Бес институционалды реформаны, сондай-ақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша "Болашаққа 100 қадам" Медиа-жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы № 9 өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Бес институционалды реформаны, сондай-ақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша «Болашаққа 100 қадам» Медиа-жоспары (бұдан әрі - Медиа-жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық, жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ өзге де ұйымдар Медиа-жоспарда белгіленген іс-шараларды уақтылы және мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Медиа-жоспарды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру және оның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөліміне жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік хатшысы                   Г.Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік хатшысының
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 9 өкімімен    
БЕКІТІЛДІ      

Бес институционалдық реформаны, сондай-ақ қазақстандық
бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі шараларды
ақпараттық сүйемелдеу бойынша «Болашаққа 100 қадам»
МЕДИА-ЖОСПАРЫ
(іске асыру мерзімі: 2015 жылғы қараша — 2016 жылғы желтоқсан)

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімдері

1

2

3

4

5

ҰЙЫМДАСТЫРУ-ДАЙЫНДЫҚ ІС-ШАРАЛАР

1.

Бес институционалдық реформаны (бұдан әрі - Бес реформа) іске асыру барысын түсіндіру және ақпараттық сүйемелдеу мәселелер бойынша ОКҚ-мен өзара іс-қимыл үшін Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссиясының жұмыс топтарынан жауапты қызметкерлерді («ақпараттық комиссарлар») айқындау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ (жинақтау), МҚІжСҚІА, ОКҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, МСМ, ЖС

2015 жылғы 9 қарашаға дейін

2.

Бес институционалдық реформаның басты бағыттарын түсіндіру бойынша БАҚ-та пікір қалдыру және сөз сөйлеу үшін министрліктердің және олардың ведомстволық ұйымдарынан, депутаттық корпустан, отандық және халықаралық қаржы сарапшылары, экономистер, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен спикерлердің тізімін қалыптастыру

спикерлер тізімі; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ (жинақтау) ҚР Парламенті Палаталарының Аппараттары (келісім бойынша), ОМО, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері, ҚСЗИ, ҰКП (келісім бойынша), ҚХАХ

2015 жылғы 10 қарашаға дейін

3.

Бес реформаның басты бағыттарын түсіндіру бойынша 2015 жылдың соңына дейін «оқиғалар қатарын» құру

ПӘ-ге ақпарат

ОКҚ (келісім бойынша), ИДМ, ЖС, ҚХАХ, ІІМ, МСМ, СІМ, ҰЭМ, МҚІжСҚІА

2015 жылғы 16 қарашаға дейін

4.

Бес реформаны іске асыру және түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыстарды жүргізу мәселелері бойынша ҮЕҰ және республикалық БАҚ басшыларымен кездесулер өткізу

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, МСМ, ОКҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы 16 қарашаға дейін

5.

Бес реформаны ақпараттық-түсіндіру сүйемелдеудің басты бағыттары туралы орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізу

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, МСМ, ОКҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы 16 қарашаға дейін

6.

Бес реформаны іске асыру және олардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша Астана, Алматы ққ. және облыстардың, қалалардың, аудандардың активтерінің қатысуымен кеңес өткізу

ПӘ-ге ақпарат

МСМ (жинақтау), Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері, ҚХАХ

2015 жылғы 23 қарашаға дейін

7.

Бекітілген эскиздерге сәйкес (брендбукке сай) сыртқы жарнаманың жасалуы мен орнатылуын қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері

2015 жылғы 27 қарашаға дейін

8.

Бес реформаны іске асыру бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеуді қамтамасыз ету және БАҚ-қа жіберу

анықтамалық; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ - жинақтау, ОМО, ОКҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

9.

Бес реформаны ақпараттық сүйемелдеу бойынша брэндбукты әзірлеуді қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ОКҚ, (келісім бойынша) ИДМ, МСМ, ЖС, ҰЭМ, ҚМ, МҚІжСҚІА

2015 жылғы 23 қарашаға дейін

10.

Бес реформаның басты бағыттарын түсіндіру бойынша 2016 жылдың соңына дейінгі «оқиғалар қатарын» құру және тоқсан сайын жаңартуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ОКҚ, (келісім бойынша) ИДМ, ЖС, ҚХАХ, ІІМ, МСМ, СІМ, ҰЭМ, МҚІжСҚІА

2016 жылғы 20 қаңтарға дейін, бұдан әрі — тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

11.

Бес реформа тақырыбын жариялау бойынша маманданған журналистердің және блогерлердің (республикалық және өңірлік БАҚ, Интернет-ресурстар) пулын құру, олардың ақпараттық жұмысқа белсене қатысуын қамтамасыз ету

блогерлердің және журналистердің пулы; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері, ОКҚ, «Қазконтент» АҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы 10 қарашаға дейін, бұдан әрі — тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

12.

Бес реформаны іске асыру барысын түсіндіру бойынша ОКҚ-ның брифингтерінде сөз сөйлеу кестесін жасау және оның орындалуын қамтамасыз ету

сөз сөйлеу кестесі; ПӘ-ге ақпарат

ОКҚ, ұлттық компаниялар (келісім бойынша), ОМО, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері

2015 жылғы 10 қарашаға дейін, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

13.

«100 нақты қадам» сайтын контенттік толықтыруды тұрақты негізде қамтамасыз ету

сайт; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ОМО, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері, ОКҚ, ҚСЗИ, ҰКП (келісім бойынша)

тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

14.

Ұлт Жоспарын іске асырудың барысын БАҚ-тарда кеңінен жария талқылау бойынша Бас редакторлар клубының мәжілісін ұйымдастыру (айына кемінде бір рет)

ПӘ-ге ақпарат

ОКҚ, «Басты редакторлардың клубы» ҚБ (келісім бойынша), ИДМ, МСМ,

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі — тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

15.

Ұлт Жоспарын түсіндіру бойынша әлеуметтік пікір көшбасшыларының еңбек ұжымдарымен кездесулерін БАҚ-та кеңінен жария көрсете отырып өткізу

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері - кездесулер өткізу, ИДМ - БАҚ-та жариялау

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

16.

Журналистер мен блогерлер пулы, оның ішінде ҚХА журналистер клубы үшін ақпараттық жұмыстың басты бағыттарын түсіндіру бойынша семинар-тренингтерді ұйымдастыру

семинар-тренингтер; ПӘ-ге ақпарат

ОКҚ (келісім бойынша), ИДМ

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

17.

Бес реформаның басымдықтарын талқылау бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру

іс-шаралар жоспары; ПӘ-ге ақпарат

МСМ, БҒМ

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - жарты жылда бір рет (есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 5-іне)

18.

Бес реформада белгіленген басты міндеттер бойынша ОМО-ның іс- шараларын, оның ішінде алқалар, «дөңгелек үстелдер», кеңестер өткізуді, сондай-ақ оның ақпараттық жариялануын ұйымдастыру

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ОМО

тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

19.

Шетелдік өкілдіктер және елшіліктер желісі бойынша, сондай-ақ жетекші шетелдік БАҚ-тарда Ұлт Жоспарының іске асырылуы бойынша кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізуді қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

СІМ

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

20.

БАҚ-тар, оның ішінде шетелдік БАҚ-тар материалдарының мониторингін қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, СІМ, ОКҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

21.

Бес реформаның (мақсатты топтар бойынша) басымдықтарын халықтың қолдауының және әлеуметтік түсінуінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметінің нәтижелерін бағалау бойынша өткізілетін әлеуметтік сауалнамалар барысында диагностиканы ұйымдастыру

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері, ИДМ - жариялау

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - жарты жылда бір рет (есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 5-іне)

22.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын, оның ішінде БАҚ-тарда түсіндіру және насихаттау бойынша брендбук әзірлеу

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, ИДМ, ҚХАХ, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері

2015 жылғы 2 желтоқсанға дейін

23.

Мемлекеттің жоғарғы оқу орындарында Қазақстанның жетекші сарапшылары, белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің дәрістері негізінде Ұлт Жоспарын іске асыру бойынша кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді ұйымдастыру

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, МСМ

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

24.

Ұлт Жоспарын қолдауға флешмоб, жастар акциялары серияларын ұйымдастыру

ПӘ-ге ақпарат

БҒМ, МСМ, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

25.

ІІМ-нің құрылымдарында және әскери бөлімдерде Бес реформаны түсіндіру бойынша жұмысты жолға қою

ПӘ-ге ақпарат

ҚМ, ІІМ

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі — тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

26.

Бес реформаны іске асыру барысын түсіндіру бойынша 2016 жылға арналған мақсатты лоттарды мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қарастыру

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, МСМ, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері

2015 жылғы 20 желтоқсанға дейін

II. АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫС

ДӘСТҮРЛІ БАҚ-тарда (теледидар, баспасөз БАҚ)

27.

ОКҚ брифингтерін және баспасөз конференцияларын ақпараттық сүйемелдеумен қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ОКҚ (келісім бойынша), ИДМ, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері

2015 жылғы 16 қарашадан, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

28.

Бес реформаның бағыты бойынша іс- шараларды «оқиғалар қатарына» сәйкес республикалық БАҚ-тарда ақпараттық сүйемелдеумен қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ОКҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы 16 қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

29.

Бес реформаны іске асыру барысын арнайы айдарлар аясында қолданыстағы теледидардағы қазіргі ақпараттық-талдау бағдарламалардың және ток-шоулардың шеңберінде ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» Агенттігі» АҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы 16 қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

30.

Ұлт Жоспары жайлы қоғамдық пікір жетекшілері мен сарапшылары, оның ішінде шетелдік, сондай-ақ қарапайым қазақстандықтардың пікірлерінің телевизия және радиобағдарламалар жаңалықтарында, газет және Интернет- басылымдарда, сондай-ақ жедел сұхбат түрінде тұрақты жарияланып отыруын қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, СІМ, ҚЗСИ (келісім бойынша), БҒМ, ҰЭМ - материал дайындау, ИДМ - орналастыру

2015 жылғы 16 қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

31.

«Жастар ұлты», «Зияткер ұлт», «Кәсіпқойлар ұлты» арнайы айдарлары аясында «орта тап» өкілдері - бизнесмендер, жас ғалымдар, табысты адамдар туралы материалдар топтамасының БАҚ-та шығуын қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, БҒМ, ҰКП (келісім бойынша) - материал дайындау, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері - орналастыру

2015 жылғы 23 қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

32.

Қазақстан туралы бірдей мүмкіндіктер бар ел ретінде, мемлекеттік тілді білетін және табысты мансапқа қол жеткізген Қазақстан этностары өкілдері, «әлеуметтік лифтілерді» пайдаланған адамдар, жетістіктер тарихы мен «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаттары туралы материалдар топтамасының шығуын қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, КХАХ, БҒМ - материал дайындау, ИДМ, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері - орналастыру

2015 жылғы 23 қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

33.

Қазақстанда Бес реформа шеңберінде енгізілген және енгізіліп жатқан ЭЫДҰ-ның стандарттары бойынша материалдар топтамасының шығуын қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ҰЭМ, БҒМ, - материал дайындау, ИДМ - орналастыру

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі — тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

34.

Меритократия қағидасын енгізуге баса назар аудара отырып кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі шаралардың ақпараттық сүйемелденуін ұйымдастыру

ПӘ-ге ақпарат

МҚІжСҚІА - материал дайындау, ИДМ - БАҚ-та ілгерілету

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

35.

Судьялыққа үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын жетілдіруге ерекше көңіл бөле отырып, құқықтық үстемділікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың ақпараттық сүйемелденуін ұйымдастыру, инвестициялық соттарды құру және сот жүйесінің ашықтығын арттыру, құқық қорғау органдарын жаңғырту

ПӘ-ге ақпарат

ЖС, БП, ІІМ — материал дайындау ИДМ - БАҚ-та ілгерілету

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

36.

Экономиканы жаңғырту және индустрияландыру мәселелері жөніндегі іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ҰЭМ - материал дайындау ИДМ - БАҚ-та ілгерілету

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

37.

Болашағы Біртұтас Елді қалыптастыру, қазақстандық бірегейлік және біртектілікті дамыту және нығайту тақырыбы бойынша БАҚ-та материалдар топтамасының шығуын қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, ҚХАХ - материал дайындау; ИДМ - БАҚ-та ілгерілету

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

38.

Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру тақырыбы бойынша материалдар топтамасының шығуын қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ҰЭМ, МСМ - материал дайындау; ИДМ — БАҚ-та ілгерілету

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

39.

Бес реформаның іске асырылуы барысы мен мазмұны туралы аудио- және бейнероликтер, оның ішінде инфографикалар топтамасын әзірлеуді және ротациялауды қамтамасыз ету

аудио және бейнероликтер; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» Агенттігі» АҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-не)

40.

Бес реформа бойынша телеарналар үшін жарнама өнімін дайындау және ротациясын ұйымдастыру (тақырыпшалар, үзінділер, бағдарламааралық үнжазбалар және т.б.).

телеарналар үшін жарнамалық өнімдер; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» Агенттігі» АҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы 27 қарашаға, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

41.

Бес реформаны іске асыру бойынша республикалық және өңірлік мерзімді баспа басылымдарында бірыңғай логотиппен жарияланымдарды шығаруды ұйымдастыру

БАҚ материалдар; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері

2015 жылғы желтоқсаннан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

42.

Бес реформаны түсіндіру мен іске асыру барысы бойынша оқиғаларды теле- және радиоарналардың жаңалықтар блоктарында тұрақты негізде ақпараттық көрсетілуін қамтамасыз ету

БАҚ материалдар; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» Агенттігі» АҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

43.

Бес реформаны іске асыру туралы 5 деректі фильмді дайындау және трансляциялауды қамтамасыз ету

деректі фильмдер; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» Агенттігі» АҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

44.

Бес реформаны іске асыру бойынша тақырыптық бағдарламалардың шығуын қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» Агенттігі» АҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

45.

Бес реформаны іске асыру барысы және оның мазмұны туралы мемлекеттік телеарналардың ток-шоулары мен арнайы бағдарламалары шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, ғылым және өнер саласындағы зиялы қауым өкілдерінің, сарапшылардың, ҮЕҰ және этномәдени өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ОМО, КХАХ, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері, ұлттық компаниялар

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

46.

Республикалық және өңірлік баспа және электрондық БАҚ-та Бес реформаны іске асыру тақырыбы бойынша постерлерді, арнайы инфографика және телекестені, модульдерді әзірлеу және орналастыруды қамтамасыз ету

инфографика, телекесте, модульдер, постерлер; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ОМО, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері, ОКҚ (келісім бойынша) - дайындау, «Қазконтент» АҚ (келісім бойынша) - әзірлеу

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

ИНТЕРНЕТТЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ЖҰМЫС

47.

Отандық жетекші Интернет-ресурстарда қалыптасқан тізімге сәйкес спикерлердің пікірлерін, үнқосуларын жариялауды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

48.

Бес реформаны түсіндіру бойынша «bnews.kz», «baq.kz», «el.kz», «strategy2050.kz» және т.б. ақпараттық агенттіктердің таспаларында арнайы бейне- және фоторепортаждардың шығуын ұйымдастыру

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, «Казконтент» АҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

49.

Бес реформаны іске асыру бойынша орталық, жергілікті мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың ресми сайттарында брендбук аясында арнайы «100 қадам» бірыңғай логотипті айдарлар ашуды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ОМО, ұлттық компаниялар, Астана, Алматы ққ. және облыстардың әкімдіктері

2015 жылғы 27 қарашаға дейін, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

50.

Танымал Интернет-ресурстарда Бес реформаның логотипімен баннерлерді орналастыруды қамтамасыз ету

баннерлер; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, ОКҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі — тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

51.

Әлеуметтік желілерде және танымал Интернет-ресурстарда Бес реформаны түсіндіретін Интернет-форумдарды, топтар құруды ұйымдастыру

интернет-форумдар, топтар; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

52.

Бес реформаны түсіндіру бойынша Интернет-роликтерді жасауды ұйымдастыру, оларды Интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде ілгерілетуді қамтамасыз ету

интернет-роликтер; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ

2015 жылғы 23 қарашаға дейін, бұдан әрі - тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

53.

Әлеуметтік желілерге бейімделген медиаөнімдердің (мотиваторлар) дайындалуын қамтамасыз ету

мотиваторлар; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ

2015 жылғы 23 қарашаға дейін, бұдан әрі — тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

54.

Бес реформаны іске асыру бойынша хабарламалар үшін бірыңғай хэштегті қолдануды қамтамасыз ету

әлеуметтік желілерде хэштегтер; ПӘ-ге ақпарат

ИДМ

2015 жылғы қарашадан бастап, бұдан әрі — тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-іне)

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

МҚІжСҚІА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
ҚХА - Қазақстан халқы Ассамблеясы
АҚ - акционерлік қоғам
ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғары Соты
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҚСЗИ - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ДСӘДМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ҚМ - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Қаржымині— Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар
ҰКП — «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
ҚБ — қоғамдық бірлестіктер
«Қазақстан» РТРК» АҚ - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы
ПӘ - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі
ӘЭМБ - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі
ҚХАХ - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
ОКҚ - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ОМО - орталық мемлекеттік органдар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады