Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 23 cәуірдегі № 6 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 7 т. қараңыз.

      Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. С. Бейсенова, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 "Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығына, "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы "Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" № 68 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуінің төмендеуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына келесі талаптарды сақтау жалғастырылсын:

      1.1. бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;

      1.2. қызметі жаңартылмаған объектілерге: бильярд, караоке, боулинг-орталықтарға, батуттар,компьютерлік клубтарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыстарына, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, оның ішінде мұзды және роликті сырғанақтарға баруға тыйым салу;

      1.3. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

      2. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары қамтамасыз етсін:

      2.1. InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастау;

      2.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіре берісте көрінетін жерге орналастыру;

      2.3. шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен таныстыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыру;

      2.4. кәсіпкерлердің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында карантин режимін бұзу фактілері мен шағымдарын орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz.сайтын пайдалану;

      2.5. InfoKazakhstan.kz сайтына шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін орналастыру;

      2.6. InfoKazakhstan.kz. сайтына кәсіпкерлік субъектісімен объектінің паспортына келушілердің ғимараттарды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу (осы қаулыда және № 67 БМСДҚ қосымшаларында анықталған шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген аумақты ескере отырып анықталады және енгізіледі.).

      3. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім беру басқармасы, Діни істер басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, "City Transportation Systems" ЖШС, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

      3.1. меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 60% -ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіру;

      3.2. сауда объектілеріне, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты күшейту;

      3.3. қалалық қоғамдық көліктің жұмысын (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.4. қалааралық, облысішілік автобус пен шағын автобус тасымалдарының жұмысын ұйымдастыру;

      3.5. діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) жұмыс күндері және демалыс күндері бір келушіге кемінде 5м2 және 30%-дан аспайтын толтырумен қамтамасыз ете отырып, бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге және оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен ұйымдастыру;

      3.6. кеңестерді, отырыстарды күндізгі режимде өткізуге, оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігінің болмауы негізделген жағдайда ғана № 68 ҚР БМСДҚ-ның қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып, рұқсат беріледі;

      3.7. ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, қатаң түрде алдын ала Egov.kz, "EgovKZBot 2.0" тelegram-ботпен брондау арқылы жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

      3.8. "Қазпочта" АҚ-ның жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

      3.9. денсаулық мектептеріне баруды 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастырумен, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып штаттық режимде ұйымдастыру;

      3.10. жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың, стоматологиялардың жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, күшейтілген санитариялық -эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.11. серіктесінде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы болған кезде серіктестік босануды жүргізуге рұқсат беру;

      3.12."Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы ҚР ДСM-98/2020 бұйрығының 10 тарауына сәйкес, ағымдағы оқу жылында меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысын жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушылары үшін, халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушылары үшін, жалпы білім беретін (9 және 11 сыныптар) және халықаралық мектептердің (10 және 12 сыныптар) бітіруші сыныптары үшін аралас оқыту режимінде (пәндердің 70%-дәстүрлі форматта, 30% - қашықтықтан) қатаң түрде ата-аналардың өтініші бойынша, әр сыныпта 15 балаға дейінгі жинақтаумен ұйымдастыру. Білім беру объектілерінде COVID-19 жағдайлары тіркелген жағдайда №1 қосымшаға сәйкес қашықтықтан оқытуға көшу немесе объектінің карантинге жабылуын қамтамасыз ету;

      3.13."Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы ҚР ДСM-98/2020 бұйрығының 10 тарауына сәйкес, ЖОО-дар мен колледждердің жұмысын бірінші курс студенттері үшін жұмыс істеуге рұқсат берілетін аралас оқыту режимінде (пәндердің 70%-дәстүрлі форматта, 30%-қашықтықтан) қамтамасыз ете отырып ұйымдастыру. ЖОО-ға/колледждерге баратын студенттер немесе қызметкерлер арасында COVID-19 ауруының бір жағдайы тіркелген кезде инкубациялық кезең аяқталғанға дейін факультеттің/бөлімшенің карантинге жабылуын қамтамасыз ету;

      3.14. білім беру объектілерінде сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастыру;

      3.15. меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 15 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс кестесін белгілеп, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Тәрбиелеу объектілерінде COVID-19 жағдайлары тіркелген кезде объектіні карантинге жабу №1 қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

      3.16. балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, білім беру орталықтарының жұмысын (15 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.17."Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы ҚР ДСM-98/2020 бұйрығының 10 тарауына сәйкес, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, тек басқа қаладан келген балалар тұратын арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың жұмысын ұйымдастыру. Осы тармақта көрсетілген объектілерге баратын балалар немесе қызметкерлер арасында COVID-19 ауруының бір жағдайы тіркелген кезде инкубациялық кезең аяқталғанға дейін осы объектілердің карантинге жабылуын қамтамасыз ету;

      3.18. балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын (15 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, уақыты мен саны бойынша шектеумен, қаржы нарығы субъектілерінің (екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттері, ипотекалық ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) қызметіне рұқсат беру;

      3.20. бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, сондай-ақ оларда орналасқан адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету объектілерінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың, азық-түлік емес тауарларды және т.б сату жөніндегі бутиктердің (бөлімдердің) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмысшылардың кемінде 60 % қашықтықтан жұмыс істеу түрінеауыстыруды қатаң түрде сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.21. халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдардың (қонақ үйлер, отелдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жобалық қуаттың 50% -нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде ұйымдастыру;

      3.22. сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі. Акциялардың, жәрмеңкелердің, шоурумдардың, ұтыс ойындарының әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салынады (онлайн форматтан басқа).

      3.23. ашық ауадағы аттракциондардың жұмысын, тыйым салынған және санкцияланбаған аттракциондарды қоспағанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.24. аниматроникстер, океанариум театрларының жұмысын қатаң түрде галереялар/музейлер типі бойынша жұмыс режимінде әр аймаққа бір уақытта 10 келушіден артық емес, бір келушіге кемінде 4 м2 есебімен, театр қойылымдарын өткізуге тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру;

      3.25. жанамалы хайуанаттар бағының жұмысы орналасқан жеріне қарамастан, бір уақытта 5 келушіден артық емес, бір келушіге кемінде 4 м2 есебімен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру;

      3.26. су аттракциондарынсыз бассейндердің жұмыс істеу бөлігіндегі жабық жағажайлар мен аквапарктардың жұмысын бір адамға 5 м2су айнасы есебінен күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс және сенбі күндері жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

      3.27. қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттардың ішінде 30-дан аспайтын отыратын орынның толуы бойынша шарттарды сақтаған жағдайда, бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отыру мен көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келушілердің тамақтану залында болуына тыйым салумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін болатын тұрғын үйлерде орналасқан объектілерді қоспағанда, авто-экспресстің және тамақты жеткізу жұмыстарын штаттық режимде ұйымдастыру. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

      3.28.жабық азық-түлік базарлардың жұмысын санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30% -нан аспайтын толымдылығын сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру. Осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салу;

      3.29. жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған жағдайда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен ұйымдастыру. Осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салу.

      3.30. азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.31. "демалыс күні" азық-түлік жәрмеңкелерінің (ашық ауада) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс кестесін тек демалыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.32. азық-түлік тауарларын сату объектілерінің(дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған жағдайда, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.33. азық-түлік емес тауарларды сату бойынша объектілердің жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған жағдайда,күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.34. тамақ өнімдерімен көше саудасының санкцияланған түрлерінің (оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофелерді, көкөніс шатырларын және т. б. сататын объектілердің) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.35. гүлдерді сату бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.36. жабық спорттық объектілердің жұмысын (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) меншік нысанына қарамастан, көрерменсіз, 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығулар өткізу үшін күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.37. Ұлттық құрамалар, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларды (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;

      3.38. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) көрермендердің қатысуынсыз өткізуді, ҚР БМСД № 67 Қаулысының 44-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып бір мезгілде 100 адамнан аспайтын етіп ұйымдастыру;

      3.39. бір уақытта 200 адамнан аспайтын, көрермендердің қатысуынсыз, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, ашық ауада спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      3.40. фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, бассейндер мен сауналарды, СПА, массаж, пилинг және т. б.іске қосылуымен спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын орналасқан жеріне қарамастан, бір келушіге жаттығу залының 4 м2 есебімен, бір келушіге 5м2 су айнасын және 50%-дан көп емес жалпы толтырылуын қамтамасыз ету кезінде қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.41. жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір жолда бір келушіден қатаң түрде бір уақытта болуын қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5м2су айнасын есептей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен ұйымдастыру;

      3.42. моншаның жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б.іске қосылуымен (бір келушіге 4 м2 есебімен, бір адамға 5 м2 су айнасын есептей отырып бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығынан 30%-дан аспайтын қатысуымен) күшейтілгенсанитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.43. саунаның жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуыменбір келушіге 4м2 есебімен,бір адамға 5м2су айнасын есептей отырып бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығынан 30%-дан аспайтын қатысуымен) күшейтілгенсанитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және сенбі күндері сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

      3.44. СПА-орталықтарының, СПА-салондардың жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) 50% -дан аспайтындай толтырылуын қамтамасыз еткен кезде, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір мезгілде 3 келушіден аспайтын массаж салонына бару, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және сенбі күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша);

      3.45. косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сұлулық салондарының, шаштараздардың, орталықтар мен салондардың жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 м2 есебінен) орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру;

      3.46. көлік жуу, авто және тұрмыстық техниканы, шиномонтаж станцияларын жөндеу қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.47. өндірістік кәсіпорындарының барлық қызмет түрлерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, үздіксіз өндірістік циклі бар, олар үшін өзіндік жұмыс режимі орнатылған объектілерді қоспағанда,жұмыс күндері сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.48. адамдардың көп жиналуын, сондай-ақ ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын, халыққа қызмет көрсету объектілерінің (баспахана, полиграфия, тігін шеберханалары мен ателье, аяқ киім шеберханалары, ұсақ-түйекті жөндеу сервисі және т.б.) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырыпұйымдастыру;

      3.49. қызмет көрсету саласы объектілерінің (химиялық тазалау, кір жуу, оргтехникасын жөндеу) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз етумен, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.50. салттық қызметтер көрсету бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс кестесін шектеместен ұйымдастыру;

      3.51. театрлардың, концерттік залдардың (жеке, топтық дайындықтарды бір мезгілде 30 адамнан аспайтындай етіп, келушілер отыратын орындар санының 30%-ынан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып) және басқа да мәдениет объектілерінің жұмысын (кітапханалардың, мұражайлардың, галереялардың) барлық киім ілетін орындарды қатыстыра отырып және гардероб қызметкерлерінің жеткілікті санын қамтамасыз етіп, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен штаттық жұмыс режимін белгілеу арқылы ұйымдастыру;

      3.52. кинотеатрлардың, кинорумдардың жұмысын отыратын орындар санының 30% -нан аспайтындай етіп толтырылуымен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахмат тәртібімен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, ҚР БМСД № 67 қаулысының 9-қосымшасына сәйкес, акциялар өткізбей, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.53. автожанармай құю кешендері/станциялары жанындағы азық-түлік емес тауарларды сату бойынша (майлар, әйнекке арналған жуғыштар және т. б.) және азық-түлік тауарларын зауыттық орамада (алкогольсіз сусындар мендайын 1 даналық бұйымдар) сату бойынша дүкендердің жұмысын бір сатып алушыға 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%- дан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

      3.54. объектілердің барлық түрлерінің жұмысын ұйымдастыруға "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысындағы қосымшалардың талаптары қатаң сақталған жағдайда жол беріледі;

      3.55. студияларда тікелей эфирдегі телебағдарламаларды жүргізумен жазу кезінде көрермендердің қатысуына тыйым салу;

      3.56. бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, батуттар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтары, оның ішінде лотереялар ұтысы, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондары, оның ішінде мұзды және роликті сырғанақтардың, спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, жұмыстарына тыйым салу;

      3.57. жабық үй-жайларда және ашық ауада (ашық ауадағы "демалыс күні" азық-түлік жәрмеңкелерін қоспағанда) жәрмеңкелердің барлық түрлерін өткізуге тыйым салу;

      3.58. орналасқан жеріне қарамастан, ас үйдің дайын тағамдарды курьерлік жеткізу жұмысын қоспағанда, фудкорт, банкет және салтанатты залдардың жұмысына тыйым салу;

      3.59. бұқаралық іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды, тыңдауларды, көрмелерді, акцияларды, шоурумдарды, ұтыстарды және т. б. (онлайн форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салу;

      3.60. спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін кетуіне тыйым салу;

      4. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:

      4.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

      4.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

      5. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.

      6. "Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы" Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 2 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      7. Осы қаулы 2021 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.

      Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері
С.С. Бейсенова

  қосымша №1

Контингент

COVID-19-ң 1-2 жағдайы

Бір-бірімен эпидемиялық байланысты (отбасылық ошақтардан басқа)COVID-19-ң 3 және одан да көп жағдайы

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына баратын балалар, тәрбиешілер мен күтушілер

Топ

Толығымен балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдардың басқа қызметкерлері

жақын байланыста болған адамдар

Толығымен балабақша

Білім беру объектілерінің оқушылары

Сынып / топ

Толығымен білім беру мекемесі

Білім беру объектілерінің оқытушылары

Оқытылатын сынып(тар)

Толығымен білім беру мекемесі

Білім беру объектілерінің өзге де қызметкерлері (әкімшілік, қосалқы персонал)

жақын байланыста болған адамдар

Толығымен білім беру мекемесі

COVID-19 тіркелген жағдайда білім беру және тәрбие объектілерін карантинге жабу (қашықтықтан оқытуға көшу) критерийлері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады