"Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 13 ақпандағы № 39 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 19 қазандағы № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қазанда № 24880 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 13 ақпандағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22211 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мынадай:

      1) қандастарды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасының саны 1246 адам;

      2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасының саны 6940 адам болып белгіленсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметтері департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынылуын;

      4) осы бұйрықты жұмысында басшылыққа алу үшін облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.А. Сарбасовқа жүктелсін.

      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігімен
КЕЛІСІЛГЕН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады