Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) туралы ереженің 19-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес Есеп комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Есеп комитетінің лауазымды адамдары бұйрықпен өздеріне қатысты бөлігінде таныстырылсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Е.Б. Зағитов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға | Қ. Жаңбыршин |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2016 жылғы 8 маусымдағы № 81-н/қ бұйрығына қосымша |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының күшін жоюға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Есеп комитетінің жұмысы туралы есепті, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты дайындау және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну жөніндегі стандартты бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2013 жылғы 11 ақпандағы № 27-н/қ бұйрығы.
2. "Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті дайындау және Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыну жөніндегі стандартты бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 54-н/қ бұйрығы.
3. "Бақылау объектілерінің лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының, оның ішінде тиімділікті бақылау нәтижелері бойынша анықталған фактілері жөнінде Мемлекет басшысына ұсыным енгізу жөніндегі стандартты бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 77-н/қ бұйрығы.
4. "Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілерін талдауды жүзеге асыру және мемлекеттік қаржылық бақылау сапасын арттыру бойынша ұсынымдар беру стандартын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 79-н/қ бұйрығы.
5. "Кедендік әкімшілік етудің тиімділігін бақылау жөніндегі стандартты бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2013 жылғы 17 мамырдағы № 92-н/қ бұйрығы.
6. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бақылау іс-шараларының жоспарын қалыптастыру стандартын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 175-н/қ бұйрығы.