Токсикологиялық қызмет бойынша республикалық үйлестіру орталығын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 170 бұйрығы.

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартының 2-тармағының 9) тармақшасына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Алматы қаласы Денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының токсикология бөлімшесі токсикологиялық қызмет бойынша республикалық үйлестіру орталығы (бұдан әрі - ТҚРҮО) болып белгіленсін.

      2. ТҚРҮО Стандартқа және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының токсикологиялық қызмет бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
міндетін атқарушы
К. Надыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады