Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімге № 2 қосымша келісім

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы 2022 жылғы 4 наурыздағы № 2 қосымша келісім.

      Нұр-Сұлтан қаласы "04" наурыз 2022 жыл

            Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігі және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы 2020 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, "Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігі және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісімге (бұдан әрі - Келісім) төмендегілер туралы осы қосымша келісімді жасасты:

      1. 13.6-1-тармақпен: "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 77-VII Заңына, "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 09 желтоқсандағы № 872 қаулысына, Еңбек Кодексінің 107-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 138-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы ҚР ДСМ-213/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін бекіту туралы" бұйрығымен, денсаулық сақтау ұйымдары "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) белгіленген бұрын берілген біліктілік санаттарын беру туралы куәліктердің қолданылу мерзімінің аяқталуына қарамастан, бұрын берілген біліктілік санаттарын (жоғары, бірінші, екінші) ескере отырып, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін медицина қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын есептеуді уақытша қамтамасыз етсін" толықтырылсын.

      Біліктілік санаттарын беру туралы куәліктердің қолданылу мерзімі өткен медицина қызметкерлеріне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қаулының 2-тармағында көзделген шарттар қолданылады.

            2. 13.6-2-тармақпен: "2020 жылғы 20 желтоқсандағы ҚР ДСМ № 283/2020 "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау қағидаларын бекіту туралы" Денсаулық сақтау Министрінің бұйрығына сәйкес, медицина қызметкерлерінің кәсіби өсуін ынталандыру мақсатында денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелері бойынша біліктілік деңгейлеріне қойылатын талаптарды мынадай қол жеткізу өлшем шарттары бойынша қолдану:

      - Қаулыға сәйкес "екінші біліктілік санаты" біліктілік деңгейіне қол жеткізу бойынша төлемді есептеу үшін кемінде 5 кредит (150 сағат) көлемінде біліктілікті арттыру және кемінде 30 СБ бейресми білім беру нәтижелері, бейінді кәсіптік қауымдастықтан (бар болса) ұсыным хат, үздіксіз өтілі 5 жыл;

      - Қаулыға сәйкес "бірінші біліктілік санаты" біліктілік деңгейіне қол жеткізу бойынша төлемді есептеу үшін кемінде 5 кредит (150 сағат) көлемінде біліктілікті арттыру және кемінде 60 СБ бейресми білім беру нәтижелері, бейінді кәсіптік қауымдастықтан (бар болса) ұсыным хат, "екінші біліктілік санатына" қол жеткізгеннен кейін үздіксіз өтілі 5 жыл талап етіледі;

      - Қаулыға сәйкес "жоғары біліктілік санаты" біліктілік деңгейіне қол жеткізу бойынша төлемді есептеу үшін кемінде 5 кредит (150 сағат) көлемінде біліктілікті арттыру және кемінде 90 СБ бейресми білім беру нәтижелері, бейінді кәсіптік қауымдастықтан (бар болса) ұсыным хат, "бірінші біліктілік санатына" қол жеткізгеннен кейін үздіксіз өтілі 5 жыл талап етіледі" толықтырылсын.

      "Екінші", "бірінші" және "жоғары" біліктілік санаттарына қол жеткізу бойынша біліктілік деңгейлерін растау ерікті болып табылады.

      3. 13.6-3-тармақпен толықтырылсын: "Бейінді емес (медициналық емес) білімі бар (химиялық, биологиялық, педагогикалық, инженерлік және т.б.) денсаулық сақтау қызметкерлерін ынталандыру мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, олардың лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемелерін қолдана отырып, денсаулық сақтау субъектілерінде жалақы төлеуді қамтамасыз етсін".

      4. 13.6-4-тармақпен толықтырылсын: "2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде денсаулық сақтау субъектілеріндегі қызметкерлердің (медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда) жалақысының белгіленген лауазымдық айлықақыларының мөлшеріне түзету коэффициенттерін қолдана отырып төленуі қамтамасыз етілсін.

      Әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы өңірлік келісімге, ұжымдық шарттарға және денсаулық сақтау субъектілері қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу туралы ережелерге Келісімнің осы тармақтарының нормаларын міндетті түрде енгізу жөнінде шаралар қабылдасын.".

      5. Осы қосымша келісімде көрсетілмеген Келісімнің қалған шарттары өзгеріссіз қалады және Тараптар олар бойынша өз міндеттемелерін растайды.

      6. Осы қосымша келісім бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде сегіз данада жасалды.

      7. Осы қосымша келісім Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Осы қосымша келісімге қол қойғандар:


Қазақстан
Республикасы
денсаулық сақтау
Министрі

Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы
 

Ұлттық денсаулық сақтау палатасының басқарма төрағасы

      ________________ __________________ ________________
А. Ғиният                  Б.А. Тәжібай Е.Ж. Бекмұхамбетов


      Қазақстан Республикасы
еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрлігінде
2022 жылдың "5" наурыз
№ 86 тіркелген

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады