Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратының тізбесін бекіту туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жауапты хатшысының 2018 жылғы 26 қазандағы № 464 бұйрығы.

      Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары А.Жұмағалиевте 2018 жылғы 6 қыркүйекте өткен цифрландырудың жекелеген мәселелері бойынша кеңестің № 01-19/05-2073 хаттамасының 1.2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (одан әрі - Министрлік) ақпаратының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қызметкерлері жауапты болып айқындалған Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары ақпаратты уақтылы орналастыруды және Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылған деректерді актуалдандыруды қамтамасыз етсін.

      2-1. Ақпараттың уақтылы орналастырылуын бақылау Әкімшілік жұмыс департаментіне бекітілсін (Жабатаева А.А.).

      Ескерту2-1. Ақпараттың уақтылы орналастырылуын бақылау Әкімшілік жұмыс департаментіне бекітілсін (Жабатаева А.А.).

      Ескерту. Бұйрық 2-1 тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жауапты хатшысының 19.11.2018 № 500 бұйрығымен.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жауапты хатшы А. Құрманғалиева

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі жауапты
хатшысының
2018 жылғы 26 қазандағы
№ 464 бұйрығына
қосымша

Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратының тізбесі

      Ескерту. Тізбеге толықтыру енгізілді– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 19.11.2018 № 500 бұйрығымен.

Ақпараттың атауы Орналастырылатын орны Орналастыру нысаны
Орындау мерзімі Жауапты адам Ескертпе
1 2 3 4
5 6 7

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті

1

Жалақы берешегі бойынша өңірлер бөлінісіндегі ақпарат

Интранет-портал

Ақпарат


Апта сайын, әр жұмада

Мурзалина В.С.

Премьер-министрдің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкімінің 8-тармағы

2

Республика кәсіпорындарындағы жұмыстан босатылған және қысқартылу қаупі бар адамдар туралы өңірлер бөлінісіндегі ақпарат

Интранет-портал

Ақпарат


Апта сайын, әр жұмада

Мурзалина В.С.

Премьер-министрдің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкімінің 9-тармағы


Кадр қызметі басқармасы

3

Орталық атқарушы органдардағы бос орындар туралы деректер

Интранет-портал

Ақпарат


Ай сайын, әр айдың 10-күніне қарай

Жүнісова Б.А.

Премьер-министрдің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкімінің 14-тармағы

4

Мемлекеттік қызметкерлердің мониторингі

Интранет-портал

Есеп


Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10- күніне қарай

Неталина А.Е.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №02-3-12/1651 хаты


Қаржы департаменті

5

Республикалық бюджет қаражаты есебінен зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу, зейнетақылар мен жәрдемақыларды алушылардың саны және оларды төлеу туралы ақпарат (облыстар бөлінісінде)

Интранет-портал

Ақпарат


Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай

Қаликенова Б.С.

Премьер-министрдің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкімінің 21 “тармағы


Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті

6

Еңбек нарығындағы жағдай туралы ақпарат

Интранет-портал

Ақпарат


Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күніне қарай

Бежкенов Е.С.

Премьер-министрдің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкімінің 26-тармағы


Әкімшілік жұмыс департаменті

7

Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесі

Интранет-портал, Министрлік сайты

Кесте


Тоқсан сайын, кезекті тоқсан басталғаннан 15 күн бұрын

Чикеева С.К.

Премьер-министрдің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкімінің 37-тармағы

8

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының қорытылған деректердің қосымшасымен бірге жеке тұлғаларды қабылдау нәтижелері туралы ақпарат (азаматтардың өтініштерін талдау түрінде)

Интранет-портал

Кесте, талдамдық анықтама


Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5- күніне қарай

Чикеева С.К.

Премьер-министрдің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкімінің 38-тармағы

9

Апта күндерін бөле отырып, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары өткізген кеңестердің саны туралы статистикалық деректер

Интранет-портал

Ақпарат


Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне қарай

Шкатов Ж.И.

Премьер-министрдің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкімінің 39-тармағы

9.1

Министрлік жанынан құрылған консультативтік-кеңестік органдардың:
1) Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның;
2) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің;
3) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның өткізілген жиналыстары мен отырыстары бойынша ақпарат

Интранет-портал

Кесте


апта сайын жұма күндері сағат 17-00-ге дейін, ПМК-ның 2018 жылғы 16 қарашадағы №01-19/03-442 тапсырмасында көрсетілген басты белгілер бойынша

Шкатов Ж.Ы.
(жинақтау) 74-31-29
Мұғиынов М.Р.
74-35-11
Иманғали Ғ.А.
74-33-39
Қапан Р.А.
74-35-25

Премьер-Министрдің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 140-ө өкімінің 2-тармағының 7) тармақшасы

10

Құжат айналымының жалпы көлемі туралы статистикалық деректер (кіріс және шығыс, оның ішінде электрондық түрдегі) қоса берілген құжат айналымын азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпарат

Интранет-портал

Кесте, талдамдық анықтама


Жарты жыл сайын, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10 күніне қарай

Чикеева С.К.

Премьер-министрдің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкімінің 45-тармағы

11

Орталық мемлекеттік органдардың (Комитеттерді есепке алғанда) және жергілікті атқарушы органдардың электрондық құжат айналымға пайдалануы жөніндегі есеп

Интранет-портал

Кесте


3 айға-а.ж. 10 сәуіріне дейін;
6 айға - а.ж. 5 шілдеге дейін;
9 айға - а.ж. 5 қазанға дейін;
11 айға-а.ж. 5 желтоқсанға дейін; жыл үшін - келесі жылғы 10 қаңтарға дейін

Чикеева С.К.

Премьер-министрі Кеңсесінің 2017 жылғы 1 сәуірдегі № 01-11/И-88 тапсырмасы

12

Мемлекеттік органдардағы жалпы және электрондық құжат айналымының көлемі туралы, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі хат-хабар туралы есеп

Интранет-портал

Кесте


Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай

Чикеева С.К.

Президент Әкімшілігінің 2018 жылғы 23 маусымдағы № 18-01-43.91 тапсырмасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады