"ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi жөнiнде

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы 5 қазан 1994 ж. N 177-XIII

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z946000_ жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының заңдары алдағы уақытта "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Заңмен сәйкестендiрiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң құжаттары осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiктерiнде қолданылатын болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi екi ай мерзімде:
      - Үкiмет шешiмдерiн "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендiрсiн;
      - Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен мемлекеттiк комитеттерi "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келетiн өз қалыпты құжаттарын қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн;
      - ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi

орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiнде шұғыл
шаралар қолдансын;
     - ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi 
орталықтар мен қан құю стансаларын лабораториялық жабдықтармен 
жарақтау үшiн қажеттi қаражат, оның iшiнде валюта iздестiрiлсiн;
     - ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi
Республикалық орталық салу мәселесiн қарасын. 
     
       Қазақстан Республикасы
     Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады