Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімге № 1 қосымша келісім

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 1 қосымша келісім.

Нұр-Сұлтан қаласы

2021 жылғы "22" қаңтар

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы 2020 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімге (бұдан әрі – Келісім) осы қосымша келісімді жасасты:

      1. Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Келісім әлеуметтік әріптестіктің негізгі құқықтық актісі болып табылады және қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін, кепілдіктері мен жеңілдіктерін қорғауға, жұмыс берушілердің құқықтары мен мүдделерін сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Келісімнің күші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі атынан мемлекеттік органдарға, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы және Кәсіподақ атынан жұмыс берушілер мен қызметкерлерге, сондай-ақ Кәсіподаққа осы Келісімге жазбаша өтініш негізінде қосылған Кәсіподақ мүшелері емес қызметкерлерге және (немесе) олардың өкілдеріне және олардың мүдделерін білдіретін уәкілеттік ететін Кәсіподаққа қолданылады.";

      13-тармақта:

      13.6-тармақшаның бірінші, екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "13.6. "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына сәйкес белгіленген ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қаржыландырылатын денсаулық сақтау субъектілері қызметкерлерінің келесі санаттарына "Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің үлгілік жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚРДСМ-213/2020 бұйрығына және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсандағы 2015 жылғы № 1193 қаулысына (бұдан әрі – 1193 Қаулы) сәйкес белгіленген лауазымдық айлықақыларына түзету коэффициентерін қолдана отырып жалақы төлеуді қамтамасыз етсін:

      жоғары медициналық білімі бар біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (барлық мамандықтағы дәрігерлер, бөлімше меңгерушілері (А, В2 блогы) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,02; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,63; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,73;

      кәсіптік және техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық және фармацевтикалых білімі бар біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогы ) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1,63; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1,95; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,05;";

      13.11-тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13.15-тармақшамен толықтырылсын:

      "13.15. жұмыс уақытын есепке алу кезінде гигеналық душ қабылдаумен жеке қорғаныш құралдарын киюге және шешуге жұмсалған уақытты жұмыс уақытына жатқызуға.";

      14-тармақтың 14.1-тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы қосымша келісіммен қозғалмаған Келісімнің қалған шарттары өзгеріссіз қалады және Тараптар олар бойынша өз міндеттемелерін растайды.

      3. Осы қосымша келісім бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде сегіз данада жасалды.

      4. Осы қосымша келісім Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде жарамды.


      Осы қосымша келісімге қол қойғандар:


Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі

 
________ Ә. Нүсіпова
 
 

Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Төрағасы
 
___________ Б. Тәжібай
 

Ұлттық
денсаулық сақтау палатасы Басқармасының
Төрағасы
 
________ Е. Бекмұхамбетов
 
 

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министірлігімен тіркелді
2021 жылғы 28 қаңтар № 66

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады