"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 45 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 494 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 45 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2018 – 2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы З.С. Сагиновқа жүктелсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.

      Министр Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 3 шілдедегі
№ 494 бұйрығына
қосымша
  "Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
№ 45 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2018 – 2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары


р/с

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімдері

Жауапты орындаушылар

1.

Көліктік бақылау бекеттеріндегі таразы жабдықтарын деректерін "нақты уақыт" режимінде Министрліктің Көлік комитетінің Ахуал орталығына беруді автоматтандыру

Қабылдау-беру актісі

2018 жылғы
4-тоқсан

КК

2.

Автомобиль көлігі туралы заңнаманы:
1) әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерін және көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің іс-қимылдарын тіркеу үшін техникалық құралдарды (бейнежетондарды) пайдалану;
2) уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының автокөлік құралдарын тоқтату негіздерінің тізбесін белгілеу бөлігінде жетілдіру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2018 жылғы
2-тоқсан

КК

3.

Инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне ірі сауда объектілерінің (дүкендер, сауда үйлері) құрылысын енгізу мәселесін пысықтау

ҰЭМ-ге
ақпарат

2018 жылғы
4-тоқсан

ИК,
ҚІТКШК

4.

Техникалық реттеу, сәулет және қала құрылысы салаларында бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде процестерді оңтайландыру және жеңілдету бойынша шаралар қабылдау

МҚІСҚА-ға
ақпарат

2018 жылғы
4-тоқсан

ҚІТКШК,
ТРМК

5.

Көлеңкелі экономика деңгейін болжамдау бөлігінде экономикалық қызмет түрлері бойынша көлеңкелі экономиканы бағалау әдістемесін жетілдіру бойынша жұмыс тобына қатысу үшін кандидатураларды ұсыну

Қаржыминіне
ұсыныстар

2018 жылғы
3-тоқсан

КЖД

6.

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит кезінде тауарларға және көлік құралдарына қатысты байланыс және бақылау жүйесін белгілеу бойынша мәселесін қарау

Бірлескен бұйрық
 

2018 жылғы
4-тоқсан

КК

7.

Министрліктің ведомстволарымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуі

Ішкі талдаудың нәтижелері туралы
анықтама

Жыл сайын

Комитеттер

8.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп отырған жұмыс және қабылданған шаралар туралы Министрліктің ведомстволарының басшыларын тыңдау

Қоғамдық кеңеске
есеп

Жыл бойы,
кестеге сәйкес

Комитеттердің
төрағалары

9.

Министрлікте, оның ведомстволарында және ведомстволық бағынысты ұйымдарында аудиторлық іс-шараларды өткізу шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шараларды қабылдау
 

Мемлекеттік аудит объектілерінде
тиісті іс-шараларын
өткізу

Жыл бойы,
тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес

ІАД

10.

Министрліктің, оның ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай стандартын сақтау бойынша мониторингті жүргізуі

Жауапты хатшының атына жиынтық ақпарат

Тоқсан сайын

Әдеп жөніндегі уәкіл,
Комитеттер

11.

Министрлікке және оның ведомстволарына келіп түскен мемлекеттік органдардың қарастырған ден қою актілері бойынша мониторинг жүргізу

Министрдің атына жиынтық ақпарат

Тоқсан сайын

КЖД,
ҚБД,
Комитеттер,
ЖҚПД

12.

Министрлікте және оның ведомстволарында, олардың аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау бойынша (семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, брифингтер, сұхбат, мақалалар және т.б.) іс-шараларды жүзеге асыру

Хаттама,
БАҚ-та жарияланым,
интернет-ресурсында ақпарат,
бейне-роликтер көрсету

Тұрақты

АҚД,
Комитеттер,
КЖД

13.

Министрліктің ведомстволарында және олардың аумақтық бөлімшелерінде 2018 - 2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарларды бекіту

Бұйрық

2018 жылғы
3-тоқсан

Комитеттер

14.

Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында және оның ведомстволарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптастыруға бағытталған мыналардың актілерін бекіту:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың

Бұйрық

2018 жылғы
3-тоқсан

АБД,
Комитеттер

15.

Министрліктің ведомстволарында, ведомстволық бағынысты ұйымдарында интернет-ресурстардағы олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі туралы арнайы бөлімдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл"
бөлімін интернет-ресурсында құру

2018 жылғы
3-тоқсан

Комитеттер,
АБД,
АҚД

16.

Министрлікте, оның ведомстволарында және олардың аумақтық бөлімшелерінде "сенім телефонының" жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың фактілері бойынша кіріс қоңыраулары туралы есеп

Тұрақты

КЖД,
Комитеттер
 

Аббревиатурлардың толық жазылуы:

      1. МҚІСҚА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;

      2. Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

      3. ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

      4. ААК – Азаматтық авиация комитеті;

      5. КК – Көлік комитеті;

      6. ТРМК – Техникалық реттеу және метрология комитеті;

      7. ГЖҚПК – Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті;

      8. ИДӨҚК – Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті;

      9. ИК – Инвестициялар комитеті;

      10. АЖД – Автомобиль жолдары комитеті;

      11. ҚІТКШК – Құрылыс істері және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы комитеті;

      12. ІАД – Ішкі аудит департаменті;

      13. ҚБД – Құжаттау және бақылау департаменті;

      14. КЖД – Кадр жұмысы департаменті;

      15. ЖҚПД – Жер қойнауын пайдалану департаменті;

      16. АБД – Активтерді басқару департаменті;

      17. АҚД – Ақпараттық қамтамасыз ету департаменті;

      18. ЗД – Заң департаменті".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады