Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 10 шілдеде республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам" атты мақаласын түсіндіру және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 3 Өкімі

      «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 2012 жылғы 13 шілдедегі № 01-7.6 хаттамасының 4-тармағына сәйкес:
      1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 10 шілдеде республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты мақаласын түсіндіру және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шараларжоспары (бұдан әрі - Іс шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық мемлекеттік органдар басшылары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Жұмыстың жалпы үйлестірілуі мен Іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік хатшысы                          М. Құл-Мұхаммед

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік хатшысының
2012 жылғы 24 шілдедегі
№ 3 өкімімен     
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2012 жылғы 10 шілдеде Республикалық бұқаралық ақпарат
құралдарында жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам»
атты мақаласын түсіндіру және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімдері

Бақылау

1

2

3

4

5

6

I. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ

1.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласын (бұдан әрі - Мақала) түсіндіру және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі ақпараттық-насихаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізу

кеңес хаттамасы

МАМ, ІСБ

2012 жылғы 1 тамызға дейін

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

2.

Республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерімен Мақаланы ақпараттық-насихаттық сүйемелдеу мәселелері жөнінде кездесу өткізу

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2012 жылғы 15 тамызға дейін

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

3.

Астана, Алматы қалаларының және облыстардың, қалалар мен аудандардың идеологиялық активтерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде кеңестер өткізу

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2012 жылғы 15 тамызға дейін

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

4.

Мақаланың негізгі қағидаларын түсіндіруді ұйымдастырудың және жүргізудің жаңа схемасын тұжырымдап, іске асыру

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2012 жылғы 10 тамызға дейін

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

5.

Мақаланың негізгі қағидаларын облыстық және аудандық активтерде талқылау

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2012 жылғы 15 тамызға дейін

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

6.

Мақаланың негізгі қағидаларын орталық мемлекеттік органдардың алқа жиналыстарында талқылау, әрі қарай олардың аумақтық бөлімшелеріндегі кеңестерде түсіндіру

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар

2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

7.

«Нұр Отан» ХДП мен партияның парламенттік фракциясының орталықта және жергілікті жерлерде Мақаланың негізгі қағидаларын түсіндіру жөніндегі жұмысын ұйымдастыру және жүргізу

ПӘ-не ақпарат

«Нұр Отан» ХДП аппараты (келісім бойынша)

2012 жылғы 15 қыркүйекке дейін, одан әрі - тоқсан сайын (2013 жылдың IV тоқсанына дейін есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

8.

Мақалада белгіленген міндеттерді ескере отырып, БАҚ жұмысында пайдалану үшін «оқиғалар қатарын» қалыптастыру

ПӘ-не ақпарат

ПМК, МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2012 жылғы 15 тамызға дейін, одан әрі - тоқсан сайын (2013 жылдың IV тоқсанына дейін есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

9.

Премьер-Министрдің өкімімен орталық мемлекеттік органдар жетекшілерінің сөз сөйлеуі кестесінің бекітілуін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі

ПМК, МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар

2012 жылғы 15 тамызға дейін

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

10.

Орталық мемлекеттік органдар басшыларының сөз сөйлеуі кестесінің орындалуын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету

ПӘ-не және ПМК-не ақпарат

ПМК, МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар

2013 жылғы желтоқсанға  дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

11.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, қоғамдық пікір көшбасшылары мен сарапшылардың БАҚ-да сөз сөйлеуін, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-түсіндіру іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету

ПӘ-не және ПМК-не ақпарат

МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2013 жылғы желтоқсанға  дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

12.

Мемлекет басшысының жаңа бастамалары туралы шетелдік қоғамдастықты хабардар ету жөнінде белсенді жұмыс ұйымдастыру

ПӘ-не ақпарат

СІМ

2013 жылғы желтоқсанға  дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

13.

Мақаланың қағидаларын ілгерілету бойынша логотиптер әзірлеуді ұйымдастыру, көрнекі үгіттің (билбордтар, кермелер, плакаттар және т.б.) мазмұны мәселелерін пысықтау

ПӘ-не ақпарат

МАМ

2012 жылғы 1 қазанға дейін

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

14.

Жоғарғы оқу орындарының ғылыми-оқытушы ұжымдарын Мақаланың негізгі қағидаларын түсіндіруге тарту, мектептерде, кәсіптік-техникалық мекемелерде, лицей мен колледждерде және студенттер арасында түсіндіру жұмысын жүргізу

ПӘ-не ақпарат

БҒМ (жиын), МАМ, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

15.

Мемлекет басшысы мақаласының негізгі қағидаларын талдауға арналған ғылыми-практикалық конференциялар өткізу

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

16.

Қоғамдық пікір көшбасшылары мен мультипликаторлары, үкіметтік емес ұйымдар, республикалық және өңірлік ақпараттық-насихаттық топтар үшін түсіндіру және оқыту семинарларын өткізу

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

17.

Жетекші үкіметтік емес ұйымдармен және түрлі мақсатты топтардың беделді өкілдерімен Мақаланы түсіндіру және талқылау жөніндегі сұхбат алаңдарының («дөңгелек үстелдер», пікірталас клубтарының отырыстары және т.б.), жұмысын, сондай-ақ мақсатты топтардың өкілдерін жүзеге асырылатын жұмысқа тарту бойынша бірлескен іс-қимыл қабылдауды ұйымдастыру

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

18.

Қарулы күштерде, басқа да әскерлер мен әскери жасақтарда, сондай-ақ құқық қорғау органдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

МАМ-не ақпарат

ҚМ, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК, РҰ, Қаржымин, ЭСЖКА, БП

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

19.

Мақаланың қағидаларын қоғамның қабылдауы мен халықтың қолдауы деңгейінің әлеуметтанулық диагностикасын (мақсатты топтар бойынша), орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың оларды орындау нәтижелерін бағалауды ұйымдастыру

ПӘ-не және ПМК-не ақпарат

МАМ (жиын), Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

20.

Қазақстан Республикасы Президентінің Мақалада көрсетілген тапсырмаларын іске асыру бойынша өңірлерде өткізілген активтердің материалдарын жинақтап қорыту және Республика Басшылығының қатысуымен өтетін активтің республикалық жиналысына материалдар дайындау

ПӘ-не және ПМК-не ақпарат

МАМ (жиын), Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2012 жылғы 25 тамызға дейін

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

II. ӘДІСНАМАЛЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ЖҰМЫС

21.

Мақаланың негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттық жұмыс жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеу

ПӘ-не және ПМК-не ақпарат

Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2012 жылғы 25 тамызға дейін

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

22.

Мақаланы түсіндіру бойынша ақпараттық материалдарды және талдау мақалаларын дайындауды ұйымдастыру

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

23.

Мақаланың негізгі бағыттары бойынша схема және кесте түріндегі ақпараттық материалдар әзірлеу және олардың БАҚ-тар мен өңірлерге жөнелтілімін қамтамасыз ету

ПӘ-не ақпарат

ПМК, ЭДСМ (жиын), МАМ, орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2012 жылғы 15 тамызға дейін, 2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

24.

Республикалық және өңірлік мерзімдік баспасөз басылымдарда тақырыптық айдарлардың ашылуын ұйымдастыру

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2012 жылғы 1 тамызға дейін

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

25.

Сараптамалық бағалауы бар ақпараттық материалдардың (топиктердің) дайындалуын ұйымдастыру және олардың негізінде әртүрлі форматтағы материалдардың шығуын ұйымдастыру

ПӘ-не және ПМК-не ақпарат

МАМ (жиын), ҚСЗИ, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

26.

Мақаланың негізгі қағидаларын түсіндіретін тележурналдардың дайындалуы мен көрсетілімін қамтамасыз ету

ПӘ-не ақпарат

МАМ, орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

27.

Мақаланың негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша арнайы бағдарламаларды республикалық және өңірлік теле- және радиоарналарға шығаруды ұйымдастыру

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

28.

Мақаланың негізгі қағидаларын ілгерілету жөнінде тақырыптық ток-шоу ұйымдастыру

ПӘ-не ақпарат

МАМ

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

29.

Радиостанцияларда, Интернет желісі сайттарында түрлі салалардың беделді қайраткерлерімен блиц-сұхбаттардың шығарылуын қамтамасыз ету

ПӘ-не ақпарат

МАМ

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

30.

Мақаланың басты бағыттарын түсіндіретін аудио және бейне роликтерін, бағдарламааралық көріністердің дайындалуын қамтамасыз ету

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

31.

Шетелдік сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің Мақала туралы пікірлерін отандық БАҚ-тарда жариялауды, сондай-ақ шетелдік баспасөз материалдарын қайта басып шығаруды ұйымдастыру

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), СІМ

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

32.

Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, саяси партиялардың, елдің үкіметтік емес жетекші ұйымдары басшыларының және азаматтардың ой-пікірлерін жариялауды ұйымдастыру

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

33.

«Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында «Шешім қабылданды», «Өрлеу. Жаңа Қазақстан» атты арнайы үкіметтік бағдарламалардың шығуын ұйымдастыру

ПӘ-не ақпарат

ПМК, МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

34.

«Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріндегі «Үкімет» және «Үкімет үйі» атты үкіметтік қосымша беттер шеңберінде сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің түсіндірмелерімен бірге талдау материалдарын шығаруды ұйымдастыру

ПӘ-не және ПМК-не ақпарат

ПМК, МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

35.

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар шеңберінде ақпараттық-насихат жұмысын жүргізуді ұйымдастыру

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

36.

www.e-gov.kz, www.kazinform.kz интернет-порталдарында, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік БАҚ-тардың және т.б. веб-сайттарында Мемлекет басшысының Мақалада көрсетілген тапсырмаларын іске асырудың барысы туралы арнайы айдарлар ашу және олардың жұмысын ұйымдастыру

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2013 жылғы желтоқсанға дейін тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне)

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

III. БАСПА ҚЫЗМЕТІ

37.

Әрбір өңірде Мақаланың мәтіні бар брошюралар басып шығаруды ұйымдастыру және оларды халық арасында таратуды қамтамасыз ету

ПӘ-не және ПМК-не ақпарат

МАМ (жиын), Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2012 жылғы 15 тамызға дейін

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

38.

Мақаланың негізгі қағидалары бойынша өңірлерде сыртқы жарнамалардың жасалуы мен орналастырылуын қамтамасыз ету

ПӘ-не ақпарат

МАМ (жиын), Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдері

2012 жылғы 15 тамызға дейін

Б.А. Майлыбаев,
Е.Т. Орынбаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың таратылып жазылуы:
      БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      ЕХӘҚМ - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ҚМ - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ҚСЗИ - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты
      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      «Нұр Отан» ХДП - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы
      ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
      ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
      РҰ - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
      ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      ІСБ - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      ЭСЖКА - Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі (Қаржы полициясы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады