Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қаулы етеді:
1. "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жарияланған күнінен бастап күшіне енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті үш ай мерзімде:
республиканың заң актілерін "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қарауына енгізсін;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтірсін;
Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен ведомстволарының осы Заңға қайшы келетін өз нормативтік актілерін қайта қарап, күшін жоюуын қамтамасыз ететін болсын.
3. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының заңдары "Кәсіптік одақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтірілгенге дейін олардың аталған Заңға қайшы келмейтін бөлігі қолданыла береді.
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы |