"Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1035 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 524-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы";

      27-тармақ алып тасталсын;

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың әкімдері";

      мынадай мазмұндағы 38-1, 38-2, 38-3, 38-4 және 38-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "38-1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры және оның орынбасарлары

      38-2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің Басшысы және оның орынбасарлары

      38-3. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшілері

      38-4. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кеңесшілері

      38-5. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары";

      Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:* - күзет іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда адамдарға қызмет көрсету - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша, ал Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларында бұған қоса Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколымен келісу бойынша жүргізіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады