Жаңа Қазақстан Республикасы Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін қабылдауға байланысты, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай карточкалық есепке алуды электрондық форматта жүргізуге көшу туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 425, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 124 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 758 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі-Комитет) осы бұйрықты жолдасын:
1) Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігіне мәлімет үшін;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін.
3. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа Бас Прокуроры
және сыбайлас жемқорлыққа _____________ А. Дауылбаев
Төрағасының бірінші орынбасары 20 қазандағы 2014 жылғы
______________ А. Лукин
09 қазан 2014 жылғы
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
____________Қ. Қасымов
16 қазан 2014 жылғы