшесі, 50

7

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7142)
535185 ф, 535074, 503026 kostanay@mci gov. kz

110000, Қостанай қаласы, Темірбаев көшесі, 14 үй, 58-59-пәтерлер

8

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қызылорда облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (72422)
70953фб 78853фб 77548 kyzylorda@mci gov. kz

120000, Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі, 8 үй, 3-пәтер

9

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Жамбыл облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7262)
450960ф 434224
zhambyl@mci gov. kz

080012, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 138

10

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Маңғыстау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7292)
313344, 429911ф
mangistau @mci gov. kz

130000, Ақтау қаласы, 9 шағын ауд., 18-үй, 91-92-пәтер

11

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7112)
503877 ф, 244974, 513865
zko@ mci.gov. kz

090000, Орал қаласы, Дзержинский көшесі, 100, 4-қабат, 4-кабинет

12

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7252)
540100, 534952, 211391
РКП uko @mci gov. kz

160000, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 35

13

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7152)
ф,490080, 50-00-29
sko @mci gov. kz

150000, Петропавл қаласы, М.Жұмабаев көшесі, 109, 7-қабат

14

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы

8 (7232)
269105, 252784ф
vko@ mci gov. kz

070000, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19

8 (7222) 560499

071400, Семей қаласы, Дулатов көшесі, 145/107

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет  
Регламентке 2-қосымша       

Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

№ ГРСС-ААА/ВВВВВВ*

Иесі


РЭҚ/ЖЖҚ түрі


РЭҚ/ЖЖҚ типі


РЭҚ зауыттық нөмірі


Тіркеу күні



Ескертпе: РЭҚ пен ЖЖҚ-ты тіркеу оның иесіне РЭҚ пен ЖЖҚ-ны
      пайдалануға рұқсатсыз оларды пайдалануға беруге құқық
      бермейді.

М.О. _______________________________ ___________
                                          (қолы)

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет  
Регламентке 3-қосымша       

Нысан

Байланыс және ақпараттандыру Комитетінің байланыс және ақпараттандыру инспекциясына

_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты)

ӨТIНIШ

_____________________________________________________________________
      (Қазақстан Республикасы облысы, ауданы, қаласы көрсетiледі)
_____________________________________________________________________

аумағында РЭҚ (ЖЖҚ) мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыруды өтiнемiн.

Ұйым туралы мәлiметтер:
1. Меншiк нысаны ____________________________________________________
2. Құрылған жылы ____________________________________________________
3. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік _________________________________
_____________________________________________________________________
                  (№, кiм және қашан берген)
4. Мекен-жайы________________________________________________________
             (пошталық индексi, облыс, аудан, көшесi, үй №, телефон)
_____________________________________________________________________

5. Банктiк деректемелер _____________________________________________
6. СТН ______________________________________________________________
7. Тiркелген орны бойынша салық комитетi ____________________________

Басшы _____________ ______________________________________________
          (қолы)              (тегi, аты, әкесiнiң аты)

Мөр орны
"___" _______________ 20 __ ж.

Өтiнiш алынды: "___" _________________ 20 __ ж.
_____________________________________________________________________
          (жауапты тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы)

      8. Қосымша құжаттар (үш данада):
      1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ресімделген белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) осы стандартқа 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес ресімделген тиісті радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі – РЭҚ және ЖЖҚ) тіркеудің тиісті түріне сауалнама;
      3) сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі;
      4) РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік бюджетке алымды төлегенін растайтын құжаттар;
      5) РЖС-ты пайдалануға рұқсаттың көшірмесі (егер РЖС-ты пайдалануға рұқсатты ресімдеу көзделген жағдайда);
      6) РЭҚ пен ЖЖҚ-ны сатып алу тармағын (кепілдік талонының, зауыттық нөмірлері көрсетілген жүкқұжаттың шот-фактурасының көшірмесі) көрсете отырып, сатып алудың және (немесе) шетелден әкелудің (әкелген жағдайда) заңдылығын растайтын құжаттар;
      7) электромагниттік үйлесімділік қорытындысының көшірмесі (егер ЭМҮ қорытындысын алу көзделген жағдайда)

Басшы __________ ______________________________________
МО       (қолы)         (тегі, аты, әкесінің аты)

«___» _______________20__ж.

Өтініш алынды: «___» _________________20___ж.

_________________________________________________________
      (жауапты тұлғаның қолы тегi, аты, әкесiнiң аты)

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет  
Регламентке 4-қосымша       

Нысан

Радиоэлектронды құралға сауалнама

I БӨЛІМ – ӨТІНІШ БЕРУШІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Өтініш берушінің атауы

Өтініш берушінің пошталық мекенжайы

Телефон (кодты қоса)

Факс (кодты қоса)

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы

Техникалық басшының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы

II БӨЛІМ – ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР

1. Таратқыштың техникалық деректері

1-a. Типі

1-b. Зауыттық нөмір

1-с. Қуаты, Вт

1-d. Жұмыс жиіліктері, кГц

1-е. Сәулелену класы

1-f. Жиілік тұрақтылығы, Гц
< 4 МГц:
> 4 МГц:

1-g. Телефонмен шақыру

1-h. Телеграфпен шақыру

2. Таратқыштың орналасқан орны

2-a. Облыс

2-b. Аудан

2-c. Пункт

2-е. Географиялық координаттар

0    ,        ,,
 с.ш.

0   ,          ,,
в.д.

3. РЭҚ жұмыс тәртібі (жергілікті уақыт бойынша сағаты мен минуты)

4. Корреспонденттер

4-а. Корреспондентті орнату пункті

4-b. Корреспонденттің дабылы

4-с. Пайдалану құқығына рұқсаттың №

5. Антеннаның сипаттамасы

5-а. Типі

5-b. Жердің теңіз деңгейінен биіктігі, м

5-с. Жердің деңгейінен антеннаны ілу биіктігі, м


5-b. Антенна биіктігі, м

5-е. Ең жоғарғы сәулелену азимуты, градустар

III БӨЛІМ – ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Лицензия нөмірі, берілген күні

РЖС пайдалануға рұқсат нөмірі, берілген күні

Сатып алуға және орнатуға рұқсат нөмірі, берілген күні

РЭҚ пайдалану құқығына рұқсаттама нөмірі, берілген күні

Сертификат нөмірі, берілген күні. Сертификаттау органы

Келісу

Үйлестіру

МСЭ-да тіркеу

Бұл сауалнамадағы мәліметтер толық және шындыққа сай екенін растаймын

Тегі, аты, әкесінің аты

Қолы М. О.

Лауазымы

Күні

Телефон

Бастық  М.О. _______________________
                    (қолы)

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет  
Регламентке 5-қосымша       

Нысан

Жоғары жиілік құрылғыға рұқсат сауалнама

1 ТАРАУ – ӨТІНІШ БЕРУШІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Өтініш берушінің атауы

Өтініш берушінің пошталық мекенжайы

Телефон (кодты қоса)

Факс (кодты қоса)

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы

Техникалық басшының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы

2 ТАРАУ – ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР

1. ЖЖҚ техникалық деректері

1-a. Тип

1-b. Зауыттық нөмір

1-с.Ең жоғары шығару қуаты, кВт

1-d. Жиілік диапазоны, кГц

1-е. Жиіліктердің мүмкіндігінше жұмыс жолағы (өнеркәсіптік ЖЖ генераторлар үшін ғана)

1- f. Тағайындау (тек өндірістік ЖЖ генераторлар үшін)

1-g. Кедергілердің сәулеленуден таралуынан қорғау құралдарының бар болуы (қолда бар қорғау құралдарын санамалау керек)

1-h. Дайындаушы зауыт және шығарылған күні

2. Қосымшалар

2-a. ЖЖҚ-ны орнататын ұйымның қолдаухаты

2-b.Ерекшеліктерімен қағидаттық схемасы (типтік емес ЖЖ генераторларына ғана)

2-c. Энергия өткізуден қондырғыны энергия желісіне қосуға келісімі туралы анықтама (тек өнеркәсіптік ЖЖ генераторлары үшін)

3 ТАРАУ – ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Сатып алуға және орнатуға рұқсат нөмірі, берілген күні

Келісу

Сертификат нөмірі, берілген күні Сертификаттау органы


Бұл сауалнамадағы мәліметтер толық және шындыққа сай екенін растаймын

Тегі, аты, әкесінің аты

Қолы
М.О.

Лауазымы

Күні

Телефон

4 ТАРАУ– АУМАҚТЫҚ БӨЛІМШЕНІҢ РҰҚСАТЫ

Шекті рұқсат етілетін мүмкін индустриялық радиокедергілердің нормаларына сәйкес талаптар болған кезде _________________кГц -тен ________________кГц дейін жиілікті құрылғының жолағында жоғары жиілік жұмысына рұқсат етіледі.

Рұқсаттың қолданылу мерзімі 200__ жылғы «__»____________дейін

Бастық  М.О.
           ________________
               (қолы)

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет  
Регламентке 6-қосымша       

Нысан

Уәкiлеттi органың аумақтық бөлiмшесiне 27 МГц белдеуi ауқымында РЭҚ пайдалану құқығына
САУАЛНАМА-ӨТIНIШ

1.

Тегi, аты, әкесiнiң аты


2.

Жеке куәлiктiң №, берiлген күнi, кiммен берудi


3.

Мекен-жайы


4.

Телефон


5.

Радиостанция типi


6.

Радистанцияның зауыттық нөмiрi


7.

Радиостанцияның орналасқан орны (мекен-жайы, географиялық координаттары) (мобильдi үшiн – а/м маркасы, мем. нөмiрi)


8.

Таратқыш қуаттылығы (керексiзiн сызып тастау)

3 Вт дейiн

3 Вт-тан аса

9.

Арналар саны (керексiзiн сызып тастау)

10 дейiн

11-ден 40-қа дейiн

40-тан аса

10

Сауалнаманы толтыру күнi


      Осы сауалнама-өтiнiш негiзiнде, маған портативтi радиостанцияны пайдалану құқығына рұқсаттаманы ресiмдеудi өтiнемiн.
      Портативтiк радиостанцияларды және 27 МГц ауқымында күзет радиосигнализация құрылғыларын (КРСҚ) тiркеу және пайдалану ережесiмен таныстым, аталған Ереженiң барлық талаптарын сақтауға мiндеттенемiн.
      __________________________
           (иесiнiң қолы)

«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
тіркеу» мемлекеттік қызмет  
Регламентке 7-қосымша       

Нысан

Байланыс және ақпараттандыру Комитетінің байланыс және ақпараттандыру инспекциясына Телефон арнасының радиоұзартқышын пайдалану құқығына рұқсатты ресiмдеуге
САУАЛНАМА-ӨТIНIШ

1.

Тегi, аты, әкесiнiң аты/ Ұйымның атауы


2.

Жеке куәлiктің №, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, күнi, кiм берген, СТН


3.

Мекенжайы


4.

Телефон нөмiрi


5.

Радиоұзартқыш моделi


6.

Радиоұзартқыштың зауыттық (терминалдың/базалық станцияның) нөмірі


7.

Радиоұзартқыштың орнатылған орны (ұтқыр үшiн - а/м маркасы, мем. нөмiр/базалық станцияның мекенжайы)


8.

Таратқыштың (терминалдың/базалық станцияның) қуаты, Вт


9.

Жұмыс жиiлiктерi, МГц


10.

Телефон арнасының радиоұзартқышын пайдалану аумағы


11.

Сауалнаманың толтырылған күнi


Осы сауалнама-өтiнiш негiзiнде маған телефон арнасының радиоұзартқышын пайдалану құқығына рұқсатты ресiмдеудi өтiнемiн.

      ______________________ М.О.
      (өтініш берушiнiң қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады