БҰЙЫРАМЫН:
1. "2021 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 44 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген облыстар арасында 2021 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлуде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | Қостанай облысы | 170 | 760 | |
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын: " | "; | |||
5. | Солтүстік Қазақстан облысы | 123 | 2 943 | |
" | "; | |||
Жиыны: | 1 426 | 6 039 | ||
деген жол мынадай редакцияда жазылсын: " | " | |||
Жиыны: | 1 246 | 6 940 |
".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті осы бұйрық күшіне енген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде:
1) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы жэне Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін.
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және "2021 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 13 ақпандағы № 39 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 19 қазандағы № 385 бұйрығы қолданысқа енгізілген күннен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министр | С.Шәпкенов |