"Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы 1993 жылғы 22 қазандағы N 3900. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2004.01.12. N 521 Заңымен.

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  1994 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1994 жылғы 1 қаңтарға дейiн:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтiрсiн;
      осы Заңның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қажеттi шешiмдер қабылдасын;
      Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволарының және басқа да мемлекеттiк орталық басқару органдарының "Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау туралы" Қазақстан
Республикасы Заңына қайшы келетiн қалыпты құжаттары мен нұсқауларын қайта қарауын және олардың күшiн жоюын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы Заңның орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Өнеркәсiптi, көлiк пен байланысты дамыту мәселелерi жөнiндегi комитетiне тапсырылсын.

      Қазақстан Республикасы
       Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады