«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 196-1 бұйрығының күші жойылсын.
2. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті күнтізбелік үш күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мәлімет үшін жолдасын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Е. Досаев