Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің 2024 жылғы 6 ақпандағы № 2 өкімі.

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ереженің 6-тармағына сәйкес осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 2 өкімі;

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 2 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 1 өкімі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кеңесшісі
Е.Қарин

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кеңесшісінің
2024 жылғы 6 ақпандағы
№ 2 өкімімен
  БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ҚҰРАМЫ

Қарин
Ерлан Тынымбайұлы

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға

Жали Алмас Қайратұлы

- кәсіпкер, төрағаның орынбасары

Сүлеймен
Олжас Серікбайұлы

- "Team Qazaqstan" жобасының жетекшісі, төрағаның орынбасары

Кочетов
Евгений Дмитриевич

- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы

Кеңес мүшелері:

Абдуллаев
Расул Курванжанович

- маркетолог (келісім бойынша)

Ақтаев
Жандос Берікұлы

- "Есірткісіз болашақ" қорының төрағасы (келісім бойынша)

Атабаева
Гүлзира Нұржанқызы

- "Келешек" жастар кеңесінің жетекшісі (келісім бойынша)

Әбікен
Азат Болатұлы

- продюсер (келісім бойынша)

Берікбаев
Елнар Ғалымжанұлы

- дінтанушы, мәдениеттанушы, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі сарапшы (келісім бойынша)

Ербол
Бақытжан Ерболқызы

- Өскемен қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының директоры (келісім бойынша)

Еркібаева
Жәмила Өмірзаққызы

- "Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының балалар стоматологиясы кафедрасының ассистенті (келісім бойынша)

Ерниязова
Айсұлу Әлімжанқызы

- "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Жұмабай
Мақпал Құрманжанқызы

- "Тіл қазына" ұлттық ғылыми орталығының бас директоры (келісім бойынша)

Зайкенов
Нұрсұлтан Жоламанұлы

- блогер (келісім бойынша)

Қопабаев
Әділхан Амангелдіұлы

- "Қазақстан Республикасы отын-энергетика кешенінің ахуалдық-талдау орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Құсманов
Әділ Миратұлы

- "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Масагутова
Элина Сергеевна

- "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)

Миронюк
Татьяна Александровна

- "Ұлттық волонтерлік желі" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

Мұқаев
Дәулет Төлеутайұлы

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Мырзабаев
Ғалымжан Жақыпбекұлы

- қоғам белсендісі (келісім бойынша)

Намурадин
Айсана Қанатқызы

- мектеп мұғалімі (келісім бойынша)

Наумова
Динара Рустамқызы

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Нұрмашев
Асхат Әділбекұлы

- "ASAR-UME" қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша)

Сәрсенғалиев
Нартай Аралбайұлы

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Сүгірбай
Аят Исатайұлы

- Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, "Ұлттық рух" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша)

Темірбаева
Айжан Маратқызы

- "Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасы - ректорының міндетін атқарушы, басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректоры (келісім бойынша)

Төлепов
Асылхан Сайлауұлы

- кино және театр актері (келісім бойынша)

Оңайбеков
Әнуар Ерболұлы

- білім беру саласындағы кәсіпкер (келісім бойынша)

Хайруллин
Арман Ғабидоллаұлы

- "Атамекен Эко" қоғамдық қорының жетекшісі (келісім бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады