"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 31-бабына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 20 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес, ұйымдастырушылық-штаттық және құрылымдық өзгерістерге байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының
құрылымдық бөліністері мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 484 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (Р.Қ. Құрымбаев) жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр |
полиция генерал-лейтенанты Е. Тургумбаев |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 527 бұйрығына № ___ қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 484 бұйрығына № 2 қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры – Қазақстан Республикасы министрінің баспасөз хатшысының ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) Ішкі және сыртқы коммуникациялар (бұдан әрі – Департамент) департаментінің директоры – Қазақстан Республикасы министрінің (бұдан әрі – ІІМ) баспасөз хатшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, нормативтік құқықтық актілерінің, Департамент туралы ереженің, сондай-ақ осы лауазымдық нұсқаулықтың негізінде өз қызметін және өкілеттіктерін іске асырады.
1.2. Департамент директорына тікелей Ішкі, Сыртқы коммуникациялар және Медиа-аналитика басқармалары бағынады.
1.3. Департамент директоры уақытша болмаған жағдайда оның лауазымдық міндеттері осы Департамент директорының орынбасарына жүктеледі.
2. Департамент директорының құқықтары
Өз өкілеттігін жүзеге асыру барысында:
2.1. Жүктелген міндеттерді орындау үшін ІІМ-нің құрылымдық бөліністері мен оның аумақтық органдарынан қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
2.2. Департамент қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін белгілеуге;
2.3. Департаменттің жұмыс жоспарын бекітуге;
2.4. Белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлерін тағайындау, лауазымнан босату, оларды көтермелеу және жазалау туралы ұсынымдар енгізуге;
2.5. Аумақтық ішкі істер органдары ішкі және сыртқы коммуникациялар бөліністерінің басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстар енгізуге;
2.6. Министрліктің қызметтері мен аумақтық бөліністерде тіл және ақпараттық саясатты іске асыру шеңберіндегі жұмысты бақылауға және үйлестіруге;
2.7. Департамент қызметкерлерін аттестаттау үшін белгіленген тәртіпте материалдарды жолдауға;
2.8. Департаменттің қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешуге;
2.9. Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымын жетілдіру, оны кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізуге;
2.10. Заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне еңбек демалыстарын беру, сондай-ақ оларды қызметтік іссапарларға жіберуді ұйымдастыруға;
2.11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
3. Департамент директорының міндеттері
Департамент директоры:
3.1. Департамент қызметін ұйымдастырады және оның жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына, оның өз функцияларын жүзеге асыруына, заңдылық пен құпиялылық режимінің сақталуына, жеке құрамның қызметтік тәртібінің және кәсіби даярлығының жай-күйіне дербес жауапкершілікте болады;
3.2. Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік тіл және ақпараттық саясатын реттейтін Министрлік бұйрықтарының, өкімдерінің, нұсқауларының нормалары мен ережелерінің сақталуын жүзеге асыру және бақылау, олардың талаптарын бұзуды жою туралы ұсынымдар береді;
3.3. Министрліктің қызметі туралы ақпаратты алуға және таратуға, ішкі және сыртқы коммуникацияларды қамтамасыз ету бойынша ішкі істер органдарының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жұмысқа басшылық жасайды;
3.4. Ішкі істер органдарының оң имиджін қалыптастыруды, сондай-ақ қазақстандық полиция брендін ілгерілетуді қамтамасыз етуге басшылық жасайды;
3.5. Министрліктің интернет-ресурстарындағы пайдаланушылардан келіп түскен сұрау салуларға уақтылы ақпарат беру, министрліктің интернет-ресурстарында ақпаратты жаңарту бойынша жұмысқа басшылық жасайды;
3.6. Медиакеңістікте қоғамда теріс әсер қалыптастыратын ақпаратты анықтаған жағдайда министрлік басшылығын уақтылы хабардар етеді, осындай ақпараттық себептер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдемелер жасайды;
3.7. "ІІО Медиа-орталығы" ЖШС-нің ведомстволық басылымдарды шығару бойынша қызметін үйлестіреді;
3.8. PR-өнімдерін дайындау бойынша жұмысқа басшылық жасайды;
3.9. Министрліктің ресми өкілі болып табылады;
3.10. Департаменттің және министрліктің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің бос әкімшілік мемлекеттік қызметшілер конкурстық комиссиясының тұрақты мүшесі болып табылады;
3.11. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да міндеттерді орындайды.
4. Департамент директорының жауапкершілігі
4.1. Департамент директоры өзіне қойылған міндеттерді және жүктелген өкілеттіктерді ұйымдастыруға және орындауға, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтауға, оларды уақтылы, сапалы және тиісті орындамағаны және әр түрлі заңды жауаптылық тудыратындай бұзушылық және/немесе оларды сақтамағаны үшін дербес жауапты болады.
Қазақстан Республикасы | |
Ішкі істер министрінің орынбасары | |
полиция полковнигі | А. Калайчиди |
Таныстым: _________________________________________________________
(қызметкердің Т.А.Ә., қолы, күні)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 527 бұйрығына № ___ қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 484 бұйрығына № 2 қосымша |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаменті директоры орынбасарының ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаменті (бұдан әрі – Департамент) директорының орынбасары Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, нормативтік құқықтық актілерінің, Департамент туралы ереженің, сондай-ақ осы лауазымдық нұсқаулықтың негізінде өз қызметін және өкілеттіктерін жүзеге асырады.
1.2. Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаменті директорының орынбасары Ішкі, Сыртқы коммуникациялар және Медиа-аналитика басқармаларына жетекшілік етеді.
1.3. Департамент директорының орынбасары болмаған жағдайда оның лауазымдық міндеттері осы Департаменттің басқарма басшыларының біріне жүктеледі.
2. Департамент директоры орынбасарының құқықтары
Өз өкілеттігін жүзеге асыру барысында:
2.1. Департамент қызметкерлерінің арасында лауазымдық міндеттерді бөлу және жұмыс учаскесін бекіту бойынша ұсыныстар енгізуге;
2.2. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, көтермелеу және жазалау туралы ұсыныстар енгізуге;
2.3. Жұмысты ұйымдастыруды, оқыту әдістерін жетілдіру, министрліктің және оның бөліністері қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
2.4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының сөз сөйлеулерінің, мақалаларының, сұхбаттарының жобаларын әзірлеуге қатысуға;
2.5. Аумақтық ішкі істер органдары ішкі және сыртқы коммуникациялар бөліністерінің басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсынымдар енгізуге;
2.6. Министрліктің қызметтері мен аумақтық бөліністерде тіл және ақпараттық саясатты іске асыру шеңберіндегі жұмысты бақылауға және үйлестіруге;
2.7. Департаменттің қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешуге;
2.8. Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымын жетілдіру, оны кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізуге;
2.9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
3. Департамент директоры орынбасарының міндеттері
Департамент директорының орынбасары:
3.1. Департамент қызметін ұйымдастырады және оның жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына, оның өз функцияларын жүзеге асыруына, заңдылық пен құпиялылық режимінің сақталуына, жеке құрамның қызметтік тәртібінің және кәсіби даярлығының жай-күйіне дербес жауапкершілікте болады;
3.2. Ішкі, Сыртқы коммуникациялар және Медиа-аналитика басқармаларының жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады;
3.3. Министрліктің қызметі туралы ақпаратты алуға және таратуға, ішкі істер органдарының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруға бағытталған ішкі және сыртқы коммуникацияларды ұйымдастыра отырып қамтамасыз етеді;
3.4. Ішкі істер органдарының оң беделін қалыптастыру, сондай-ақ қазақстандық полиция брендін ілгерілету бойынша жұмысты үйлестіреді;
3.5. Министрліктің интернет-ресурстарындағы пайдаланушылардан келіп түскен сұрау салуларға уақтылы ақпарат беру, министрліктің интернет-ресурстарында ақпаратты жаңарту бойынша жұмысқа басшылық жасайды;
3.6. PR-өнімдерін дайындау жұмысына қатысады;
3.7. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен министрліктің лауазымды тұлғаларының баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттарын және кездесулерін өткізуді қамтамасыз етеді;
3.8. Аумақтық ішкі және сыртқы коммуникациялар бөліністеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
3.9. Департаментте орындаушылық тәртіпті қадағалауды жүзеге асырады;
3.10. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да міндеттерді орындайды.
4. Департамент директоры орынбасарының жауапкершілігі
4.1. Департамент директорының орынбасары өзіне қойылған міндеттерді және жүктелген өкілеттіктерді ұйымдастыруға және орындауға, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді сақтауға, оларды уақтылы, сапалы және тиісті орындамағаны және әр түрлі заңды жауаптылық тудыратындай бұзушылық және/немесе оларды сақтамағаны үшін дербес жауапты болады.
Қазақстан Республикасы | |
Ішкі істер министрінің орынбасары | |
полиция полковнигі | А. Калайчиди |
Таныстым: _________________________________________________________
(қызметкердің Т.А.Ә., қолы, күні)