Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 28.10.2014 № 129 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңын, сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды бірыңғай есепке алу мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" № 2-З нысанды есеп;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды есепке алу карточкасы" № 2-З карточкасының нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" № 2-З нысанды есепті және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды есепке алу карточкасы" № 2-З карточканы толтыру бойынша Нұсқаулық.
2. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" № 2-З нысанды статистикалық есепті және оны құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 73 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5640 тіркелген) күшін жойды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының әділет Министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері мен Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Қ. Мәми
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 26 қаңтардағы
№ 13 бұйрығына
1-қосымша
2-З Нысан
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету
шараларына тартылған тұлғалар туралы" есеп
1-бөлім. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді
қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы мәліметтер
Атауы |
жол коды |
есептік кезеңде |
||
а |
б |
в |
||
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар саны |
1 |
|||
Жеткізу (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі (бұдан әрі - ҚРӘҚБК) 619-бабы) |
2 |
|||
сонымен қатар (бұдан әрі-с.қ.) |
әйелдер |
3 |
||
кәмелетке толмағандар |
4 |
|||
Әкімшілік ұстау (ҚРӘҚБК 620-бабы) |
5 |
|||
с.қ. |
әйелдер |
6 |
||
кәмелетке толмағандар |
7 |
|||
Күштеп жеткізу (ҚРӘҚБК 625-бабы) |
8 |
|||
с.қ. |
әйелдер |
9 |
||
кәмелетке толмағандар |
10 |
|||
Жылжу бостандығын превентивті шектеу (ҚРӘҚБК 625-1-бабы) |
11 |
|||
с.қ. |
әйелдер |
12 |
||
кәмелетке толмағандар |
13 |
|||
прокурордың қаулы шығаруы арқылы босатылған тұлғалар |
14 |
|||
с.қ. |
әкімшілік ұстауға заңсыз тартылған тұлғаны босату туралы (6 тармақша) ҚРӘҚБК 583-бабы 1-тармағы) |
15 |
||
тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шараларды алып тастау туралы (7 тармақша) ҚРӘҚБК 583-бабы 1-тармағы) |
16 |
|||
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары шағымдалды |
17 |
|||
сонымен қатар |
жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) |
18 |
||
с.қ. |
шағым қанағаттандырылды |
19 |
||
шағымды қанағаттандырудан бас тартылды |
20 |
|||
сотқа |
21 |
|||
с.қ. |
шағым қанағаттандырылды |
22 |
||
қанағаттанлырудан бас тартылды |
23 |
2-бөлім. Құқық қорғау органдарына жеткізілген тұлғалар
туралы мәліметтер
Атауы |
жол коды |
Есептік мерзімде |
|
а |
б |
1 |
|
ҚРӘҚБК 619-бабы тәртібінде жеткізілгендердің барлығы |
1 |
||
оның ішінде |
әйелдер |
2 |
|
ер адамдар |
3 |
||
кәмелетке толмағандар |
4 |
||
азаматтығы |
Қазақстан Республикасы |
5 |
|
Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы Мемлекеттер (бұдан әрі - ТМД) елдері |
6 |
||
алыс шетел |
7 |
||
азаматтығы жоқ тұлғалар |
8 |
||
айналысатын ісі |
мемлекеттік қызметкерлер |
9 |
|
с.қ. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері |
10 |
||
с.қ. Әскери қызметшілер |
11 |
||
басқа да қызметшілер (бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер) |
12 |
||
жұмыссыздар |
13 |
||
жас ерекшеліктері |
14 жасқа дейін |
14 |
|
14-17 жас |
15 |
||
18-20 жас |
16 |
||
21-29 жас |
17 |
||
30-39 жас |
18 |
||
40-49 жас |
19 |
||
50-59 жас |
20 |
||
60 жас және одан жоғары |
21 |
||
мас күйінде |
алкогольді |
22 |
|
есірткі |
23 |
||
токсикоманды |
24 |
||
Бұрын сотталғандар |
25 |
||
оның ішінде шартты сотталғандар |
26 |
||
әкімшілік жауапкершілікке тартылған |
27 |
||
медициналық айықтырғышқа жайғастырылды |
28 |
||
қабылдау-таратқышқа орналастырылды |
29 |
||
арнайы таратқышқа орналастырылды |
30 |
||
кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу, оқшаулау оңтайлау орталығына жайғастырылды |
31 |
3-бөлім. Қабылдағыш-таратқышқа орналастырылған тұлғалар
туралы мәліметтер
Атауы |
жол коды |
Есептік мерзімге |
|
а |
б |
1 |
|
Қабылдағыш-таратқышқа орналастырылған тұлғалар саны |
1 |
||
оның ішінде |
әйелдер |
2 |
|
ер адамдар |
3 |
||
ұсталған ата-анасымен орналастырылған кәмелетке толмағандар |
4 |
||
зейнеткерлік жастағы |
5 |
||
мүгедектер |
6 |
||
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар |
7 |
||
шартты түрде сотталғандар |
8 |
||
Қазақстан Республикасының азаматы |
9 |
||
ТМД елдерінің азаматтары |
10 |
||
алыс шетел азаматтары |
11 |
||
азаматтығы жоқ тұлға |
12 |
||
Жұқпалы аурулар (1-жолдан) |
13 |
||
соның ішінде |
туберкулезбен ауруын жұқтырған |
14 |
|
адамның иммунтапшылығы вирусын (ВИЧ\ЖҚТБК) жұқтырған |
15 |
||
соз ауруын жұқтырған |
16 |
||
Әлеуметтік бейімделу бойынша шаралар қабылданды |
17 |
||
соның ішінде |
жұмысқа орналастырылды |
18 |
|
мүгедектер мен қартайғандар интернат-үйлеріне жолданды |
19 |
||
Әлеуметтік бейімдеу орталықтарына жолданды |
20 |
||
станционарлы емдеу мекемелеріне жолданды |
21 |
||
Құжаттарсыз және тұрақты тұрғылықты мекен-жайсыз ұсталғандар |
22 |
||
Задержано лиц под другими анкетными данными |
23 |
||
с.қ. |
Республикалық іздеудегі тұлғалар |
24 |
|
ТМД мүше-мемлекттері сұрауы бойынша іздеудегі тұлғалар |
25 |
||
қабылдағыш-таратқыштан босатылған тұлғалар |
26 |
||
соның ішінде: |
тұлғасы анықталмаған, ұстау мерзімінің аяқталуы бойынша босатылған |
27 |
|
ұстау мерзімінің аяқталуына дейін |
28 |
||
ішкі істер органдарына берілді |
29 |
||
қаржы полиция органдарына берілді |
30 |
||
Қазақстан Республикасы шегінен шығару үшін көші-қон қызметіне берілді |
31 |
||
Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясына берілді |
32 |
||
Қарулы күштер полиция органына берілді |
33 |
||
прокурормен босатылды |
34 |
||
заңсыз шығарылғандар |
35 |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 26 қаңтардағы
№ 13 бұйрығына
2-қосымша
№ 2-З нысан
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ
1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектісінің атауы ___________________ 2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаның аты-жөні Тегі /__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/ 2.1 "______" ___________ _________ туған жылы, жері _________________________________ Тұрғылықты жері _____________________________________________________________________ 2.2 Жеке басын куәландыратын құжат: 5. Кәсібі: 17.4 берілді: ішкі істер органдарына (1), қаржы полиция органдарына (2), Қазақстан Республикасынан тыс шығару үшін көші-қон қызметіне берілді (3), Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция органына (4), Қарулы күштер әскери полиция органына (5). Карточканы толтырған тұлғаның аты-жөні, лауазымы, қолы _______________________ 19. Карточканың ҚСжАЕБ келіп түскен күні "________"_______________________20_____ж. ҚСжАЕБ қызметкерінің аты-жөні, лауазымы, қолы ______________________________ _____________________________________________________________________________________ |
Ескерту: Толтырылуы бойынша карточка ресми статистикалық құжат болып табылады. Аталған карточкаға қол қойған тұлғалар көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін заңмен белгіленген тәртіпте жауаптылыққа тартылады.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 26 қаңтардағы
№ 13 бұйрығына
3-қосымша
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" № 2-З есептің нысандарын және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды есепке алу карточкасы" № 2-З карточкасын толтыру бойынша Нұсқаулық
Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің (бұдан әрі – ҚРӘҚБК) 619, 620, 625, 625-1-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдауға уәкілетті және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды есепке алу карточкасын" № 2-З карточкасының нысанын толтыратын құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері – мемлекеттік органдардың жұмыстарының көрсеткіштерін бейнелейтін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" № 2-З есебінің нысанын (бұдан әрі – нысан) қалыптастыру үшін әзірленген.
2. Жұмыс, есепке оның нақты орындалғанынан және құжаттамалық рәсімделгенінен кейін, әкімшілік ұстауға тартылған, күштеп әкелінген және егер әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде хаттаманы құру мүмкін болмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрылған жерге жеткізілген тұлғалар туралы мәліметтер келіп түскеннен кейін, сондай-ақ, тұлғаларға қатысты еркін жүріп-тұруға превентивті түрде шектеу қолданылғаннан кейін енгізіледі.
3. Есепті қалыптастырудың негізі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері толтырып, ұсынған ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі – АЕҚ) болып табылады. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері АЕҚ құруға және оларды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық басқармаларына беретін қызметкерлерді анықтайды.
4. Есепті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – ҚСжАЕК), ҚСжАЕК аумақтық басқармалары (бұдан әрі – ҚСжАЕБ), аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларында орналасқан басқарма топтары және қызметкерлері жүргізеді.
5. АЕҚ осы Нұсқаулықта көзделген мерзімде оларды есеп негізінде тіркеуді, автоматтандырылған өңдеуді және қалыптастыруды қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері ҚСжАЕБ ұсынады.
6. ҚСжАЕБ АЕҚ құралуының толықтығына және сапасына, онда бейнеленетін мәліметтердің дұрыстығына және олардың уақытында ұсынылуына бақылау жүргізеді.
7. ҚСжАЕК құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен келісе отырып, АЕҚ бірыңғай нысанын әзірлеу және енгізуді жүзеге асырады.
АЕҚ толтыру
8. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалар туралы" № 2-З есептің қалыптасуы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаларды есепке алу карточкасы" № 2-З карточкасының (бұдан әрі – 2-З АЕҚ) нысаны негізінде жүргізіледі.
9. № 2-З АЕҚ деректемелерін тексеруді жүргізетін тұлға оған төмендегідей жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектісі қол қойғаннан кейін ББСЖ-ге енгізуі тиіс:
1-деректемеде - құқық бұзушылықты анықтап, хаттама құрған құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектісі – уәкілетті мемлекеттік орган атауы бейнеленеді;
2-деректеме - тұлға туралы мәліметтерді қамтиды: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғаның (бұдан әрі – тұлға) тегін, атын, әкесінің атын, оның ішінде:
2.1-деректемесінде – туған күні, айы, жылы және жері, сонымен қатар тұлғаның тұрғылықты жері (қысқартусыз);
2.2-деректемеде – тармақтарды кодтау жолымен жеке басын куәландыратын құжат: "1"-Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, "2"-жеке куәлік, "3"-Қазақстан Республикасында шетел азаматының ыхтиярхаты, "4"-азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, "5"-босқындар куәлігі және құжаттың нөмірі, берілген күні және берген орган туралы мәліметтер;
2.3 - деректемеде – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және тіркеу нөмірі (СТН);
2.4 - деректемеде – тұлғаның ер немесе әйел екені көрсетіледі;
2.5 - деректемеде – тұлғаның азаматтығы туралы мәліметтер бейнеленеді;
3 – деректемеде - төмендегі кодтау жолымен ұсталған тұлға туралы: "1" - құжатсыз және тұрақты мекенжайысыз ұсталған, "2" - басқа сауалнамалық мәліметтер бойынша, "3" - сонымен қатар республикалық іздеудегі, "4" -Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы (бұдан әрі–ТМД) қатысушы-мемлекеттердің сұраулары бойынша іздеудегі мәліметтер көрсетіледі;
4-деректемеде – тұлғаның жұмыс орны, лауазымы және оқу орны көрсетіледі;
5-деректемеде – тармақтарды кодтау жолымен тұлғаның кәсібі көрсетіледі: "1"-мемлекеттік қызметкер, "2"-құқық қорғау органдарының қызметкері, "3"-әскери қызметші, "4"-басқа да қызметшілер (бюджеттік ұйым қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер), "5"-жұмыссыз, "6"-орта, орта-арнайы және жоғарғы оқу орындарының оқушылары, "7"-жеке кәсіпкер, "8"-жеке ұйымдар мен Ұлттық компаниялар қызметкерлері;
6-деректемеде – алкогольді "1", есірткі - "2" және таксикоманды "3" мас болған жағдайдағы тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі;
7-деректемеде – тұлғаның жасы белгіленед: "1" - он төрт жасқа дейін, "2" - он төрт жастан он жеті жасқа дейін, "3" - он сегіз жастан жиырма жасқа дейін, "4" - жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейін, "5" - отыз жастан отыз тоғыз жасқа дейін, "6" - қырық жастан қырық тоғыз жасқа дейін, "7" - елу жастан елутоғыз жасқа дейін, "8" - алпыс жас және одан жоғары;
8-деректемеде – төмендегі кодтау жолымен соттылығы туралы мәліметтер көрсетіледі: "1"-сотталған жоқ, "2"-бұрын сотталған, "3"-сонымен қатар, шартты түрде сотталған;
9-деректемеде – тиісті кодтау диагнозымен жұқпалы аурумен ауратын тұлғалар туралы мәліметтер: "1"-туберкулезбен, "2"-адамның иммунтапшылығы вирусын (ВИЧ\ЖҚТБ) жұқтыруы, "3"-созбен ауратын;
10-деректемеде – әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу бойынша өндірісті қамтамасыз ету шаралары көрсетіледі, 10.1-ҚРӘҚБК 619-бабымен белгіленген тәртіпте жеткізу (1), 10.2-ҚРӘҚБК 620-бабымен белгіленген тәртіпте әкімшілік ұстау (2), 10.3-ҚРӘҚБК 625-бабымен белгіленген тәртіпте күштеп жеткізу (3), 10.4-ҚРӘҚБК 625-1-бабымен белгіленген тәртіпте жылжу бостандығынан превентивті түрте шектеу (4);
11-деректемеде – прокурормен қаулы шығару арқылы тұлғаны босату туралы мәліметтер бейнеленеді, 11.1-ҚРӘҚБК 583-бабы 1-тармағының 6-тармақшасы бойынша әкімшілік ұстауға заңсыз тартылған (1), 11.2-ҚРӘҚБК 583-бабы 1-тармағының 7-тармақшасы тәртібінде тыйым салу және шектеу сипатындағы кез-келген шараларды алып тастау туралы мәліметтер бейнеленеді (2);
12-деректемеде – әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын жоғарыда тұрған органға (жоғарыда тұрған лауазымды тұлғаға) шағымдану туралы мәліметтер көзделген: шағым қанағаттандырылды (1), қанағаттандырудан бас тартылды (2);
13-деректемеде – әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын сотқа шағымдану туралы мәліметтер көзделген: шағым қанағаттандырылды (1), қанағаттандырудан бас тартылды (2);
14-деректемеде – тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер көрсетіледі (1);
15-деректемеде – тұлғаны жеткізу және орналастыру туралы мәліметтер көрсетілген: медициналық айықтырғыштарға (1), (денсаулық сақтау органдары толтырады), қабылдағыш-таратқыштарға (2), арнайы қабылдағыштарға (3), кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімделу және оңалту орталықтарына (4) (білім беру органдары толтырады), гаупвахтаға (5);
16-деректемеде – әлеуметтік бейімделудің қабылдаған шаралары туралы мәліметтер көрсетіледі, 16.1-жұмысқа орналастырылғандар (1), 16.2-мүгедектер және қарт адамдарға арналған интернат-үйлеріне жолданғандар (2), әлеуметтік бейімделу орталықтарына (3), жатып емделу мекемелеріне жолданғандар көрсетіледі (3);
17-деректемеде – қабылдағыш-таратқыштан тұлғаны босату туралы мәліметтер көрсетіледі, 17.1-анықталмаған тұлға және ұстау мерзімі аяқталғаны бойынша босатылған (1), 17.2-ұстау мерзімі аяқталған (2), 17.3- прокурордың заңсыз орналастырылған тұлғаны босатуы туралы (3), 17.4-берілгені: ішкі істер органдарына (1), қаржы полициясы органдарына (2), Қазақстан Республикасынан тыс шығару үшін көші-қон қызметіне (3), Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әскери полиция органына (4), Қарулы күштері әскери полициясы органына (5);
карточканы толтыру күні 18-деректемеде көрсетіледі;
карточканың ҚСжАЕК келіп түскен күні 19-деректемеде көрсетіледі;
10. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің қызметкерлері 48 сағат ішінде электронды АЕҚ-ны ҚСжАЕК-тің "Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе (ББСЖ)" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ААЖ ББСЖ) жолдайды.
11. Келіп түскен АЕҚ 24 сағат ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің жауапты қызметкерлері ААЖ ББСЖ енгізуі тиіс.
12. АЕҚ құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектісі қолы қойғаннан кейін, өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
13. ААЖ ББСЖ енгізілген АЕҚ деректемелеріне түзету енгізу қажет болса, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері ҚСжАЕБ тиісті АЕҚ-на түзету енгізу туралы баянатты жолдайды.
Егер бұл түзету бұрынғы есептік кезеңдегі есептіліктің бұрмалануына жол берсе, ҚСжАЕБ-сы есептілікке түзету енгізу туралы қажетті құжаттарды ҚСжАЕК-не жолдайды.
14. АЕҚ ААЖ ББСЖ уақытында енгізуді, сонымен қатар ААЖ ББСЖ мәліметтеріне негізсіз өзгертулер енгізу бойынша жауаптылық құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің қызметкерлеріне жүктеледі.
15. АЕҚ-ын ББСЖ ААЖ-не уақытында енгізілуі, сонымен қатар ББСЖ ААЖ-не енгізілетін мәліметтердің дұрыстығы құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің қызметкерлеріне жүктеледі.
16. Есеп 3-бөлімнен тұрады және өкілетті мемлекеттік органдармен берілген АЕҚ негізінде қалыптастырылады.
17. Есеп тұлғалардың мемлекеттік органдарға жеткізілуін, олардың қабылдағыш-таратқышқа орналасуын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың әкімшілік ұсталуын және күштеп жеткізілуін растайтын құжаттардың негізінде әрбір мемлекеттік орган өздігінше есеп құрады.
18. АЕҚ деректемелері есеп көрсеткіштерімен сәйкес келуі керек.
19. Есепті қалыптастыру тоқсан сайын өсу қорытындысымен келесі есептік кезеңдегі айдың 6 күні ҚСжАЕК жүргізіледі және ҚСжАЕБ-ге растау үшін жолданады.
20. ҚСжАЕБ ҚСжАЕК-не есепті келесі есептік кезеңдегі айдың 8 күні ұсынады.
21. ҚСжАЕК республика бойынша жалпы ведомствоаралық есепті және ҚСжАЕК Төрағасы немесе оны ауыстыратын лауазымды тұлға қол қоятын әр мемлекеттік орган бойынша жинақталған есептер құрады.
3. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз
ету шараларына тартылған тұлғалар туралы мәліметтер"
1-бөлімді толтыру
22. Бұл бөлімде әкімшілік ұстауға тартылған, күштеп жеткізілген және егер әкімшілік құқық бұзушылық жасалынған жерде хаттаманы құру мүмкін болмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрылған жерге жеткізілген тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ тұлғаларға қатысты еркін жүріп-тұруға превентивті түрде шектеу қолданылғандар бейнеленеді:
1-жолда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылған тұлғалардың саны туралы мәліметтер ескеріледі, оның ішінде 2-жолда ҚРӘҚБК 619-бабымен белгіленген тәртіпте жеткізілгендердің саны, 2-жолдан алынған 3-жолда әйелдердің саны, 4-жолда кәмелетке толмағандардың саны бейнеленеді;
5-жолда ҚРӘҚБК 620-бабымен белгіленген тәртіпте ұсталғандар, 5-жолдан алынған 6-жолда әйелдер, 7-жолда кәмелетке толмағандар;
8-жолда ҚРӘҚБК 625-бабымен белгіленген тәртіпте күштеп жеткізілуге тартылған тұлғалар, соның ішінде 9-жолда әйелдер, 10-жолда кәмелетке толмағандар (ішкі істер және қаржы полициясы органдары толтырады) бейнеленеді;
11-жолда ҚРӘҚБК 625-1-бабында белгіленген тәртіпте еркін жүріп-тұруға превентивті түрде шектелген тұлғалар саны туралы мәліметтер көрсетіледі, 11-жолдан алынған 12-жолда әйелдер, 13-кәмелетке толмағандар көрсетіледі (ішкі істер органдары толтырады);
прокурордың қаулы шығаруы арқылы босатылған тұлғалар 14-жолда көрсетіледі, 15-жолда ҚРӘҚБК 583-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында белгіленген тәртіпте әкімшілік ұстауға заңсыз тартылған тұлғаларды босату туралы және 16-жолда ҚРӘҚБК 583-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында белгіленген тәртіпте тыйым салу және шектеу сипатындағы кез-келген шараларды алып тастау туралы мәліметтер бейнеленеді;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына шағымданудың саны туралы мәліметтер 17-жолда бейнеленеді, солардың ішінен 18-23-жолдарда қанағаттандырылған шағымдар және жоғары тұрған орган, лауазымды тұлға немесе сот қанағаттандырудан бас тартқан шағымдар туралы мәліметтер ескеріледі.
4. "Құқық қорғау органдарына жеткізілген тұлғалар туралы
мәліметтер" 2-бөлімді толтыру
23. Осы бөлімде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚРӘҚБК619-бабының тәртібінде құқық қорғау органдарға жеткізілген тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі:
құқық қорғау органдарға жеткізілген тұлғалардың жалпы саны 1-жолда ескеріледі және 2 мен 3-жолдарда жынысына қарай бөлінеді, 4-жолда кәмелетке толмағандар, 5-8-жолдарда азаматтығына қарай, 9-13-жолдарда айналысатын жұмысына қарай, 14-21-жолдарда жас құрамына қарай, 22-24-жолдарда алкогольдік, нашақорлық және токсикомандық мас күйіне қарай, 25-жолда бұрын сотталғаны бойынша және соның ішінен 26-жолда шартты түрде сотталғанына қарай бөліп таралған мәліметтер бейнеленеді;
27-жолда, 1-жолда ескерілген тұлғалардың ішінен әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар көрсетіледі;
кейіннен медициналық айықтырғыштарға, қабылдағыш-таратқыштарға, арнайы қабылдағыштарға орналастырылған және кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімделу және оңалту орталықтарына жайластырылған тұлғалар туралы мәліметтер тиісінше 28, 29, 30 және, 31-жолдарда бейнеленеді.
5. "Қабылдағыш-таратқыштарға орналастырылған тұлғалар
туралы мәліметтер" 3-бөлімді толтыру
24. Аталған бөлімде қабылдағыш-таратқыштарға орналастырылған тұлғалар туралы мәліметтер есепке алуға жатады (ішкі істер органдары толтырады).
1-жолда көрсетілген тұлғалардың жалпы саны туралы мәліметтер бейнеленеді, солардың ішінен: 2 - әйелдердің, 3 - ерлердің, 4 - ұсталған ата-аналарымен бірге отырған кәмелетке толмағандардың, 5 - зейнеткер жасындағы тұлғалардың, 6 - мүгедектердің, 7 - бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылғандардың, 8 - шартты түрде сотталғандардың, 9 – Қазақстан Республикасы азаматтарының, 10 - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (бұдан әрі - ТМД) азаматарының, 11 - қиыр шет ел азаматтарының және 12 - азаматтығы жоқ тұлғалардың саны ескеріледі, 1-жолдың көрсеткіші 2-бөлімнің 29-жолының көрсеткішіне тең болуы қажет;
13-жолда жұқпалы аурулардың, соның ішінде 14-жолда - туберкулезбен ауыратындардың, 15-жолда ЖҚТБ-мен және 16-жолда соз ауруларымен ауыратындардың саны туралы деректер бейнеленеді;
органдар оларға қатысты әлеуметтік бейімделу шараларын қолданған тұлғалар туралы мәліметтер 17, соның ішінде 18 – жұмысқа орналастырылғандар, 19 – мүгедектер мен қартайғандар интернат-үйлеріне жолданғандар, 20 – әлеуметтік-бейімдеу орталықтарына жолданғандар, стационарлы емделу мекемелеріне жолданғандар - 21-жолдарда ескеріледі;
22-жолдарда құжаттарсыз және тұрақты мекенжайысыз ұсталған, 23-жолда басқа да сауалнамалық деректер бойынша, солардың ішінен 24-жолда іздестіруде жүрген, 25-жолда ТМД қатысушы-мемлекеттердің сұранымдары бойынша ұсталған тұлғалардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі;
26-жолда қабылдағыш-таратқыштардан босатылған тұлғалар, соның ішінде 27-жолда жеке басы анықталмаған және ұстау мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған тұлғалар, 28-жолда ұстау мерзімінің аяқталуына дейін босатылған, 29 - жолдарда оларды ішкі істер органдарына, 30 - қаржы полициясы органдарына, 31 - Қазақстан Республикасынан тыс елдерге шығару үшін көші-қон қызметіне беруіне байланысты босатылған, 32 - ҰҚК әскери полиция органдарына, 33 - Қарулы күштердің әскери полиция органдарына берілген тұлғалар туралы мәліметтер есепке алынуы тиіс.
34-жолда прокурор босатқан, соның ішінде 35-жолда – заңсыз шығарылған тұлғалардың саны туралы мәліметтер бейнеленеді.