«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы» № 2-3 нысанды есепті және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды есепке алу карточкасы» № 2-3 карточканы және оларды толтыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 28 қазандағы № 129 бұйрығы

      «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 2 ақпанда № 6794 санымен тіркелген (2011 жылғы 7 қазандағы № 11 Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдар актілерінің жиынтығында жарияланған) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы» № 2-3 нысанды есепті және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды есепке алу карточкасы» № 2-3 карточканы және оларды толтыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықтың көшірмесін:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне;
      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілері мен Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін;
      3) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                    А.Дауылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады