1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне кредиттік-модульдік оқыту технологияларын кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыс жоспары бекітілсін.
2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Е.Ғ. Жүнісов), "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Н.Р. Аршабеков) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне кредиттік-модульдік оқыту технологияларын кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы |
Б. Асылова |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 717 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне
кредиттік-модульдік оқыту технологияларын кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыс
жоспары
№ | Жұмыс бағыты | Орындау мерзімі | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | ||
1. Ұйымдастыру іс-шаралары | ||||||
1. | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ТжКОББ) кредиттік-модульдік оқыту технологияларының отандық және әлемдік тәжірибесін зерделеу | 2016 жылғы желтоқсан - 2017 жылғы қаңтар | БҒМ-ге ақпарат | "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ) | ||
2. | ТжКОББ жүйесінде кредиттік-модульдік технологияларды енгізу үшін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу: - "Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы | 2017 жылғы 1-тоқсан | бұйрық | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті (бұдан әрі - ҚР БҒМ ТжКБД), "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ | ||
3. | ҚР ТжКОББ ұйымдары үшін кредиттік-модульдік технология бойынша onLine режимінде конференциялар/кеңестер ұйымдастыру | 2017-2019 жылдар тоқсан сайын | конференциялар /кеңестер қорытындылары бойынша ұсынымдар | ҚР БҒМ ТжКБД, "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары | ||
4. | Оқытудың кредиттік-модульдік технологияларын енгізу үшін ТжКОББ ұйымдарының деректер базасын қалыптастыру | 2017-2019 жылдардағы 3-тоқсан | БҒМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары | ||
5. | ТжКОББ оқу орындарының кредиттік-модульдік оқыту технологияларын кезең-кезеңімен енгізудің 2017-2019 жылдарға арналған жол картасын әзірлеу | 2017 жылғы 3-тоқсан | жол картасы | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары | ||
6. | Оқу процесіне модульдік құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген оқытудың кредиттік технологиялары мен білім беру бағдарламаларын енгізу | 2017-2019 жылдардағы 4-тоқсан | БҒМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары | ||
2. Оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету | ||||||
7. | Облыстық білім басқармаларының өтінімдеріне сәйкес модульдік құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген жаңа білім беру бағдарламаларын енгізуді ұйымдастыру және қолдау | 2017-2019 жылдардағы 4-тоқсан | БҒМ-ге ақпарат | "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ | ||
8. | ТжКОББ оқытудың кредиттік технологиясы жағдайында анықтама-нұсқаулық жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу | 2017 жылғы маусым | әдістемелік ұсынымдар | "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ | ||
9. | Оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, ТжКОББ ұйымдары үшін силлабус жасау және оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлеу | 2017 жылғы 2-тоқсан | әдістемелік ұсынымдар | "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ | ||
10. | Оқытудың кредиттік технологиясы жағдайында ТжКОББ ұйымдары үшін білім алушылардың жетістіктерін критериалдық бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлеу | 2017 жылғы шілде | әдістемелік ұсынымдар | "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ | ||
11. | ТжКОББ ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізуді талдау және мониторинг жүргізу | 2017-2019 жылдардағы желтоқсан | БҒМ-ге ақпарат | "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары | ||
3. Оқытушылар құрамының сапасын арттыру | ||||||
12. | "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясына көшудің ұйымдастыру-әдістемелік аспектілері" техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инженер-педагог қызметкерлері және басшылары үшін біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру | 2017-2019 жылдардағы 1-4 тоқсан | біліктілікті арттыру курстары | "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары | ||
13. | Астана қаласының Еуразия гуманитарлық колледжі базасында "ТжКБ оқу процесінде кредиттік-модульдік технологияларды іске асыру" тақырыбында семинар өткізу | 2017 жылғы мамыр | семинар ұсынымдары | "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары | | |
14. | ТжКБ ұйымдарында оқытудың кредиттік технологияларын енгізу және іске асыру тәжірибесін жинақтау үшін өңірлік семинарлар-практикумдар ұйымдастыру және өткізу. | 2017 жылғы 3-4 тоқсан | БҒМ-ге ақпарат | Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ облыстардың, Астана және Алматы қалалары Білім басқармалары | | |
15. | ЖОО-лармен шетелдік әріптестердің қатысуымен "Оқытудың кредиттік технологиясы - тәжірибесі және перспективалары. Проблемалары мен шешу жолдары" диалогтық алаңы | 2017 жылғы 3-тоқсан | БҒМ-ге ақпарат | Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ облыстардың, Астана және Алматы қалалары Білім басқармалары | | |
16. | "ТжКБ саласында кредиттік-модульдік жүйенің болашағы" семинар өткізу | 2017 жылғы 4-тоқсан | семинар ұсынымдары | Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ облыстардың, Астана және Алматы қалалары Білім басқармалары | | |
4. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары | | |||||
17. | Оқытудың кредиттік-модульдік жүйесі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде мақалалар жариялауды ұйымдастыру | 2017-2019 жылдардағы 4-тоқсан | ҚР БҒМ ТжКБД | "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ облыстардың, Астана және Алматы қалалары Білім басқармалары | | |
18. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында кредиттік-модульдік технологиялар мәселелеріне қатысты материалдарды орналастыру | 2017-2019 жылдар | материалдарды орналастыру | ҚР БҒМ ТжКБД "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ | | |
| | | | | | |