Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай карточкалық есепке алуды электрондық форматта жүргізуге көшу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 425 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 124 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 желтоқсанда № 9056 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі(қаржы полициясы) төрағасының 2014 жылғы 10 қазандағы № 287, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2014 жылғы 20 қазандағы № 123 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 708 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. 01.01.2015 бастап бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі(қаржы полициясы) төрағасының 10.10.2014 № 287, ҚР Бас прокуратурасының 20.10.2014 № 123 және ҚР Ішкі істер министрінің 16.10.2014 № 708 бірлескен бұйрығы.

      Қағазсыз технологияларға одан әрі көшу, сондай-ақ қылмыстық істерді тергеу барысын тиісті деңгейде бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету, қылмыстылық жағдайы туралы есептерді жедел қалыптастыру мақсатында, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» және "Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (бұдан әрі – қаржы полициясы органдары), Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ішкі істер органдары), Бас прокуратураның (бұдан әрі – прокуратура органдары) бөлімшелерінде кестеге сәйкес қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай карточкалық есепке алуды электрондық форматта жүргізуге көшу іске асырылсын.
      2. Прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) деректер қорына электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдана отырып мынадай ақпараттық есепке алу құжаттарын (бұдан әрі – АЕҚ) енгізу міндеті жүктелсін:
      1) «Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 122 бұйрығымен бекітілген Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7330 санымен тіркелген, «Заң газетінің» 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 185 (2175) санында жарияланған) (бұдан әрі – Нұсқаулық) 1-қосымшасына сәйкес, «Қылмыстар, оқиғалар туралы өтінішті, хабарламаны және өзге де ақпаратты есепке алу карточкасы» ЗС-1 нысаны (бұдан әрі - ЗС-1 нысанды АЕҚ);
      2) Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қылмыс, оқиға туралы тіркелген өтініш, хабарлама және өзге де ақпарат бойынша шешімді есепке алу карточкасы» ЗС-2 нысаны (бұдан әрі - ЗС-2 нысанды АЕҚ);
      3) Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қылмысты есепке алу карточкасы» 1.0 нысаны (бұдан әрі – 1.0 АЕҚ);
      4) Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес «Алдын ала тергеудің (анықтаудың) барысы және нәтижесі туралы карточка» 1.1 нысаны (бұдан әрі – 1.1 нысанды АЕҚ);
      5) Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес «Қылмыс жасаған адамға карточка» 2.0 нысаны (бұдан әрі – 2.0 нысанды АЕҚ);
      6) Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес «Күдікті, айыпталушы, ұсталған немесе қамауға алынған адамға арналған карточка» 2.1 нысаны (бұдан әрі – 2.1 нысанды АЕҚ);
      7) Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес, «Соттың қамауға алу (үйде қамап ұстау) түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауы, қамауда ұстау (үйде қамап ұстау) мерзімін ұзарту, қамауға алу (үйде қамап ұстау) түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою немесе өзгерту туралы қолдаухаттарды қарауы жөніндегі карточка» 2.2 нысаны (бұдан әрі – 2.2 нысанды АЕҚ);
      8) Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық іс бойынша прокурор шешімі туралы карточка» 3.0 нысаны (бұдан әрі – 3.0 нысанды АЕҚ);
      9) «Ақпараттық есепке алу құжаттарын толтыру және есептіліктің прокурорлық нысандарын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 31 бұйрығының 4-қосымшасына сәйкес, «Прокурордың тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі жұмысы туралы карточка» 3.1 нысаны (бұдан әрі – 3.1 нысанды АЕҚ).
      3. Облыстардың прокурорлары, Ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) және Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің (бұдан әрі – ЭҚСЖҚКД) бастықтары, ішкі істер органдарының және қаржы полициясы органдарының орталық аппараттарындағы бөлімшелердің бастықтары осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген кезеңнен бастап:
      1) Комитеттің деректер қорларымен жұмыс істеу кезінде бөгде логиндерді пайдалануға жол бермеу және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдасын;
      2) осы бұйрықтың 2-тармағында көрсетілген қызметкерлердің дербес жауапкершілігін айқындай отырып, енгізілетін деректердің толық және дұрыс болуын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Материалдардың берілуін есепке алу кітабы арқылы қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпарат бойынша материалдарды есепке алуды қамтамасыз етсін;
      4) карточкалық есепке алуды электрондық форматта жүргізуге көшуден 15 күн бұрын Комитетке логиндер мен парольдерді алу үшін қызметкерлердің тізімдерін ұсынсын және тиісті қызметкерлердің ЭЦҚ алуы үшін ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      5) қағаз жүзіндегі Өтініштерді, хабарламаларды және өзге ақпаратты есепке алу кітабын (бұдан әрі – ӨАЕК) және ЗС-1 нысанды АЕҚ-ты толтырусыз, қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштердің, хабарламалардың және өзге де ақпараттың ӨАЕК-ке электрондық форматта тіркелуін жүзеге асырсын;
      6) ЗС-1 нысанды АЕҚ-ты Комитеттің деректер қорына енгізу бойынша міндет ішкі істер және қаржы полициясы органдарының кезекші бөлімдерінің қызметкерлеріне, прокуратура органдарында ӨАЕК-ті жүргізу үшін жауапты лауазымды тұлғаларға жүктелсін;
      7) жасалған қылмыстар туралы расталмаған хабарламалар бойынша тексеру материалдарын номенклатуралық іске шығару туралы шешім қабылданған кезде ЗС-2 нысанды АЕҚ-ты Комитеттің деректер қорына енгізу бойынша міндет ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерінің қызметкерлеріне, прокуратура және қаржы полициясы органдарында ӨАЕК-ті жүргізу үшін жауапты лауазымды тұлғаларға жүктелсін;
      Қалған, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 185-бабында көзделген іс жүргізу шешімдері бойынша ЗС-2 нысанды АЕҚ-ты Комитеттің деректер қорына енгізу Нұсқаулықпен бекітілген режимде жүргізілсін;
      8) оларды қағаз жүзінде толтыру мен Комитеттің аумақтық басқармаларына ұсынудан толық бас тарта отырып, Комитеттің деректер қорына 1.0, 1.1, 2.0, 2.1, 2.2, 3.0 және 3.1 нысанды АЕҚ-тың электрондық форматта енгізілуін қамтамасыз етсін;
      9) техникалық себептерге байланысты АЕҚ-ты Нұсқаулықта белгіленген мерзімдерде деректер қорына енгізу мүмкін болмаған жағдайда АЕҚ-тың қағаз тасымалдаушыларда жолдануын қамтамасыз етсін.
      4. Комитеттің деректер қорына 1.1, 2.0, 2.1, 2.2, 3.0 және 3.1 нысанды АЕҚ-ты енгізу мынадай тәртіпте жүзеге асырылсын:
      1) іс жүргізу шешімін қабылдаған ішкі істер және қаржы полициясы органдарының қызметкері ҚР ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес, өз құзыретінің шегінде оңтайландырылған сотқа дейінгі іс жүргізудің, анықтау мен тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды (бұдан әрі – прокурор) бір мезгілде хабарландыра отырып, Комитеттің деректер қорына тиісті АЕҚ-ты шұғыл енгізеді және ЭЦҚ қою арқылы оның дұрыстығын растайды;
      2) 1.1. нысанды АЕҚ-тың 26-дан 30-ға дейінгі деректемелеріне түзету енгізуді ішкі істер және қаржы полициясы органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.
      3) прокурорлар қабылдаған шешімдер бойынша АЕҚ-қа қол қою құқығы Бас прокуратура Департаменттерінің басшыларына, облыс, аудан прокурорларына және оларға теңестірілгендерге, сондай-ақ олардың орынбасарларына, қалған АЕҚ-тар бойынша – қадағалаушы прокурорларға (барлық деңгейлердегі прокурорлардың көмекшілеріне, аға көмекшілеріне, прокуратуралардағы бөлімдердің және басқармалардың прокурорларына, аға прокурорларына және олардың орынбасарларына) беріледі.
      4) АЕҚ-қа қол қою өкілеті бар прокурор қылмыстық істі немесе қабылданған іс жүргізу шешімі туралы хабарламаны алған кезде, ҚР ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес, АЕҚ деректемелерін толық және дұрыс толтыруды тексеріп, ол келіп түскен күні ЭЦҚ пайдалану арқылы АЕҚ-қа қол қоюды жүзеге асырады;
      5) ішкі істер және қаржы полициясы органдарының қызметкері ҚР ҚІЖК-де көзделген іс жүргізу шешімін қабылдағаннан кейін сезікті, айыпталған, ұсталған немесе қамауға алынған адамға арналған 2.1 нысанды АЕҚ-ты дереу енгізеді;
      6) АЕҚ-қа қол қою өкілеті бар прокурор ҚР ҚІЖК-нің 150153 және 154-баптарының тәртібінде ұсынылған қолдаухат бойынша шешім қабылдаған кезде 2.1 нысанды АЕҚ-ты, ал сотта қарау нәтижелері бойынша 2.2 нысанды АЕҚ-ты енгізеді;
      7) прокурор өзі түзету енгізуі мүмкін болған жағдайда, АЕҚ деректемелерін дұрыс толтырмау негізі бойынша қадағалаушы прокурордың электрондық АЕҚ-ке қол қоюдан бас тартуына жол берілмейді;
      8) Комитеттің деректер қорына ішкі істер және қаржы полициясы органдарының қызметкері енгізген АЕҚ прокурор ЭЦҚ қойғаннан кейін ғана есепке алынады;
      9) прокурор, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешімін қабылдай отырып, тиісті АЕҚ-ты Комитеттің деректер қорына жедел енгізеді, сондай-ақ АЕҚ-тың дұрыстығын ЭЦҚ қою жолымен растайды.
      5. Комитет:
      1) тиісті прокурорларға 1.1 нысанды АЕҚ-тың 26-дан 30-ға дейінгі деректемелерін қоспағанда, ЭЦҚ қойылғаннан кейін АЕҚ көрсеткіштеріне түзету енгізу құқығын берсін;
      2) АЕҚ-ты электрондық форматта уақтылы, толық және дұрыс енгізуге, сондай-ақ енгізілген түзетулерге мониторингті жүргізсін;
      3) облыстардың ІІД мен ЭҚСЖҚКД-не қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай карточкалық есепке алуды электрондық форматта жүргізуге көшу бойынша техникалық қамтамасыз ету үшін Комитеттің жауапты қызметкерлерінің тізімін ұсынсын;
      4) Комитеттің деректер қорында техникалық ақаулар болған жағдайда қаржы полициясы және ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерінің қызметкерлеріне жазбаша хабарлама жасалсын.
      6. Комитеттің аумақтық басқармалары:
      1) прокуратура, ішкі істер және қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне Комитеттің деректер қорына АЕҚ-ты енгізу бойынша оқыту жүргізсін;
      2) Комитеттің аумақтың басқармаларына тиісті тізім келіп түскен сәттен бастап бір тәулік ішінде прокуратура, ішкі істер және қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне логиндер мен парольдерді ұсынсын;
      3) жобаға қатысы бар прокуратура, ішкі істер және қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне «Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе» бағдарламалық қамсыздандыруын («ББСЖ» АЖО) орнатсын;
      4) ішкі істер және қаржы полициясы органдарының кезекші бөлімдерінің қызметкерлеріне ішкі істер және қаржы полициясы органының тиісті бөлімшесінің бастығымен келісілген жазбаша баянаты бойынша ЗС-1 нысанды АЕҚ-ке түзету енгізу құқығын берсін;
      5) «ББСЖ» АЖО жұмысында тәжірибелік көмек көрсетсін;
      6) осы бұйрықтың 3-тармағының 8-тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кестеде көрсетілген күні сағат 00.00-ден бастап аталған органдардан қағаз тасымалдағыштағы 1.0, 1.1, 2.0, 2.1, 2.2, 3.0, 3.1 нысанды АЕҚ-ты қабылдау қысқартылсын;
      7) «ББСЖ» АЖО деректер қорларын алмалы тасымалдағыштарға күнделікті резервті көшіру қамтамасыз етілсін;
      8) пилоттық жоба басталған күннен бастап онкүндік сайын Комитетке оны жүзеге асыру барысы туралы есеп берілсін.
      7. Астана, Алматы қ.қ. және Ақмола облысының прокуратура, ішкі істер және қаржы полициясы органдарының қызметкерлері электрондық режимде АЕҚ-ты енгізу бойынша жұмысты жалғастырсын.
      8. Комитет осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдасын.
      9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
      10. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы         Қазақстан Республикасының
      Экономикалық қылмысқа және     Бас Прокуроры
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы
      күрес агенттігінің
      (қаржы полициясы)
      Төрағасы
      _____________ Р. Түсіпбеков    ______________ А. Дауылбаев
      28 желтоқсан 2013 жыл          27 желтоқсан 2013 жыл

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      _______________ Қ. Қасымов
      28 желтоқсан 2013 жыл

Қазақстан Республикасы     
Экономикалық қылмысқа және  
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігі Төрағасының     
2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 425
Қазақстан Республикасы      
Бас Прокурорының         
2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 124
Қазақстан Республикасы      
Ішкі істер министрінің      
2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 758 
бірлескен бұйрығына       
1-қосымша           

Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды,
шағымдарды және өзге де ақпаратты, қылмыстық істерді, оларды
тергеу және прокурорлық қадағалау нәтижелерін бірыңғай
карточкалық есепке алуды электрондық форматта жүргізуге көшу
кестесі

Өңірлер

Енгізу күні

1.

Астана

01.01.2014 жыл

2.

Алматы

3.

Ақмола

4.

Қостанай

5.

Жамбыл

6.

Қызылорда

7.

Маңғыстау

8.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің орталық аппараты

01.04.2014 жыл

9.

Атырау

10.

Батыс Қазақстан

11.

Солтүстік Қазақстан

12.

Ақтөбе

13.

Қарағанды

14.

Павлодар

15.

Шығыс Қазақстан

01.07.2014 жыл

16.

Оңтүстік Қазақстан

17.

Алматы

Қазақстан Республикасы     
Экономикалық қылмысқа және  
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігі Төрағасының     
2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 425
Қазақстан Республикасы      
Бас Прокурорының         
2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 124
Қазақстан Республикасы      
Ішкі істер министрінің      
2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 758 
бірлескен бұйрығына       
2-қосымша         

Негіз _____________________

Сақтау мерзімі ____________

Материалдардың берілуін есепке алу
КІТАБЫ
_____________________________________________________________
(қылмыстық қудалау органының атауы)

Басталды "__" _________ 20 __ ж.
Аяқталды "__" _________ 20 __ ж.

Инвентарлық №____________________

Материалдардың берілуін есепке алу кітабы бағандарының мазмұны

№ п/п

ӨАЕК №

Қылмыс туралы өтінішті, хабарламаны тіркеу күні (күні, айы, жылы, сағаты, минуты)

Өтінішті, хабарламаны қарауды кім, кімге, қашан тапсырды

Өтінішті, хабарламаны орындауға алған адамның қолы. Алған күні мен уақыты (тегі мен лауазымы ашылып жазылсын)

1

2

3

4

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады